Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шартты рай

14 қаңтар 2014, Сейсенбі
Қазақ тілі (7 - сынып)

Сабақтың тақырыбы: Шартты рай
Сабақтың мақсаты: Етістіктің рай түрлері туралы білімдерін тереңдету, шартты рай, оның жасалуы жайында толық мағлұмат беру.
Міндеттері:
1. Білімділік. Шартты рай туралы ғылыми - теориялық түсінік, оның жасалуы мен қолданысын, өзіндік ерекшелігін ұғындыру;
2. Дамытушылық. Дүниетанымын кеңейту, көру, есту қабілеті арқылы есте сақтауын дамыту, сөздік қорын арттыру;
3. Тәрбиелік. Жаттығулардың тәрбиелік мәніне зер салғызу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, проблемалық ізденіс, СТО әдісі, сатылай комплексті талдау, модульдік оқыту технологиясы әдісі
Көрнекілігі: слайд, кесте, дидактикалық материалдар
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
170 - жаттығу
Бұйрық райлы етістіктер - болма, бол, бағала, арала, сағала.
3. Өткен тақырыпты пысықтау.
«Бақытты сәт» ойыны. Берілген сұрақтарға толық әрі жылдам жауап беру арқылы зерек оқушыны анықтау, марапаттау.
1. Етістіктің райы нешеге бөлінеді?
2. Ашық рай деген не?
3. Бұйрық рай нені білдіреді?
4. Бұйрық райдың өзіне тән ерекшелігі қандай?
5. Бұйрық райға мысал келтіріңдер.
6. Рай сөзінің мағынасы не?
4. Сабақтың мақсатын қою.
Күн ретін, жаңа сабақ тақырыбын хабарлау.
5. Жаңа сабақ.
Проблемалық жағдаят. Тақтамен жұмыс.

Мағынаны тану.
Асан бүгін кітабын оқыса, ертең кітапханаға тапсырады. Самал Гүлнұрға барса, ол әлі үйіне келмепті. Ертерек айтсамшы, бұлай болмас еді. Білгеніңді айтсаңшы, бәрін қазбалап қайтеді.
Топтық жұмыс.
1 - топқа тапсырма:
Оқушылар, берілген сөйлемдерде іс - әрекеттің несі баяндалады?
• Бірінші сөйлемде іс - әрекеттің орындалуының шарты;
• Екінші сөйлемде іс-әрекеттің мезгілдік мағынасы көрсетіледі.
• Үшінші сөйлемде сөйлеушінің өткен іске деген өкініші баяндалады.
• Төртінші сөйлемде сөйлеушінің тілегі байқалады.

2 - топқа тапсырма:
Маңызды белгілерін ажырату.
Осы сөйлемдердегі ортақ белгі қайсы?
- Ол сөйлемдердегі белгілі бір етістіктердің – са, - се жұрнағы арқылы жасалуы.

3 - топқа тапсырма:
Ой қорыту. Шартты райға анықтама беріңдер.
Демек, етістіктің шартты райы қимылдың, іс - әрекеттің болу - болмау, іске асу - аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді.

Ұжымдық жұмыс.
Шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына – са, - се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, көрсе, оқыса.
1. Шартты рай етістіктің жедел өткен шақ тұлғасы сияқты жіктеледі.
Кестемен жұмыс.
Жақ --------- Жекеше ------------------- Көпше
І -------------- Айт - са - м ---------------- Айт - са - қ
ІІ ------------- Айт - са - ң ---------------- Айт - са - ңдар
--------------- Айт - са - ңыз ------------- Айт - са - ңыздар
ІІІ ------------ Айт - са --------------------- Айт - са

2. Шартты рай тұлғасындағы етістік бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарып, мезгілдік мағынаны және да, де, та, те шылауымен тіркесіп келіп, қарсылық мәнді білдіреді.
3. Шартты райлы етістік І, ІІ жақ жалғауында тұрып, оған – шы, - ші жұрнағы жалғанса, ол кейде өкіну, налу мағынасын білдіреді.

Оқулықпен жұмыс.
172 - жаттығу жазбаша орындалады.
Шығармашылық жұмыс.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.
Алтау ала... ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел.. төбедегі келеді.
Ел болам.. бесігіңді түзе.
Қазаншының еркі бар қайдан құлақ...
Еңбек... ерінбей.
Тояды қарның тіленбей.
Ойнап... де, ойлап сөйле
Әзіл.. әділ айт.
Ұлық... кішік бол.
Тапсырма. 1 - мақалдағы сөздерге сатылай комплексті талдау жаса.
Жұптық жұмыс.
«Адам болам десеңіз...», «Егер мен миллионер болсам...» тақырыптарында шағын диалог құру тапсырылады.

6. Білімді бекіту.
Венн диаграммасы арқылы шартты рай мен бұйрық райды салыстыру, қоыртындылау.
7. Бағалау.
8. Үй тапсырмасы.
173 - жаттығу, ережені қайталау.
Рефлексия кезеңі.
Оқушылар, сіздерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз сезімдеріңді смайликтермен көрсетіңіздер.

Қызылорда қаласы,
№138 Абай атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пірімова Әсем Әбдірахманқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
42 242
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары: шартты және шартсыз көшу операторы, қайталау операторы жайлы түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Етістіктің райларын қайталау
Етістіктің райларын қайталау
Етістіктің райларын қайталауға арналған
Third conditional. (Шартты сөйлем ІІІ)
Third conditional. (Шартты сөйлем ІІІ)
Шартты сөйлем ІІІ - тің «If + past perfect + would(not) have +past participle» формасы арқылы жасалатынын біліп, сөйлемдермен топтық талқылауларда қолдану
Шартты рай
Шартты рай
ОҚО, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылы, Б. Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Аралбаева Назым Өмірзаққызы
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Паскаль программалау тіліндегі шартты оператор
Паскаль программалау тіліндегі шартты оператор
Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Қарауыл гимназиясының информатика пәні мұғалімі Кунафина Меруерт Нуржановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×