Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шартты рай

17 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ тілі 7 - сынып
Тақырыбы: Шартты рай
Мақсаты: Оқушылардың білімді меңгеруіне мүмкіндік беру және өздігінен білім алуға бағыттау.
Оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер: жеке, жұптық әдіс, топтық әдіс,«Мен... білдім, сен ше?», БББ, «Тосын сый», «Шығу парағы»әдістері
Модульдердің кіріктірілуі: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау, оқытуды басқару мен көшбасшылық, СТО.
Оқып үйренудің нәтижесі: сыныпта ынтымақтастық атмосферасы артады, топпен жұмыс жасауға, білімдерін пысықтауға, талдауға, жинақтауға, көшбасшылыққа, өзара және өзін - өзі бағалауға дағдыланады.
Кезеңдері:
І. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу.
2. Топқа бөлу.
3.«Мен жасаған жақсы іс» әдісі (оқушылар өздері жасаған жақсы іс туралы айтады)
4. Сендерге кімнің жақсы ісі ұнады?
5. Оқушылар кімнің ісі ұнағанын айтады

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1.«Білемін!»
«Мен... білемін, сен ше?» әдісі
1 - топ үй тапсырмасы бойынша не білетінін айтады.
Қалған топтар тыңдап, не білетінін жазып отырады.

ІІІ Жаңа сабақ
І. Жаңа сабақта білуге тиіс өлшемдері.
Білуге тиіс 5 нәрсе.
1. Шартты рай неге олай аталатынын.
2. Қандай жұрнақтар арқылы жасалатынын.
3. Шартты рай тұлғасы тиянақты бола алатын, бола алмайтынын.
4. Қандай сөзбен тіркесетінін.
5. Жіктелу үлгісін
Оқушылар өлшемдер бойынша жаңа сабақты өз бетінше оқиды. Оны жұп болып талқылайды. 2 - топ жаңа сабақты топ болып баяндайды. Қалған топтар мұқият тыңдап, не білгенін жазып отырады.

ІІ. Жаттығу жұмысы.
187 - жаттығу. Шартты райлы етістікті теріп жазыңдар, жіктік жалғауын бөліп көрсетіңдер.
188 - жаттығу. Шартты райлы етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын анықтаңдар.
ІV Сабақты бекіту.
Тапсырма. "Тосын сый" Қорапшада сыйлыққа арналған конфет бар.
Тапсырма берілген.
Оқушылар парақшаға жазылған мақалды ыммен, қимылмен көрсетеді. Оны тапқан топ сыйлыққа ие болады.
1. «Не ексең, соны орасың.»
2. «Қорқақты көп қусаң, батыр болады.»
3. «Көп түкірсе, көл болар».

V. Сабақты қорыту
Шығу парағы(Сабақтан алған әсерім)
Сабақ саған ұнады ма?
Несімен ұнады?
Сен үшін қандай тәсіл тиімді болды?
Сабақтан алған әсерін жазады. Оның ішінде1 сөйлем шартты рай болуы керек.

VІ. Үйге тапсырма:
189 - 190 жаттығу.
VІІ Бағалау
Мұғалім оқушыларды бағалайды.
Оқушылар топты бағалайды.
4 157
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғабиден Мұстафин. Дауылдан кейін романы
Ғабиден Мұстафин. Дауылдан кейін романы
Ғабиден Мұстафин. Дауылдан кейін романы Мақсаты: Тақырып жайлы оқушылар түсіне отырып топпен романның кейіпкерлерімен танысады, сипаттау арқылы білімдерін жетілдіреді.
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу мен азайту ұғымын біледі, түснеді және есеп шығаруда пайдалана отырып топпен жұмыс істеуге дағдыланады
Адам – мәдениетті жасаушы
Адам – мәдениетті жасаушы
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы.
Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы.
Оқушыларды масса және оның өлшем бірліктерімен таныстыру, өлшем бірліктері туралы білімін кеңейту. өлшем бірліктерін өмірде пайдалану; - Оқушылар шағын топтар құрамында тиімді түрде жұмыс ұйымдастырады, шығармашылық атмосферасын қалыптастыруға ат
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету; Болашақты жасайтын – қазіргі жастар екенін ұқтыру;
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Өз тәжірибемде қандай да бір жаңашылдық көрсетуде мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту»,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×