Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Туған әдебиет жанашыры

20 қаңтар 2014, Дүйсенбі
Мақсаты: Оқушыларға М. Ж. Көпейұлының өмірі, шығармашылығынан мәлімет бере отырып жан - жақты қырларын ашу. Оқушылар бойында ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру. Ақынға, еліне, тіліне деген патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: Суреті, баспа материалдары, сызбалар, кезегіне орай интерактивті тақтадан өлеңдерінен үзінділер, достық, ақыл - ой, саналылық, ақылдылық туралы ғибрат сөздері шығып отырады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгінгі тәрбие сағатымызда халықтың маржан тілін қадірлеген М. Ж. Көпеев жинаған мұра мен орасан зор құнды дүниелерден мағлұмат аламыз. М. Ж. Көпеевтің туған жері Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Найзатас деген жер. 3 жасында «Тауық жұты» деген жұт болып, бар малынан айырылып, бір ат, бір сиырмен ғана қалған әкесі Көпей: «Дүние жолдас емес, ғылым, білім жолдас» деген шешімге келіп, баласын оқыту үшін Баянауылға көшіп келеді. Сол кездегі аға сұлтан М. Шорманов Баянауылға медресе салғызып, сабақ беру үшін Омбыдан Қамар хазіретті көшіріп әкеледі. Қамар зейінді Жүсіпке көп көңіл бөледі. 9 жасқа аяқ басқанда оның алғырлығына сүйсінген Мұса Көпейге «Сопы, мұнан былай мына баланың бас киіміне үкі тақтырып қойыңыз. Көз - тілге шет болмасын! Өз заманында халыққа Мәшһүр болатын бала екен!»- деген. одан бастап атына «Мәшһүр» деген ат қосылыпты. «Мәшһүр» арабтың «белгілі», «әйгілі» деген сөзі.

Ендігі жерде сөз кезегін оқушылар алады.
1 - оқушы: М. Жүсіп бір анадан 3 - ағайынды болған екен.(сызба)
Қарындасы Әмина ерте дүние салған. Әкесі Көпей 75 - жасында көз жұмыпты. Ал ақынның зайыбы Рафик 3 ұл 2 қыз тәрбиелеген (сызба). Зайыбы 1916 жылы Баянауылдың Ақкелін болысында дүние салды. Үлкен ұлы Шарапи әке қазасынан кейін бес жылдан соң қайтыс болса, Әмен1924 жылы 33 жасында ата - анасы қалың малға бермекші болған 13 жасар қызды қорғау жолында тап жауларының қолынан қаза болады. Әкесі сол кезде ұлын жоқтап өлең жазған еді.

Онда:
«Қан түсті алпыс үште аяғыма
Оқ тиді түзде жүрген саяғыма»,- дейді.
Ал Фазыл - әкесі өмір сүрген өңірде ұзақ жыл мұғалім болып қызмет істейді де, 1970 жылы зейнетке шыққан соң дүние салады.

2 - оқушы: М. Ж. Көпеев 1870 жылы Хамаретдин хазіреттің медресесінде, одан соң Бұхарадағы Мірараб медресесінде оқиды. 1875 жылдан бастап оқытушы бола жүріп, шығармашылық жұмыспен айналысады.
1887 - 1890 ж. Ж. Самарқан, Ташкент, Түркістан, Бұхараны аралайды. Араб, парсы тілдерін үйренеді. Түрколог - ғалым В. Радловпен танысады.
Ол «Ер Сайын», «Ер Көкше»,»Көрұғұлы», «Шора батыр» «Ер Тарғын» жырларын Балта мен Шөже, Шөже мен Қалдыбай, Жанақ пен Түбек, Жанақ пен Сақау, Күдері мен Ұлбике, Шортанбай мен Орынбайт. б. айтыстарын Бұхар, Шортанбай, Шөже, Орынбай сынды ақындардың әдеби мұрасын хатқа түсіріп қалдырды. Оның кейбірі ҚР Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасының қолжазбалар қорында сақтаулы.
(2 - оқушы «Ғибратнама» өлеңін жатқа оқиды)

3 - оқушы: Халқымыздың ауыз әдебиеті нұсқаларын өзінің «Мес» атты жинағы арқылы кейінгі ұрпаққа жеткізген. Көпеев өзінің идеялық мазмұны терең, тағылымы мол шығармалары арқылы тек қазақ әдебиетінің ғана емес қазақ әдеби тілінің қалыптасып дамуына да зор үлес қосқан қалам қайраткері. Егер Абай жаңа сападағы ұлттық әдеби тілдің көш бастаушысы болса, М. Көпеев - сол көштің қостаушысы, оны әрі қарай жалғастырушысы.

4 - оқушы: Абай тәрізді М. Көпеев те сөз зергері. Олардың шеберлік үндестігін айқындай түсу үшін, екі ақынның «соқыр» сөзін пайдалану үлгілеріне көңіл бөлеміз.
Абай:
Кітапты молда теріс оқыр
Дағарадай боп сәлдесі
Малқұмар көңіл - бек соқыр
Бүркіттен кем бе жем жесі.

М. Көпеевте:
Соқырлар қайдан білсін көз қадірін,
Танитын жан қайда сөз қадірін?!
Танысын қарға, бұлбұл қайсысы оңды,
Жамандар білмей жүрген сөз қадірін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
25 591
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәшһүр Жүсіп Көпеев өлеңдері
Мәшһүр Жүсіп Көпеев өлеңдері
Павлодар облысы, Ақсу ауданы, Сарышығанақ орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сарсенова Асель Алпысқызы
Мәшһүр Жүсіп Көпеев "Гүлшат-Шеризат" дастаны
Мәшһүр Жүсіп Көпеев "Гүлшат-Шеризат" дастаны
Қызылорда қаласы, №138 Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пірімова Әсем Әбдірахманқызы
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Ш. Уәлханов атындағы орта мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Үсенұлы Қанатбек
Халқымыз қандай тәлімгер
Халқымыз қандай тәлімгер
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Бахтыгереева А.К.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
ШҚО, Аягөз ауданы, Мәдениет ауылы, Рахмадиев о/м қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жұманова Жанат Ескінқызы
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 23 октябрь күні қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×