Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жер - ана

08 қазан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
4 сыныпқа арналған өзін - өзі тану пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Сабақтың тақырыбы: Жер - ана
Сабақтың мақсаты: «Жер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу
Міндеті:
- жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- жерге қамқорлық жасау қарым - қатынастарын дамыту;
- жерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Сілтеме: Оқулық, өзін - өзі тану әдістемесі, слайд, постер, кеспе парақшалар, суретті парақшалар, шарлар, күн суреті, смайликтер.

Оқытудың нәтижелері:
1. Жер - ана жөнінде түсінік қалыптасады.
2. Топпен пікірлесіп, тапсырмаларды орындайды.
3. Өз ойын еркін жеткізе алады.
Қамтылған модульдер:
1 - модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс), 2 - модуль сыни тұрғыдан ойлауды үйрету (ассоциация, миға шабуыл, ЖИГСО1, 2); 3 - модуль – бағалау, 4 - модуль – АКТ пайдалану, 6 - модуль - Жас ерекшелік, 7 - модуль – көшбасшылық ( топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)

Қадамдар:
1. Шаттық шеңбері
2. Интерактивті тақтамен жұмыс
3. Топпен жұмыс
4. Жеке жұмыс
5. Рефлексия
6. Бағалау

Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті:
1. Ұйымдастыру
2. Оқушының зейінін сабаққа аудару
3. Топқа бөлу
4. Тапсырма беру
5.
Оқушының іс - әрекеті:
Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып тұрып, мұғаліммен бірге өлең жолдарын айтады:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Арайлап атқан күнге.

- Бүгін сендермен Жасыл мемлекеттегі бір Патшалық туралы әңгімелескім келеді. Бұл патшалық әдемілікті, сұлулық пен көркемдікті, тыныштық пен тазалықты жақсы көреді. Ал осы патшалықта кімдер тіршілік ететінін білу үшін мен сендерге үнтаспадан түрлі дыбыстар естіртемін, сендер ол дыбыстар ненің дыбысы екенін айтып, құпия патшалықтың тіршілік иелерін табасыңдар.
1 - тапсырма. Модуль АКТ
Мұғалім үнтаспадан құстың, адамның, жан - жануарлардың, ағаш жапырақтарының сыбдырын естіртеді. Оқушылар сол дауыстар бойынша иелерін атап шығады.
Балалардың жауаптары тыңдалып, сабақтың тақырыбын шығарады.
Балалар барлығы қосылып С. Қалиевтің өлеңін оқиды.
Бұлбұл қалай сайрамас,
Жайнап тұрса жер – аспан.
Ел - жұрт қалай жайнамас
Ынтымағы жарасқан.

2 - тапсырма. Модуль СТО әдісі: ЖИГСО 1, 2
Мәтінмен жұмыс. Мәтінді екі бөлікке бөліп, ЖИГСО әдісі арқылы оқытады. Әр топтың көшбасшысы басқа топтарға оқығандарын түсіндіреді.
3 - тапсырма. Модуль. Диалогтық оқыту ( топтық жұмыс). Топқа «құстар», «аңдар» болып бөлінеді. Екі шардың ішінде қағазға жазылған сұраққа жауап береді.
«Құстар» тобы
1. Бала көктем иісін қалай сезінді?
«Аңдар» тобы
2. «Көктемнің иісі» деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?

3 - тапсырма. Модуль СТО, әдісі: миға шабуыл
Дәйексөз «Баптағанға – жер жомарт» деген халық даналығының мәнін оқушылар түсіндіреді:
- Жерді күтіп, баптап, таза ұстау керек. Өйткені Жер - ана жомарт та дархан көңілімен адамға барын бергісі келеді. Тіпті қазба байлықтар да жерден алынады. Түрлі жеміс - жидектер де, әсем гүлдер де, тіпті дәнді дақылдар да ұдайы суарып, күтіп баптағаннан кейін көбейе түседі.

4 - тапсырма. Модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, (2 топ жеке орындайды)
Балалар, қазір мен тақтаға дөңгелек жасыл қағаз ілемін. Бұл біздің жеріміз. Ал сендер жердің көркейіп, сұлуланып, тіршілікке енуі үшін жұмыла жұмыс жасаңдар. Алдарыңда жатқан қағаздардан жерде тіршілік ететін жерге көрік беретін тіршілік иелерінің суретін салып, коллаж дайындаңдар.
(Балалар әрқайсысы жеке - жеке түрлі түсті қағаздан гүлді, ағашты, суды, тауды, жан - жануарларды жасап, іледі.)

5 - тапсырма. Модуль Диалог (топпен жұмыс) Ассоциация
Айтылған ойларды бекіту үшін тапсырма орындалады. Тапсырма бойынша оқушылар суретті пайдаланып, төмендегі тақырыптар бойынша өз ойларын білдіреді. Тапсырма топқа бөлініп орындалады.
Балалар екі топқа бөлінеді. Бір топ – «Жердің қасиетін» жазып, топтастыру жасайды, екінші топ – «Жерге қамқорлық» туралы жазып топтастыру жасайды. Тапсырмаларын плакатқа маркермен орындайды, тақтаға іліп, жария етеді.

1. «Жердің қасиеті»
---------------------------------
2. «Жерге қамқорлық»
----------------------------------

6 - тапсырма. Модуль СТО. Әдісі: ой қозғау
Дәптермен жұмыс
Сабақтан түйген ойларын пысықтай түсу үшін тапсырмалар беріледі.
Тапсырма: Дәптерде берілген аяқталмаған ойды оқушылар өз ойларымен жалғастырып жазуы тиіс.
Жер – бәріміздің анамыз. Онсыз тіршілік жоқ. Өйткені,...
Жер – бәріміздің асыраушымыз. Өйткені,...

Қорытындылау
- Не білдіңдер? Не түсіндіңдер?
- Жер - біздің асыраушымыз. Біздің тағамымыз да, киетін киіміміз де, тіпті, оқу оқып, білім алып отырған кітаптарымыздың жасалуына да осы Жер - ананың көмегі зор. Ал осы жердегі тіршілік етуші құстарға да, жан - жануарларға да, өсімдіктерге де қамқоршы тек қана адамдар екенін ұмытпаңдар. Олай болса, Жер - анамызды күтіп, баптай білейік.

Жүректен жүрекке
Мұғалім оқушыларға жер - анаға тілектерін жазуды ұсынады:
- Жайнаған Жер - ана қойнауында құстар мен жан - жануарлардың, адамдардың тыныш та жақсы өмір сүруі мен өсімдіктердің өркен жаюы бақыт емес пе? Қазір мен сендерге «күннің сәулелерін» таратып беремін. Сендер сол сәулелерге Жер - анаға деген тілектеріңді жазып, тақтадағы «күннің» айналасына іліңдер.
Оқушыларға «сәулелер» таратылып беріледі, әр оқушы өзінің Жер - анаға тілегін жазып, тақтаға іледі. Мұғалім де балаларға өз тілегін айтады:
- Міне, балалар, мен сендерге барлық уақытта осындай жақсы тілегі мол жарқыраған күн астында, құлпырған жер үстінде ер жетіп, бақытты өмір сүрулеріңді тілеймін.

Рефлексия. Смайликтер арқылы кері байланыс орнатылады.
Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан, белсенділік танытқан оқушыларды шарлар арқылы мадақтау.
16 023
0
  • 80
2 дауыс


Жаңалықтар
Шохан Уәлиханов «Жоңғария очерктері»
Шохан Уәлиханов «Жоңғария очерктері»
Еңбектің мән - мазмұнын білу, Шоқанның әмбебап ғалым екендігін тану
Жақсылықтан жақсылыққа
Жақсылықтан жақсылыққа
- жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; - жақсылық жасау іскерліктерін дамыту; - имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Ақселеу Сейдімбек «Бетпақдала»
Ақселеу Сейдімбек «Бетпақдала»
Шығарманың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу, мазмұнын меңгерту. Олардың білім деңгейлеріне қарай тапсырмалар бере отырып, оларды шығармашылық ізденіске баулу.
Оксидтердің жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері
Оксидтердің жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері
Оқушыларға оксидтер ұғымы туралы мағлұмат бере отырып, оларды атауларымен ажырата білуге, реакция теңдеулерін теңестіре білуге баулу
Біздің Отанымыз - Қазақстан
Біздің Отанымыз - Қазақстан
Қарақұдық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Түлікбайқызы Жанаргүл
Қола дәуірінің қоныстары
Қола дәуірінің қоныстары
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нурсолтанова Ақмарал Алыбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×