Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шоқан Уалиханов

05 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уалиханов
Сабақтың мақсаты: Шоқанның өмірі мен шығармашылығы, Шоқан – қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы, әдебиет зерттеушісі. Шоқан – қазақ, қырғыз ауыз әдебиетін жинап зерттеуші екенін білуі.
Күтілетін нәтиже: Шоқанның өмірі мен шығармашылығы, Шоқан – қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы, әдебиет зерттеушісі. Шоқан – қазақ, қырғыз ауыз әдебиетін жинап зерттеуші екенін біледі.
Қолданылатын модульдер: 1. АКТ. 2. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 3. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 4. Оқытуды басқару және көшбасшылық. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. 7. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Стратегиялық іс әрекет:.«Мозайка». «Ойлан, Бірік, Бөліс». «Топтастыру Галерея, ой түю.«Сұрақ - жауап» Эссе
Ресурстар: 1. С. Т.Елікбаев, Т. Кәкішев Қазақ әдебиеті. 10 - сынып. Арман - ПВ 2006ж. 2. XIX ғасырдағы Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы
I. Ынтымақтастық атмосферасын құру кезеңі: 2 - минут.
Мұғалімнің іс - әрекеті:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.
Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.«Мозайка»әдісімен топтарға бөлемін.
Оқушының іс - әрекеті:
Орындарынан тұрып сәлемдеседі жылы қабақты сезеді. Қиылған қағаз қиықтарынан өлеңнің атын құрастыру арқылы топтарға бөлінеді.
Үй тапсырмасын пысықтау.
Оқушылар қайталайды, еске түсіреді, айтады.

II. Білу кезеңі: 5 - минут
Жаңа сабақ
«Ойлан, Бірік, Бөліс»әдісі арқылы мәлiметтердi топтастырып, басқа таныс жүйеге ауыстырады және түрлендiреді.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Туған кездегі есімі: Мұхаммед Қанафия
Қызметі: шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы
Туған күні: 1835 жыл
Туған жері: Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасы
Ұлты: қазақ
Қайтыс болған күні: 10 сәуір 1865
Қайтыс болған жері: Көшентоған, Жетісу
Әкесі: Шыңғыс Уәлиханов
Анасы: Зейнеп Шорманова
Жұбайы: Айсары Уәлиханова
Балалары: жоқ

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 — 1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.
Жұмыстың түрі: графикалық талдау, топтастыру. Оқушылар оқыған мәліметтерді және идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 550
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шохан Уәлиханов «Жоңғария очерктері»
Шохан Уәлиханов «Жоңғария очерктері»
Еңбектің мән - мазмұнын білу, Шоқанның әмбебап ғалым екендігін тану
Шоқан Уәлиханов – ұлы ғалым
Шоқан Уәлиханов – ұлы ғалым
Шоқан өмірі - үлгі, өнеге екенін оқушыларға түсіндіру арқылы, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, диалогтық әдісті, ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалануды жетілдіру.
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету; Болашақты жасайтын – қазіргі жастар екенін ұқтыру;
Шоқан Уәлиханов “Жоңғар очерктері”
Шоқан Уәлиханов “Жоңғар очерктері”
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «№132 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Достаева Гулшат Игликовна
Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Пәні: Қазақстан тарихы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ мәдениетінің көрінісі, орыс демократиялық мәдениетінің әсері, орыс – қазақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×