Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем

06 сәуір 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы,
Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Серикова Б. Д.

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты: Сөйлем, сөйлем туралы түсінік қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: Түрлі тапсырмалар орындай отырып, сөйлем туралы білімдерін арттыру.
ә) Дамытушылық: Алынған нақыл сөздер мен мақал - мәтелдерді негізге ала отырып, пікірталас, ойтолғау, шығармашылық жұмыстар атқаруға жағдай туғызу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, көрнекілік пайдалану, іздену.
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту.
Оқыту формалары: Жеке, топтық, жұптық, ұжымдық.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа бағыттау, психологиялық дайындық.
Суреттер бойынша 3 топқа бөлінеді.( нүкте, леп белгісі, сұрау белгісі)

II. Өткен материалды еске түсіру. Мақсаты: Жаңа білімді бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, өтілген материалды жеңіл, ұғынықты меңгерту.
Жаңа сабаққа негіз болатын тапсырмалармен жұмыс: а) Қарын, тойғызар, қанағат сөздерін қатыстырып қанатты сөздер, мақал - мәтелдер құрастыру. М: Қанағат - қарын тойғызар.
Осы сөйлемге айтылым әрекеті бойынша ой - толғау жасау.

III. Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты: Дербес тұрғыда әрекеттер іске асады. Оқулықпен жұмыс.
164 - жаттығу. Сөздерді салыстырып оқиды.
Шекара, шекарашы, ел, қорғайды, күзет, олар, тұрады.

Шекарашылар күзетте тұрады. Олар
еліміздің шекарасын қорғайды.
Ереже шығару: Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң не нүкте(.), не сұрау белгісі(?), не леп белгісі(!) қойылады.
Топтық тапсырма: Көңіл күйді бейнелеген суреттерді тарату.
Қазақ тілі – ғажап тіл. (Н. Назарбаев)
Осы сөйлемге айтылым тыңдалым әрекеті бойынша ой толғау және синтаксистік талдау жасау.

I. Синтаксистік талдау: Тілдесім әрекеті бойынша диалог (үйретуші – үйренуші) құру.
1. 1 Сөйлемде екі тыныс белгісі бар. Олар нүкте және сызықша.
а) Нүктенің қойылу себебі ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап тұр.
ә) Сызықшаның қойылу себебі – бастауыш пен баяндауыш есім сөздерден болғандықтан бастауыштан кейін сызықша қойылып тұр.
Дәптермен жұмыс. Ш ш әрпі мен дыбысын көркемдеп жазу.
Шекарашы сөзін сөз құрамына талдау.
Шекарашы
1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: шекара+ шы
2. Тұлғасына қарай:
а) шекара – негізгі түбір. Себебі, сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі.
ә) шекарашы – туынды түбір. Себебі, синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен негізгі түбірге сөз тудырушы (- шы) жұрнағының жалғануы арқылы жасалған туынды түбір.
3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден тұр.
4. Шекарашы – кім? деген сұраққа жауап береді.
Ендеше, бұл - зат есім. Зат есім дегеніміз – кім? не? кімдер? нелер? т. б. сұрақтарга жауап беріп, заттың – нәрсенің, құбылыстың, деректі, дерексіз ұғымдардың атауын білдіретін сөз табы.
5. Мағынасына қарай:
а) Жалпы есім. Себебі, біркелкі деректі ұғымның жалпылай аталуы
ә) Жанды. Себебі, тіршілік иесі.
б) Деректі. Себебі, көзбен көріп, қолмен ұстап тануға боларлық деректі ұғым атауы.
в) Нақты. Себебі, деректі болған нәрсе нақты болады.
165 - жаттығу. Тақтада орындалады.
Жақшадағы сөздерді мазмұнына қарай өзгертіп жазады.

Сергіту сәті. Слайд көрсету арқылы қимылдарды жасайды.
166 - жаттығу. Жеке орындау. Берілген сөздерден сөйлем құрап жазады.

Топтық тапсырма:
1 - топ. Бірінші сөйлемге синтаксистік талдау жасайды.
2 - топ. Екінші сөйлемге синтаксистік талдау жасайды.
3 - топ. Үшінші сөйлемге синтакситік талдау жасайды.
Жазылым, айтылым, тыңдалым іс – әрекеттері жүзеге асырылады. Топтарлар бірін - бірі бағалайды.
167 - жаттығу. Ауызша орындалады. Сөйлемдерді соңына қойылған тыныс белгісіне сай ырғақпен оқу. Сөйлемдердің айтылу мақсаты әр түрлі екенін дәлелдейді.

IV. Сабақты бекіту.
Мақсаты: Оқушылар өтілген материал жайлы ойтолғайды, пікірлеседі, талқылайды. Осы әрекеттер арқылы ізденеді, зерттейді және шығармашылықпен өзіне қажетті білімді құрастырады.
Шығармашылық тапсырма. Жеке жұмыс.
1. Экрандағы суреттерді қатыстырып сөйлем құрау.
2. Сөйлемге синтаксистік талдау жасау(айтылым, тыңдалым әрекеттері арқылы).
Рефлексия:
1. Сабақ сізге ұнады ма?
2. Не үйрендіңіз?
3. Не қиын болды?... неге?
4. Берген бағаңыз?...
Бағалау.
Үйге тапсырма: 168 - жаттығу. Әңгіме құрау.
1. Кез келген сөзге сөз сазындық талдау;
2. Кез келген сөзге сөз құрамына талдау;
3. Кез келген сөйлемге синтаксистік талдау жасау;
5 195
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлем
Сөйлем
Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы. Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем туралы білімдерін толықтыру, тиянақтау. Өз бетінше жұмыс жасауға баулу, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салаластың жасалу жолы туралы жаңа білім беру, кезектес салаластың құрамына енген жай сөйлемдердегі іс - әрекеттің кезектесіп келетіндігін, тек жалғаулық шылаулар арқылы байланысатындығын меңгерту; ә) дамытушылық: оқушылардың білім - білік,
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту;
Сан есім
Сан есім
Атырау облысы, Исатай ауданы, Новобогат орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Құспанова Ш. Ж.
Су жануарлары. Жануарлар әлемі
Су жануарлары. Жануарлар әлемі
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Серикова Б.Д.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×