Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қасым Аманжолов «Өзім туралы»

04 желтоқсан 2015, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ әдебиеті пәнінен 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары
1 Сабақтың тақырыбы: Қ. Аманжолов «Өзім туралы»
2 Жалпы мақсаттар: Қасым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, поэзиясының ерекшелігін таныту, өлеңнің мән - мағынасын ашу, идеясын таныту.
Дүниетанымын кеңейту, өзіндік зерттеу арқылы ой қорытуға дағдыландыру
Пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Өлең құдіретін таныту.
3 Оқытудың нәтижесі: - Қасым Аманжолов туралы жалпы мәлімет біледі жалпылама мәлімет біледі;
- «Өзім туралы» өлеңінің тақырыбын, идеясын, кейіпкерін, толғаныс пен тебіренісін таниды;
- Оқушылардың шығармашылық ойы дамиды.
4 Негізгі дерек көздері: АКТ, постер, маркер мен стикерлер, оқулық, жұлдызшалар
Кіріспе
Мұғалімнің іс - әрекеті
Амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Тренинг оқушылар бір - біріне тілектер айтады

Үй тапсырмасын сұрау
(Білу кезеңі бойынша) - Үйге берілген тапсырма бойынша алған білімдерін тексеру. (үй тапсырмасын орындамаған оқушыға көмек бағдар беріледі)
Иса Байзақов
“Құралай сұлу” поэмасы
Сандықтан сұрақтар алып жауап беру
ІІ топқа да ортақ сұрақ
1. “Құралай сұлу” поэмасындағы оқиға қай ханның тұсында болды?
2. “Құралай сұлу” поэмасындағы кейіпкерлерді ата?
3. “Құралай сұлу кімнің қызы, ол неге қазақ жеріне қашпақ болды?
4. Ол кездегі қалмақ ханы кім болды?
5. Келден батыр кім? Ол неге арманы орындалмағанына өкінді?
6. Құралай неден қаза болды?

Топқа бөлу
Бұл кезеңде балалар топқа бөлінеді. Екі топқа бірінші топ «Ақсақ Темір» тобы, екінші топ «Хафиз» тобы.

Жаңа сабаққа дайындық
Оқушылардың жаңа сабақ туралы ойларын дамыту үшін, интерактивті тақтаның көмегіне сүйене отырып Қасым Аманжоловтың фото суретін көрсету
- балалар мына фотодан кімді көріп тұрмыз, бұл бейне бізге таныс па? Балалар бейнедегі тұлғаның аты - жөні, кәсібі, шығармалары жөнінде түсінік айту. Өзім туралы өлеңін мәнерлеп оқып үнтаспадан тыңдау

Түсіну кезеңі
Мұғалім: Балалар бүгінгі сабағымыз Қасым Аманжоловтың өмірі және «Өзім туралы» өлеңін өтеміз.
Қасым Рақымжанұлы Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында Қызыларай деген жерде дүниеге келген. Жасынан жоқшылықты, жетімдікті көріп өседі. Семей мал дәрігерлік техникумын бітірген. 1931 жылы Ленинградқа барып Орман шаруашылығы институтына түседі. Бірақ денсаулығына байланысты оқи алмайды. 1931 - 41 ж «Лениншіл жас», Орал обл. «Екпінді құрылыс» редакцияларында Орал облыстық театрында жұмыс істеген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946 жылға дейін әскер қатарында болды. Әскерден оралған соң, біраз жылдар «Әдебиет және өнер» журналының бөлім бастығы қызметтерін атқарды. Тұңғыш өлеңі Оралдың «Екпінді құрылыс» газетінде басылды. Тұңғыш жинағы «Өмір сыры» 1938 жылы жарық көрді. Осыдан былай қарай ақын қаламынан халық өмірі, өзі өмір кешкен заманы түйдек - түйдек жыр жолдарына өріліп отырады. Ақын 1947 жылдан бастап сырқатқа шалдығады. Соның өзінде сол жылы он шақты өлең жазып, «Біздің дастан» «Маскарад» драмасын, А. Твардовскийдің «Васелий Теркин» поэмасын қазақ тілінде сөйлетті. 1948 жылы «Дауыл» атты жинағы жарық көреді. 1945 жылы әйгілі «Өзім туралы» толғауын аяқтайды.
Қасым Аманжолов ұзаққа созылған науқастан 1955 жылғы қаңтардың 17 - де қайтыс болады.

Шығармалары
І топ: Өлеңдер жинағы, поэмаларын жазады
ІІ топ: Аудармалары мен саз әндерін жазады

Сергіту сәті
Оқушыларға интерактивті тақтадан видео ролик қойып беремін, оқушылар сол көрініспен жаттығу жасап шығады.

Өзім туралы өлеңін үнтаспадан тыңдау
Әдебиет теориясы
Лирика дегеніміз не? Лирика дегеніміз - ақынның ішкі жан - дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз басының көңіл – күйі, күйініш - сүйініші
Лириканың түрлеріне тоқталу:
1. Философиялық лирика
2. Саяси лирика
3. Махаббат лирикасы
4. Табиғат лирикасы
І топ:
Лириканың түрі:
Өлеңнің тақырыбы:
Өлеңнің идеясы:
ІІ топ:
Бұл өлеңде кейіпкер кім?
Қандай ақын?
Қандай жан?
Кімдерге сенеді?
Өлеңде ақын не туралы айтады?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 132
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым Аманжолов Көктем
Қасым Аманжолов Көктем
Өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп және нақышына келтіріп оқиды.
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Рақымжанұлы Аманжолов 1911 жылы сайын дала Сарыарқада туып өскен. Ол қазақ ауыз әдебиетінен жетімдік көрмеген адам. Ертегі, аңыздарды құлағына құя білген. Бала кезінде айтыстарды, от басындағы өлеңді ауызекі айтып отыратын - ды.
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Дауыл» өлеңі жайлы түсінік беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Қасым Аманжолов «Дүниеге жар»
Қасым Аманжолов «Дүниеге жар»
Қасым Аманжоловтың поэзиясының ерекшелігін, «Дүниеге жар» өлеңінің идеясын таныту, мән - мағынасын ашу. Дамытушылық: Дүниетанымын кеңейту, өзіндік зерттеу арқылы ой қорытуға дағдыландыру.
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пшанова Аманкул Абубакировна
Қасым Аманжолов "Өзім туралы" өлеңі
Қасым Аманжолов "Өзім туралы" өлеңі
Қызылорда қаласы, №138 Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Койшыбаева Айгерим Нурлановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×