Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ахмет Байтұрсынұлы «Аққу, Шортан һәм Шаян» (Крыловтан)

18 қаңтар 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
«Балқаш қаласының №15 мектеп - лицейі» КММ
Бстауыш сынып мұғалімі Мырзанбек Б. Қ.

Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Аққу, Шортан һәм Шаян» (Крыловтан)
Мақсаты:
Оқушыларды мысал жанрымен таныстыра отырып, мысалды басқа шығарма түрлерінен ажырата білу, мысалдың негізгі идеясын анықтай білу
Күтілетін нәтиже: Мысал жанрымен танысады, мысалдың ерекшелігін біледі, негізгі ойды анықтай алады, өз пікірімен бөліседі
Табыс критерийлері: Мысалдың тәрбиелік мәнін ашады;
Мысалды басқа шығарма түрлерінен ажырата біледі;
Мысалға сәйкес мақал - мәтел таңдай біледі;
Мысал кейіпкерлерінің іс - әрекетін бүгінгі өмірмен байланыстыра алады.
Оқулық: Әдебиеттік оқу. С. Рахметова, Т. Әбдікәрім, Р. Базарбекова2015 Атамұра

Сабақтың барысы
Ынтымақтастық орта құру
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық»
«Ынтымақ» «Бірлік» «Татулық» «Достық»
Көшбасшыны анықтау
Бағалау формасын түсіндіру
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» ұранымен сабағымызды бастаймыз

Үй тапсырмасын бойынша жұмыс «Конверт - сұрақ»
Конвертке жазылған сұрақтарды жұп болып талқылап, жауап береді
1. Қарбыз бен қауын қандай шешімге келді?
2. Қауынды кім тауып алды?
3. Қарт қауынның дәнін не істеді?
4. Қарбыздың жағдайы не болды?
5. Бұл ертегіден нені түсіндің?
6. Ертегі қалай басталады?
7. Дән – қауынның жүрегі. Ол өлмесе мәңгі жасайды дегенді түсіндіріп бер.
8. «Қарбыз жападан – жалғыз қалады. Не істерін білмейді. Бұрын түн ішінде бір ауық дәнмен сыр шертіссе, енді ол да жоқ. Көңіл күйі болмаған соң, бұта түбінде жатады да қояды. Күндіз де, түнде де бір орнынан қозғалмайды.» Қарбыздың жағдайын оқығанда қандай сезімде болдың?
«Ыстық орындық»
Ертегі мазмұны бойынша сұрақ - жауап
«Алтын ереже»

Мағынаны тану Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Ай астында ақ мамық
Жатыр суды жастанып. (Аққу )
Қомағайлық жасайды,
Шабақтарды асайды.(Шортан )
Бір мақұлық мойны жуан, тірегі ұзын,
Тікпесе өзі етік сақтар бізін.
Тағыда іске ыңғайлы қайшысы бар.
Іс тігіп көрген де емес еш қызығып. (Шаян ).
Сабақ тақырыбын оқып көріңдер
«Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалын Ахмет Байтұрсынұлы орыстың белгілі мысалшы Иван Крыловтан аударған
Топтық жұмыс
Берілген ақпарат ішінен қысқаша мағлұмат алып көріңдер
Ахмет Байтұрсынұлы
Иван Крылов
Мысал
Мысалда адам бойындағы кемшіліктерді сынап, жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарма. Мұндай шығармада жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады.
Әдеби ертегі мен ертегіні «Венн» диаграммасына салу

Сергіту сәті

Мысал туралы «Бейнебаян» көру
Мысалды оқу
Сөздердің мағынасын ашу, пікірлесу
- Мысал қандай жанр түрінде жазылған? (Өлең түрінде)
- Алғашқы шумағын оқиық
- Крылов мысалда қандай оқиғаны тілге тиек етеді? Тауып оқы
(Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн
Неге олардың әрекетінен түк шықпады, олар тырысып көрді ғой?
Таныс емес сөздер бар ма, мысалда?
Автор бұл үшеуін неге мысалына кейіпкер ретінде алды деп ойлайсың, кездейсоқ па?
(олар суда мекен етеді)
- Әр кейіпкер әрекетін мысалдан тауып оқы
Олардың іс - әрекетін бейнелейтін сөздерге мән бер
Аққу – «көкке тартады» (жылдам, талапты, бірбеткей)
Шаян – «кейін тартады» (қыңыр, тек өз жолын көреді)
Шортан – «суға жұлқиды» (өз ісін жасайды, алған бетінен қайтпайды)
- Осы кейіпкерлерге қандай баға берер едің? (Олар өз жұмысын саналы түрде жасап жатыр)
ІІ шумағын оқу
- Олардың тырысып жатқанын қандай сөздермен бейнелейді? («Тартса да бар күштерін аямай - ақ»)
- қалай ойлайсыңдар, жүк неге орнынан қозғалмады? Мүмкін ол өте ауыр болған шығар? (Жоқ, әр кейіпкер өзінше әрекет жасағысы келеді)
ІІІ шумағын оқу
- Мысалдан жүкті алып кету үшін қандай әрекет жасау керек еді дейді? (Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс)
- Оларды жолдас деуге болады ма? (жоқ)
- Дос болуға бола ма оларға? (Иә)
- Ең басты нені олар жасамады? (Өзара келіспеді)
- Біріксе, келіссе не істер еді, жүкті қалай қарай қозғай алар еді?
- Кейіпкерлерге деген көзқарасың қандай? (оларды аяймын, тату емес, не істеу керек екенін білмейді)
Автор бұл кейіпкерлер арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр? Өмірдегі қандай іс - әрекетпен байланыстыруға болады?
-(адамдар ортақ істе тіл табыса алмаса, олардың ісінен еш нәрсе өнбейді)
Автордың түйінді, яғни негізгі ойын табу.
ІV шумағын оқу
Мысал бізді неге шақырады?
Мысалдың тәрбиелік мәні – балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру.
Қорытынды: Мысалда негізгі ой шығарманың басында немесе аяғында беріледі. Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады. Ол түйінді ой арқылы ашылып, айқындалады
Топтық жұмыс
1-топ: Адам бойындағы жағымды мінездер
2-топ: Адам бойындағы жағымсыз мінездер
3-топ: «Бірлік», «ынтымақ» тақырыбында мақалдар жазу мағынасын ашу
4-топ: Сынып арасындағы жағымды қасиеттер?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 480
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
А. Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан Һәм Шаян
А. Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан Һәм Шаян
Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыру. Мысал жанры туралы түсінік қалыптастыру.
Ахмет Байтұрсынұлы «Аққу, Шортан һәм Шаян»
Ахмет Байтұрсынұлы «Аққу, Шортан һәм Шаян»
Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәуітова Гүлзада
Аққу, Шортан һәм Шаян
Аққу, Шортан һәм Шаян
Бастауыш сынып мұғалімі: Оңалбаева Меруерт Қожантайқызы
Мысалдар. Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы
Мысалдар. Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 лицей - мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы
Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы
Атырау қаласы, Геолог селосы, Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Булекбаева Гүлшара Молдабайқызы
"Аққу, Шортан Һәм Шаян" Ахмет Байтұрсынов
"Аққу, Шортан Һәм Шаян" Ахмет Байтұрсынов
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Қажығалиева Клара Жанұзаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×