Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


А. Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан Һәм Шаян

15 қараша 2018, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қысқа мерзімді жоспар.
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Асыл арналар
Сабақ тақырыбы: А. Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан Һәм Шаян
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыру. Мысал жанры туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақтың басы 3 мин.
І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Өнер де, ой да, білім де,
Өркендер ана тілінде.
Ананың тілін сүйгендер,
Саналы білім үйренер.
Оқушылар хормен:
Алу үшін сапалы білім,
Ардақтаймыз ана тілін!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ - жауап.
– Ертегі дегеніміз не?
– Ертегінің неше түрі бар?
– Қандай ертегілер білесіңдер?

Сабақтың ортасы 35 минут
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабаққа өту үшін "Галерея" әдісін қолдану.
1 - тапсырма: Топтық жұмыс. Оқушылар қабырғаға ілінген қосымша мәліметтерді алу үшін, галереяға саяхат жасайды. (5 мин)
Жинақтаған мәліметтерін топта талдап, өз ойларын баяндайды. (10 мин)
1 - топ: Аққу туралы мәлімет жинайды;
2 - топ: Шортан туралы мәлімет жинайды;
3 - топ: Шаян туралы мәлімет жинайды:
Жаңа сабақты ашу үшін сұрақтар:
– Ахмет Байтұрсынов кім?
– Крылов кім?
– Мысал дегеніміз не?
Балалар, бүгінгі сабағымызда біз аққу, шортан, шаян жайлы мағлұмат алдық.
Енді, олар жайлы шығарма жазған орыс ақыны И. А. Крыловтың шығармасын қазақшаға аударған А. Байтұрсынұлының «Аққу, шортан, һәм шаян» атты мысалы мен танысамыз. А. Байтұрсынұлы орыс халқының атақты мысалшысы И. А. Крыловтың мысалдарын аударған. Сол аударған мысалдарын «Қырық мысал» деген атпен кітап етіп шығарады. Соның бірі - бүгінгі «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалы.
Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды. Мұндай шығармада өсімдіктер, жануарлар және құстар кейіпкер етіп алынады.
Негізгі бөлім:
Тыңдалым.
2 - тапсырма: Мысалды ашу үшін топтарға тапсырмалар беріледі.
1 - топ: – Мысалдағы кейіпкерлер не істемекші болды?
– Олардың жүктері неге қозғалмады?
– Мысалда адамдардың қандай әрекеті сыналады?
– Мысалдағы негізгі ой не?
«Бірлік, ынтымақ» туралы білетін мақалдарды сұрақтарға жауап беру барысында қолданады. Мысалы:
1. Бірлік болмай, тірлік болмас.
2. Ынтымақ болмас – іс оңбас.
3. Ырыс алды - ынтымақ.
4. Алтау ала болса, ауыздағы кетер,
Төртеу түгел болса, төбедегі келер.

2 - топ: Мысалды сахналық қойылым етіп дайындау.
Автор: « Бір күні Аққу, Шортан, Шаян үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк тиелген үлкен арба тауып алып, қатты қуанады.
Аққу айтады: – Достар келіңдер, мына арбаны әуеге тартып шығарайық, – дейді.
Шортан айтады:
- Мұны көлге апарайық, – дейді.
Шаян айтады:
- Жоқ, одан да мұны құмға апарайық.
Автор:
- Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды».
3 - топ: Мысалға арнап сурет салады. Салған суреттерін талдап, түсіндіреді.

3. Сөздік жұмыс: Оқушылар «Түртіп алу»жүйесі бойынша жана сөздерді түртіп отырады.
Дүркін - дүркін - қайта - қайта,
Ғибрат - өнеге, үлгі.
машақат - әурешілік,
һәм – және, үлгі. (оқушылардан сұрап, бір - біріне түсіндіру, толық мағлұмат беру)
Дәптермен жұмыс: Сөздерді жазу.

Мектеп: №74 ЖОМ
Мұғалімнің аты - жөні: Е. Абдурасулов
А. Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан Һәм Шаян жүктеу
3 467
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ахмет Байтұрсынов, Аққу, шортан һәм шаян
Ахмет Байтұрсынов, Аққу, шортан һәм шаян
Өлеңдегі негізі ойды оқушының өзіне таптырып, ойларын өз сөзімен жеткізе білуге үйрету. Оқушыларды бірлік, ынтымақтастық секілді жақсы әдеттерді үйреніп, осы мысал мазмұны арқылы жаманнан жирендіруге тәрбиелеу.
Ахмет Байтұрсынов "Аққу, шортан һәм шаян"
Ахмет Байтұрсынов "Аққу, шортан һәм шаян"
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құланды ауылы, Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Диханова Райхан Ахытқызы
Ахмет Байтұрсынұлы «Аққу, Шортан һәм Шаян»
Ахмет Байтұрсынұлы «Аққу, Шортан һәм Шаян»
Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәуітова Гүлзада
Аққу, Шортан һәм Шаян
Аққу, Шортан һәм Шаян
Бастауыш сынып мұғалімі: Оңалбаева Меруерт Қожантайқызы
Мысалдар. Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы
Мысалдар. Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 лицей - мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы
Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы
Атырау қаласы, Геолог селосы, Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Булекбаева Гүлшара Молдабайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×