Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есім

10 наурыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сауле Хайдарова

Қысқа мерзімді жұмыс жоспар
Сабақ тақырыбы: Сын есім (412 - 416 - жаттығулар)
Жалпы мақсаты: 1. Оқушыларға сын есім туралы түсінік бер.
2. Белгілі бір нақты заттың әр алуан қасиеттерін сипаттап айтуға баулу.
3. Сауаттылыққа тәрбиелеу.
Түйінді идеялар: Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлай білуге, өз ойын ашық айтуға баулу. Бір - біріне жолдастық көмек көрсету, қолдау көрсету, марапаттау, ойларын ашық айтуға, бір - бірін әділ бағалауға үйрету.

I. Ұйымдастыру. 2 мин
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) Психологиялық дайындық
Күннен, жерден нәр алған
Біз - өмірдің гүліміз.
Сәрсенбінің сәтінде
Сәтті болсын күніміз.
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
(Гүл шоқтары арқылы 4 топқа бөлу)

1 топ. Бәйшешек тобы.
2 топ. Қызғалдақ тобы.
3 топ. Раушан тобы
4 топ. Қалампыр.

II. Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин
410 - жаттығу.
III. Жаңа тақырып. 15 мин
1. Сөздік диктант: Дәмді, аласа, терең, ойлы, қызыл, қауіпті, жылы, суық, жақсы, жаман, қоңыр, таза, әдемі.
412 - жаттығу. Мәтінді оқып, сын есімдерді тап.
Мүйізтұмсық
Мүйізтұмсық – ірі жануар. Оның мүйізі жіңішке талшықтардан құралған. Алайда мүйізтұмсықтың мүйізі өте қауіпті. Күндіз мүйізтұмсық аяқтарын айқастыра сұлап жатады да, айбарлы дыбыс шығарады. Ал түнде жайылымға шығады.
Сын есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

Оқулықпен жұмыс.

413 - жаттығу.
Бір зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып жазады.
Көше → (кең, ұзын, таза)
көл → (әдемі, терең, таяз)

Сергіту сәті. "Көңілді күн" 2минут

Топтық жұмыс. 414 - жаттығу.
Суреттегі заттарды сипаттап айт 5 минут

415 - жаттығу. 5минут
Ребусты шешіп, шешуіне байланысты сөйлем құрастырады. Түзу
«Адасқан сөздер» дидактикалық ойыны
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз, сын
есімдерді тап, астын ирек сызықпен сыз.
1. Өсіп тұр, гүлдер, аулада, қызыл.
2. Балды, аю, ұнатады, қоңыр.
3. Озып келді, ат, жирен, бәйгеден.
4. Қалаларда, метро, болады, үлкен.
3. Бағалау. 4 мин «Мен қандаймын?» ойыны
Шарты: Әр оқушы өз есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын сын есімді өз есімінің алдына қойып айтып шығады.
V. Бекіту. Бүгін қандай тақырып өттік? Нені үйрендік, нені білдік, нені білгіміз келеді? 2 мин

VI. Қорытындылау.
Сын есім туралы не білеміз?
- Сын есім заттың түрін - түсін, сапасын білдіреді.
- Сын есімдерге қандай, қай деген сұрақтар қойылады.
- Сын есім сөйлемде зат есіммен байланысады.
(Стикерлермен 2 мин)

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
11 655
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін тереңдету. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;
Сын есім туралы түсінік. Дара және күрделі сын есімдер
Сын есім туралы түсінік. Дара және күрделі сын есімдер
Дара және күрделі сын есімдер туралы түсінеді Оларды бір - бірінен дұрыс ажырата білуге дағдыланады
Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу гимназиясы" Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Есбосынова Жансая Махамбетқызы
Сын есім және оның түрлері
Сын есім және оның түрлері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Калиева Нурлыхан Жұбатқанқызы
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×