Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Орыс тілі пәнінен рефлексивті есеп

08 ақпан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қ. Жұбанов айтпақшы: «Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады». Сондықтан түрлі әдіс - тәсілдерді саралай отырып, тиімдісін өзіндік ой еңбегімен ұштастыра отырып, сабақ жоспарын жасауды ұйғардым. 8 «ә» сыныбында жоспар бойынша «Однородные члены предложения» тақырыбына сабағымды өткіздім. Мақсатым: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы білімдерін толықтыра білу, жаңа тақырыпқа сай мысалдарды оқушылардың өзіне айтқыза білу ақпаратты өз бетінше меңгеруге үйрену, топта бірлесе жұмыс жасай білу, сыни ойлауға үйрену, мәселенің шешімін таба білу, зерттеушілік әңгімеге қатысып, өз пікірін көркем жеткізе білу, АКТ қолдану арқылы ақпаратты таңдай білу, бағалауды үйрену.

Осыдан күтілетін нәтиже: топта сыныптастастарымен пікірлесіп, ортақ шешімге келуге дағдыланады; өз ойларын еркін жеткізуді үйренеді; сындарлы сөйлей білуге ынталанады; ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылады; өз жұмысын сыныптастастарының жазғанымен салыстырып, өзін - өзі реттеуге үйренеді.

«Сәлем – сөз басы» демекші сабақты амандасудан бастадым. Сынып «тұрлаулы мүше», «тұрлаусыз мүше» атаулары арқылы 2 топқа бөлінді және топта жұмыс жасау ережелерін естеріне түсірді. Балаларға «бүгінгі ауа райы қандай»деп сауал қойдым. Гүлжайна «бүгін күзгі күн», Ғалымжан «Бүгін күн ашық», Саягүл «бүгін шуақты күн», деп жауаптарын айтты. Бүгінгідей шуақты күнде бізге де қонаққа бір емес үш күн қонаққа келіпті деп, тақтадан үш түрлі бейнедегі күннің суретін көрсетіп, әркім өзіне ұнаған бейнені таңдауды ұсындым. І топтан Нұрқанат өзіне бірінші күнді таңдап, « ол шуақты мол шашып тұр» деп өз таңдауындағы себебін айтты, ІІ топтан Ғалымжан «үшінші күн бейнесі өте көңілді, мен де бүгін сондай көңілдімін» деген өз ойын айтты. Оқушыларға осындай жақсы көңіл – күйлері сабақтың соңына дейін сақталып қана қоймай, одан әрі жақсаруына тілек білдірдім. Осылай сыныпта психологиялық ахуал қалыптастырдым.
Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда ғана сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп оны жақсарта және кеңейте алады.(нұсқаулық 41бет)

Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақ қоюдың да маңызы бар екенін ескере отырып, оқушылардың теориялық білімін тексеру мақсатында төмен деңгейдегі сұрақтар қойдым: Сөйлемнің негізі неден тұрады? «Бастауыш дегеніміз не? Баяндауыш қалай сызылады? Қандай сұрақтарға жауап береді? Тұрлаулы мүшелерді білеміз бе? Абылай: «Сөйлем негізі бастауыш пен баяндауыштан тұрады», Гүлжайна «Бастауыш - сөйлемнің тұрлаулы мүшесі, кім? не? деген сұрақтарға жауап береді» деп төмен деңгейдегі сұрақтар болғандықтан балалар оңай жауап берді. Балалармен сұрақ – жауап кезінде кері байланыс орнатылды. Оқушыларға бүгінгі күннің ауа райына байланысты сөйлем құрауды ұсындым. Оқушылар өз сөйлемдерінде бірыңғай сөйлем мүшелерін тауып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтауға ұмтылды. Жаңа сабаққа ауысуда оқушыларға жай сөйлем құратып, осы жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрау арқылы бірыңғай мүшелерді таба білді.

Осы кезде сабақтың тақырыбы анықталды. Оқушылар өздерінің бірыңғай сөйлем мүшелері туралы не білетіндерін, не білгілері келетіні туралы кестені толтырды. Кітаптағы теориялық ақпаратты топта оқып, талдады. Бірыңғай мүшелердің негізгі белгілерін атап өтті.

Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясында табысты талқылауларды әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. Зерттеушілік әңгіме, Барнс(1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Бұл әңгіме түрі тізбектелген сабақтар топтамасында бірінші сабағымның лексикалық тақырыбы «Книга представилась мне сокровищем» мәтінімен жұмыс жасау кезінде көрінді. Өзім оқушылардан қандай әдеби кітап оқығандарын және олардың сүйікті кейіпкерлері туралы сұрадым. Бірінші топтан Нұрқанат Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі оның аңшылық өнеріне қызығушылығын оятқанын айтты. Оқушылар «Книга представилась мне сокровищем» мәтіні бойынша автордың(В. Песков) балалық шағы суреттелгенін және Сетон - Томпсонның «Животные - герои» кітабының жазушы өмірінде қаншалықты із қалдырғаны туралы топ арасында сұхбат жүргізді. Әр оқушы ақылға қонымды мәлімет ұсынды. Нұрайым « Сетон - Томпсонның канадалық жазушы, оның шығармаларының көпшілігі жануарлар әлемі туралы жазған» деген ақпаратты ғаламтор желісінен тапты.

Зерттеу барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істеді. Оларда ортақ проблема болды, бірлескен түсінік қалыптасты. Бірге ойланды. Талқылау кезінде «мүмкін», «егер», «бәлкім» сөздері қолданылды. Мысалы, Саягүл «егер автор(Песков) бала кезінде Сетон – Томпсонның шығармасын оқымағанда, жазушы болуы мүмкін бе еді?» деп болжам жасағанында, ол өз сыныптастарының тарапынан қолдау тапты. Әр оқушының идеясы пайдалы ретінде бағаланып, мұқият бағалау жүргізілді. Оқушылар өзара топтар арасында бір - біріне сұрақ қойды және өз айтқандарын дәлелдей білді. Топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысты. Топ жұмысы «екі жұлдыз бір тілек» арқылы бағаланды.

Оқушылар бір – бірімен тығыз байланыста болып, жұппен әңгімелесуі үшін, әрі сергіту сәті ретінде балаларға 4 – 5 минут ішінде қысқаша бір – бірлерін таныстыруын ұсындым. Әр оқушы көрщілес отырған кластасын өзінше таныстырды. Мақпал өз көршісі Жайдарманды «Моего соседа зовут Жайдарман. Он хорошо играет на домбре» десе, Жайдарман «Макпал по гороскопу – весы» деп бірі тұратын көшесін, екіншісі сүйікті ісі туралы мағлұмат беріп өтті. Бұл жерде әр балада да сөйлеудің қарапайым дағдылары қалыптасты және балалар бір - бірін қаншалықты жақсы танитындығын байқадым. 3 шапалақпен марапатталды.
Екі топқа ортақ тапсырма берілді мәтіннен бірыңғай сөйлем мүшелері бар сөйлемдерге толық синтаксистік талдау жасау.
І топ: 9 жаттығу сөйлемдердегі бірыңғай мүшелердің қай сөз табынан жасалғанын анықтайды. оқушылар жұмысы жетон арқылы бағаланды.
ІІ топ: 11 жаттығу тыныс белгілерін қойып, бірыңғай сөйлем мүшелерін тиісті шылаулармен жалғап жазады.

«Книга представилась мне сокровищем» әңгімесін «Синквейн» әдісі арқылы түйіндеді.

Книга
Интересная, занимательная
Учит, рассказывает, помогает
Читая книгу я испытывал странное чувство
Открытие
Үйге тапсырма беру: 13 жаттығу, бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылу, қойылмау себептерін білу
Сабақтың соңында балалар ББҮ кестесін қорытындылады.
Бүгінгі сабақта не үйренгенін, келесі сабақта не білгісі келетінін ажыратып жазды. Оқушыларға осы сабақтан алған әсерлерін параққа өз қолдарының суретін салып және әр саусақ
бір ұстаным екенін түсіндірдім: бас бармақ – маңызды болғаны... балаң үйрек – қызықты... ортаңғы терек - – қиын болғаны, кішкене бөбек - жаңа ақпарат, шылдыр шүмек – ненің жетіспегенін.. Оқушылар осы сабақта тыныс белгісін қою қиындық тудырғанын, топ арасында талқылау қызық болғандығын, уақыттың жетпей қалғандығын, жаңа сабақты игеру маңызды, бірыңғай мүше туралы толық ақпарат алғандығы туралы жазып шықты
Осылайша балалармен бірлесе отырып алға қойған мақсатқа жеттік. Оқушылар сабақ барысында
- топтық, жұптық жұмыста белсенділік танытып, бір - біріне қолдау көрсетіп отырды.
- идеялар екіжақты бағытта жүрді.
- әңгімелесу мен сұрақ - жауап арқылы бір - бірін дамытты,
- ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек берді.
Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым – қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсеткендей, жұмыс барысында оқушылар бір - бірімен еркін қарым - қатынаста болып, пікір алмасты, білім алуда мүмкіндіктерге ие болды. Білімді бірлесіп алуда тең құқұлы серіктестер болатындығы ( Мерсер) осы сабақ барысында оқушылардың өздерін еркін сезініп, ойларын ашық айтқандарынан байқалып тұрды.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық;
«Тіл және әдебиет» әдістемелік журнал;
«Русский язык и литература в казахстанской школе»

Орыс тілі пәнінен рефлексивті есебі. Сисенова Клара, Қарауылкелді орта мектебі
6 502
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кеңістікте екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуы
Кеңістікте екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуы
Кеңістікте түзулердің және жазықтықтардың өзара орналасуын модельде көрсете алу және суретін сала білу
"Басни Крылова" тақырыбына өткізілген сабаққа  рефлексивті есеп
"Басни Крылова" тақырыбына өткізілген сабаққа рефлексивті есеп
Сабақтың мақсаты: Мәтінмен жұмыс жасай отырып жаңа тақырыпты өздіктерінен оқып үйрену, тақырыпты ашу. Жұппен, топпен жұмыста өзара сыйластыққа, басқалар пікірін бағалауға үйрену.
Алжапқыштын жоғары кесінділерді өндеу
Алжапқыштын жоғары кесінділерді өндеу
Жалпы мақсаты: Топта жұмыс жасау арқылы оқушыларды ынтымақтастыққа бейімдеу, танымдық әрекеттерін арттыру. технология сабағындағы кездесетін терминдермен таныса отырып, топпен жұмыс жасаудың маңыздылығына тоқталу
Жамбыл Жабаев «Алатау»
Жамбыл Жабаев «Алатау»
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Хазретовка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұбаниязова Г.Е
Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету
Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы, № 32 Ә. Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Кадирова Толқын Есеновна
Кешкі ас. Көмектес септік
Кешкі ас. Көмектес септік
Рамазанова Ә. М. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі №4 орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×