Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түркіменстан Республикасы

24 ақпан 2017, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Түркіменстан Республикасы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары.
География 10 сынып
Мақсаты: Білім берудегі жаңа тәсілдерді пайдалану арқылы Түркіменстан Республикасының өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру, пайдалы қазбалары, шаруашылығын анықтау, сыни тұрғыдан ойлана отырып, жұмыс істеу дағдыларының дамуына жағдай жасау.
Күтілетін нәтижелер:
- Түркіменстан Республикасының даму тарихын сипаттап, анықтайды.
- Түркіменстан Республикасы туралы алған білімдері, негізінде постер дайындап, проблемалық жағдайат туғызады.
- Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімдерін толықтырады.
- Ойларын түйіндей келе мәселені шешудің үлгісін жасайды.
- Түркіменстан Республикасы туралы алған білімдері туралы идея алмасып,
топтасуды үйренеді, сыни тұрғыдан мағынаны ашуда, бірлесе жұмыс атқаруға дағдыланады, білімін кеңейтеді, ойларын еркін жеткізеді.
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқытуда АКТ - ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру және оқыту.
Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, сөздік жұмыс, ойтолғау.
Сабақтың түрі: Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта пайдаланған құрал - жабдықтар: Флипчарт, түрлі - түсті бояулар, маркер, дүниежүзі саяси картасы, атлас, интербелсенді тақта, постер, стикер, ноудбук
І кезең
Ұйымдастыру.
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.(Алғашқы рефлекция кезеңі)
(3 минут)
1 Балалар көңіл – күйлерің қалай?
2 Қандай сезімде тұрсыңдар?

3 Тренинг «Жылы алақан» топ мүшелері үлкен шеңберде алақандарын бір - біріне тигізе отырып, жылы лебіз айту.
Басымыздағы жақсы ой, жүрегіміздегі жылы сезім, қолымызбен істеген жақсылық өмірді, қоғамды жақсартады, бізді нағыз адам етеді.

II кезең
Үй тапсырмасын тексеру.(10 минут)
«Себет ішіндегі алмалар» әдісімен үй тапсырмасын сұрау.

1. Қырғызстан жерінің алып жатқан ауданы, астанасы қай қала?
2. Қырғызстанның географиялық орнының қандай ерекшелігі бар?
3. Елдің табиғат жағдайлары мен ресурстары шаруашылық мамандануына қалай әсер етеді?
4. Қырғызстан халқының жас құрылымы мен ұлттық құрамына қандай факторлар ықпал етеді?
5. Ел экономикасын дамытудың қандай бағыттары анықталған?
6. Өнеркәсіптің маманданған салаларын ата?
7. Агроөнеркәсіптік кешені?
8. Шаруашылықтың түрлері қандай?
9. Көлік және сыртқы экономикалық байланыстарын ата?

2. Жасыл желек жердің сәні саялы
Қамқор болсаң жапырағын жаяды,
Мейіріммен жылуын арна жүректің,
Соған қоса алақан керек аялы
Өсімдік - өмір тірегі, талас бар ма?
Тіршілік өсімдіксіз жарасқан ба?- деп, даналық ағашымызды әрлендірдік.
Брелоктардың түсіне қарай бөлу

III кезең Қызығушылығын ояту. Ой - толғаныс асосация стратегиясы. (1 минут)
«Алыстағы ағайыннан жақындағы, көршің артық»- дегендей

Жүзі басқа болса да жүрегі бір,
тілі басқа болса да тілегі бір,
атасы басқа болса да,
бізге туысқан ағайын, Азияда орналасқан қандай мемлекет деп ойлайсыздар?
Осы мемлекет жайлы не білеміз?

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Майтөбе ОМ – нің география пәнінің мұғалімі
Ажибеков Ербол Ашимханұлы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 982
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Адам – мәдениетті жасаушы
Адам – мәдениетті жасаушы
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру
Сыни тұрғыдан ойлау, дарынды және талантты балалармен жұмыс, оқытудағы жаңа тәсілдер, диалог, оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау, көшбасшы, жас ерекшеліктеріне сай білім беру.
Қазақша сөйлейміз
Қазақша сөйлейміз
СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласының №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рамазанова Сырға Қайырбекқызы
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі; Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×