Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқа мерзімді жоспар Қазыбек би Келдібекұлы

16 қазан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би Келдібекұлы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазыбек бидің өмірін, еңбектерін, әңгімелерінің тәрбиелік ұғымын топтық жұмыс арқылы ұғындыру. Сабақ барысында оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретіп, білім дағдыларын қалыптастыру.
Табыс критерийі: Қазыбек бидің өмір жолын, еңбектерін білу, тану. Қазыбек бидің әңгімелерінің тәрбиелік мазмұнын, мағынасын талдай білу. Қазыбек бидің нақыл сөздерін қолдана білу.
Оқыту нәтижелері: Оқушылар сабақта Қазыбек бидің төрелігін, әділдігін көріп, тәрбиелік мәнін ұғады. Топтасып жұмыс жасағанда бір - бірі әділ болады, мазмұнды сөйлеуге талпынады.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, плакат, стикерлер, маркер, АКТ.
Дерек көздер: «Қазақ әдебиеті» оқулық, интернет желісі, «Қазақ әдебиеті» хрестоматия.

2 мин
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар сөздер қиындысын құрастыру арқылы топқа бөлінеді. Әр оқушы тақырыптарына сай топтасады. Тақырыптарының мағынасын топтасып ашады.

15 мин
Кері байланыс
Үй тапсырмасын сұрау:
Әр топқа Төле би туралы аңыз – әңгімелерден үзінді беріледі. Әр топ ролдік ойын арқылы көрсетеді.

15мин
Жаңа сабақ:
Оқушыларға Қазыбек би туралы мәлімет топтауды тапсырдым.
«әділдік» тобына ұялы сымтектегі интернет желісінен,
«шешендік» тобына ноутбуктан,«алғырлық» тобына кітапхана қорынан, «тапқырлық»тобы оқулықтан жазуды тапсырдым. Әр топ алған мәліметтер бойынша ойларын айтады, қорытады.

8 мин
«Ой қозғау»
Қазыбек би туралы алған мәліметтер бойынша Венн диаграммасын өткен сабақ Төле би мен салыстыру, ұқсастығын табу

4 мин
Оқушылар сабақ барысында белгіленген критерийлер бойынша өзін - өзі бағалайтынын айтамын.
Сабақты «Бес жұлдыз, бір үміт» тәсілімен қорытынды жасаймын.

1 мин
Үйге тапсырма: Қазыбек би туралы аңыз әңгімелерін оқып келу.

Қазыбек би Келдібекұлы жүктеу
5 050
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үш арыстың үлгілері
Үш арыстың үлгілері
Өлең мазмұнын талдау арқылы шешендік сөздердің идеялық мәнін аша білуге, ізденіс жұмыстары арқылы танымдық қабілеттерін жетілдіруге жағдай жасау. Өзара қарым - қатынастарын шынайы дамытуға ықпал ету.
Шешендік өнер
Шешендік өнер
Оқушыларға жаңа білімді өздігінен оқыту арқылы оқушыларға қазақтың аса айбынды билерінің бірі – қаз дауысты Қазыбек бидің тарихтағы орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихымен таныстыру. Жан жақты талдау жұмыстарын ұйымдастыру.
Төле бидің батасы
Төле бидің батасы
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майшұқыр негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Туребекова Айгерім Маратқызы
Билер сөзі – нақылдың көзі
Билер сөзі – нақылдың көзі
Қызылорда қаласы, М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Керимханкызы Актоты
Теңдеуді шешу
Теңдеуді шешу
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Самамбетова Қарлығаш
Қазақтың төбе билері
Қазақтың төбе билері
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы, №43 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Сағатов Балқан Рымбайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×