Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үш арыстың үлгілері

21 қазан 2017, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақ тақырыбы: Үш арыстың үлгілері
Сілтеме: Оқулық
Жалпы мақсаттар: Танымдық: Өлең мазмұнын талдау арқылы шешендік сөздердің идеялық мәнін аша білуге, ізденіс жұмыстары арқылы танымдық қабілеттерін жетілдіруге жағдай жасау. Өзара қарым-қатынастарын шынайы дамытуға ықпал ету.
Эмоциялық: оқушылардың зейінін тұрақтандыруға, есте сақтау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.
Әлеуметтік: өзара әрекеттесу арқылы оқушыларды жүйелі сөйлей білуге, ойларын еркін жеткізе білуге жағдай жасау.
Оқу нәтижесі Сыни ойлауы дамып, өз ойларын еркін айтуға үйренеді
Өзара әрекеттесу арқылы оқушылардың танымдық белсенділі артады
Негізгі идеялар Ізденіс жұмыстары арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары артады, танымдық қабілеттері дамиды
Тапсырма көздері 1. Кеңейтілген тапсырмалар
2. Ізденіс жұмыстары, Жұптық, жеке жұмыстар
Сабақтың көрнекілігі Интерактивті тақта, слайдтар, сызбалар, суреттер

Мотивациялық кезең
Оқушылардың көңіл - күйлеріне әсер ете отырып, оқушыларды жұптарға бөлу.
Ән салуға барамыз
Досымызды табамыз
Сәлемет пе! Бұл мен!
Доспын енді сенімен!
Үй тапсырмасын сұрау Оқушылардан үйге берілген тапсырмаларды сұрау.
1. тапсырма. Оқулықта берілген өтірік өлеңді әуенмен жатқа айту.
2. тапсырма Оқулықта берілген тапсырма бойынша өз ойларынан өтірік өлең құрастыру. ІІ М СТОҮ (ұтқырлық)
ОҮБ - 1 (жұптарда өзара бағалау)

Жаңа сабақ - Қандай халық шығармаларын білеміз? Оқушылардың ойларымен бөлісу.
Бүгінгі сабақта біз халық ауыз әдебиетінің тағы бір түрі - шешендік сөздермен танысатын боламыз.
Шешендік сөздер – терең оймен, шебер тілмен айтылған халық шығармасы. Ол тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі болып табылады.
Шешендік сөздерді кімдер айтады деп ойлайсыңдар?
Би дегеніміз кім екен балалар?
Би - ел билейтін тарихи тұлға.
Демек біз бүгінгі сабақта қазақтың атақты билерімен танысатын боламыз.
Сабақ барысында тапсырмаларды жұптаса орындайтын боламыз. (жоба қорғау)
І жұп «Төле бидей төре болыңдар!» деген тілекті айта отырып, Төле би туралы не білетіндеріңді айтыңдар.
ІІ жұп Бүгінгі сабақта «Қаз дауысты Қазыбек бидей тапқырлық танытыңдар» деген тілекті айта отырып, Қазыбек би туралы не білесіңдер.
ІІІ жұп сіздерге «Әйтеке бидей әділ болыңдар» деген тілек айта отырып, Әйтеке би туралы не білесіңдер. ІІ М СТОҮ(пайым)
ОҮБ - 3 (оқушылардың түсіндірулері)
Қазақтың майталман үш биі Төле би, Қазыбек, Әйтеке билер көбіне Түркістанда жиі - жиі бас қосып, әңгіме - кеңес өткізіп тұрады екен. Сондай бір кездесудегі сөз үлгілерінен үзінді оқимыз
Оқулықпен жұмыс.
«Үш арыстың үлгілері» өлеңін оқып талдау жүргізу.
Ендеше, осы бабалар сөздерін өзіміз түсініп бір мәрте іштей оқуға тапсырма беремін. І М (диалогтық оқыту)
«Тұлға бойындағы қасиет» туралы не айта аламыз? Оқушыларға үш бидің суреті таратылады. Билердің бейнесінен не байқалады? Интерактивті тақтаға жазу. ІІІ М АКТ
Үш бидің айтқан шешендік сөздерін сахналау.

Үш арыстың үлгілері жүктеу
1 329
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Логика курсының бағдарламасы
Логика курсының бағдарламасы
Берілген логика курсының бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасап отырып, баланы іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға, ақыл ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдармен қамтылған.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ортаңғы тобының перспективалық жоспары
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ортаңғы тобының перспективалық жоспары
Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану негізінде балалардың ауызша қарым - қатынас жасау дағдыларын, танымдық ой - өрістерін, шығармашылық, эстетикалық талғамдарын және жеке тұлғаның әлеуметтік білім, біліктерін жетілдіру.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет (қысқа мерзімді жоспар)
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет (қысқа мерзімді жоспар)
Мәтіннің мазмұнын меңгерту, Қазақстан туралы білімдерін толықтыру, білім алушылардың сөйлеу қабілеті мен танымдық деңгейін арттыру, сөздік қорын молайту.
Терең су
Терең су
Мәтіннің мазмұнын оқушыларға меңгерту, өз ойларын ашық айтуға және сабақта ашық сұрақтар қоюға үйрету
Keep warm!
Keep warm!
Оқушылардың сөздік қорын молайту, сын есімнің шырайларын қайталау. Сыныптағы ынтымақтастық, ықпалдастық негізінде психологиялық жағымды орта қалыптастыру.
Сындарлы оқыту
Сындарлы оқыту
ШҚО, Семей «№13 ЖОББМ» КММ Траих пәні мұғалімі:Н. Кульджина
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×