Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мысыр пирамидалары қалай салынғаны туралы қайдан білеміз?

08 қараша 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:
Ежелгі Мысыр тарихы
Сабақ тақырыбы: Мысыр пирамидалары қалай салынғаны туралы қайдан білеміз?
Сабақ түрі: Жаңа материалмен таныстыру сабағы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5. 2. 1. 2 тотемизм, анимизм, пір тұтушылық, магия сияқты ежелгі діни наным - сенімдерді білу
5. 2. 2. 2 ежелгі Мысыр ғибадатханалары мен пирамидаларын сипаттау
5. 1. 2. 1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау
Сабақ мақсаттары Хеопс пирамидасы қалай салынғаны туралы барлық мүмкін нұсқаларды зерттеу және талқылау, пирамида құрылысының мүмкін нұсқасына кемінде бір дәлел келтіру.
Көне Мысырдың діни сенімдері мен саяси құрылысының пирамида құрылысына әсерін түсіну (үй жұмысы арқылы)
Бағалау критерийлері - Хеопс пирамидасы қалай тұрғызылғанын анықтайды және түсіндіреді (ПОПС құрылымы бойынша )
- Көне Мысыр тұрғындарының діни көзқарастарының пирамида құрылысына әсерін анықтайды.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар меңгереді:
Дереккөздер мен визуалды дереккөздерден ақпарат алу, одан қорытынды жасау, өз көзқарасын дәлелдеу, Хеопс пирамидасы, дәлел, теория, дін, о дүние, перғауын секілді терминдерді пайдалану.
Құндылықтарды дарыту

Қоршаған айналаның проблемаларын, өзге көзқарастарды көру және ұғыну қабілеттігі, сынға дұрыс жауап қайтара білу; топта жұмыс жасау қабілеттерін иелену, топта түрлі рольдерді орындай білу; бір - бірін тыңдап, өзгелердің жауаптарын толықтыра білу; ежелгі мәдениетті, табиғатты және қоршаған ортаны құрметтей білу.
Пәнаралық байланыс Қазақстар тарихы, діндер
АКТ қолдану дағдылары Егер мектептің материалдық - техникалық базасы мүмкіншілік берсе:
Оқушылардың ақпаратты іздеу, оның сұрыптаумен байланысты өздік жұмыс дағдыларын дамыту үшін ноутбуктармен/планшеттермен жұмыс жасау.
Бастапқы білім
Бұл бөлім 1В бөлімінде қарастырылған Ніл алқабында орналасқан ежелгі өркениеттердің бірі Ежелгі Мысырды зерттеуге және өткен кезеңдердегі өмірді қалпына келтіру үшін археологиялық мәліметтерді оқып үйренуге негізделген.

Сабақтың басы
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бүгін біз сабақта әлемнің жеті кереметтерінің бірін, яғни Хеопс пирамидасын көреміз. Біз пирамидалардың салыну тарихы мен өткен заман құпияларын анықтап, ғалымдардың соңғы ойларымен танысамыз. Бірақ бұл кәдімгі таныстық емес, өткенге шын саяхат болмақ, бізге тарихтың ұлы құпияларының бірі – Египет пирамидалары қалай тұрғызылғанын біліп келу болып табылады. Біріншіден өз зерттеуімізді Хеопс пирамидасынан бастап көрейік. Біздің сұраққа жауап табуымыз үшін талай дәлелдер табу керек. Дәлел дегеніміз не? Неліктен тарихта олар маңызды болып табылады? Сіз дәлелдің қандай түрлерін көрсете аласыз?
Ары қарай пирамиданың ішкі және сырты фотосын көрейік.
Презентацияны көру барысында келесі сұрақтар бойынша ойланып отырыңыз:
• Бұл жерді қандай жер деп көрдің?
• Қатты айғайласаңыз, бұл жерді даусы қалай болады?
• Жарықты өшіріп қойып, сіз қаншалықты жақсы көре аласыз?
• Осындай жерде жалғыз қалып қалсаңыз өзіңізді қалай сезінер едіңіз?
• Қалай ойлайсыз, бұл бөлме қаншалықты ыстық немесе суық?
• Осы дәліздердің қабырғалары қолменұстағанға қалай болар еді?
Фотосуреттерді көріп болғасын оқушылар жұппен осыған дейін берілген сұрақтарға жауаптарын береді. Осыдан кейін мұғалім балалармен бірге жауаптарын талқылауға салады?
Күтілетін жауаптар:
Пирамидалар қазіргі Каир қаласының шетіндегі құмды шөлде орналасқан. Ғимарат қатты тастан қаланып, іші сырттағы шөлдің температурасынан анағұрлым төмен болған. Дәліздер мен қабырғалар жаңғырық пен дауысты басып тастайтын тастан қаланған болатын. Жалғыз жарықсыз қалудың өзі бұл ғимараттың ішкі бөлігі перғауын қабірі болғанын білмеген адамға да қорқыныш үйіреді. Пирамиданың іші тастай қараңғы болғанымен, адам көзі біраз уақыттан кейін өздері қараңғыға үйреніп кетеді.
Бізге Хеопс пирамидасы туралы не белгілі?
Дәптерлеріңе Хеопс пирамидасы туралы білетіндерің жайлы жазыңдар?
Оқушылар мен мұғалімнің ортақ талқылауы.
Талқылау барысында мұғалім оқушылардың білімдерін толықтырып отырады?
Жақсы, балалар Ежелгі Египетте пирамидаларды қалай салды деп ойлайсыңдар? Топтармен ойланайық?
Зерттеу
(Г) Сыныпты топтарға бөліңіз және пирамиданың тұрғызылу әдістерін талқылауға мүмкіндік беріңіз. Әр топ Хеопс пирамидасы қалай тұрғызылғаны туралы өз нұсқасын дайындау керек. Әр топқа өз нұсқасын басқа топтар алдында дәлелді етіп көрсету үшін 1 минут уақыт берілетінін атап өтіңіз.

ФМБ НЗМ, Семей қаласындағы
физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Зайниева Зухра

Мысыр пирамидалары қалай салынғаны туралы қайдан білеміз? жүктеу
3 974
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүниежүзінің діни алуан түрлілігі неден көрінеді?
Дүниежүзінің діни алуан түрлілігі неден көрінеді?
Дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды.
Жеті қасиетті сан
Жеті қасиетті сан
Әлемнің жеті кереметімен, жаңа әлемнің, жеті санының тылсым табиғатымен, Қазақстанның тарихи мұраларымен таныстырып, мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, тәрбиелеу.
Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді
Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді
Мәтінмен жұмыс жасай отырып алғашқы адамдардың наным - сенімдері туралы түсінеді Берілген ақпараты пайдалана отырып шағын әңгіме құрастырады
Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ) және ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ)
Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ) және ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ)
ЕҮОБ, ЕКОЕ ті үйрену сабақта қолдану арқылы оқушылардың математикаға деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.
Египет пирамидасы
Египет пирамидасы
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, М - С.Бабажанов атындағы ЖОББМ Математика пәні мұғалімі Габдуллина Гүлнар Серікқызы
Цилиндр
Цилиндр
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Дарьинск жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің математика пәні мұғалімі Кулекеева Әлия Берікқалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×