Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Цилиндр

15 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Цилиндр (слайдымен)
Білімділік мақсаты: Цилиндрдің анықтамасы, элементтері, қасиеттері, диагоналдық қимасы, жазбасы, бүйір бетінің және толық бетінің аудандары туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты: Цилиндр туралы білімдерін есептер шығаруда қолдану дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз ойларын тұжырымдап, шапшаң, жинақы айта білуге үйрету, ұқыптылыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Көрнекілігі: Цилиндрдің моделі, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: химия, биология, тарих, география
Күтілетін нәтиже: Цилиндрдің анықтамасын, элементтерін, диагоналдық қималары мен беттерінің аудандарының формулаларын жатқа білулері және есептер шығаруда қолдана білулері
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
1) Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.
Балалар біз «Көпжақтар» тарауындағы Пирамида туралы танысқан болатынбыз. Енді осы пирамида туралы не білетінімізді еске түсірейік.

1. Пирамида дегеніміз не?
2. Пирамиданың қандай элементтері бар?
3. Пирамиданың биіктігі дегеніміз не?
4. Пирамиданың апофемасы дегеніміз не?
5. Пирамиданың диагоналдық қимасы қандай?
6. Пирамиданың қандай түрлері бар?
7. Дұрыс пирамида дегеніміз не?
8. Қиық пирамида деп қандай пирамиданы айтамыз?
9. Пирамиданың қоршаған ортада қолданылуы?

Химияда қолданылады: кристал алмаздар, сүт қышқылының, фосфор қышқылының моделі тетраэдр түрінде кездеседі. Ал, биологияда, ара – ерекше жәндік. Аралар кеңістікте орын қалмайтындай үшбұрышты, төртбұрышты, алтыбұрышты пирамида тәрізді көпжақ құрап ұшады.
Географияда тау хрусталы пирамида пішінді. Тарихта Египет пирамидалары, Александр маягы, Астанадағы – бейбітшілік пирамидасы туралы айтуға болады. 1) Египет пирамидалары (Хеопс, Хефрон, Менакур) 2) Александр маягы - біздің заманымызға дейін үшінші ғасырда Александр бухтасына қайықпен қауіпсіз жету үшін арнайы салынған маяк, тұрғанына 150 жылдан астам уақыт болған. 3) Астанадағы – Бейбітшілік пирамидасы –«Ақорда» резиденциясының жанында, президент паркінде орналасқан. Биіктігі 77м, ені 62, 62м2.
Енді біз бүгін айналу денелері туралы тарауды бастаймыз.
Айналу денесі дегеніміз - қандай да бір шектелген облыс өзінің шекарасында жатқан осьтен айналуынан шыққан фигураны айтады.
Мысалы: токарлық станокта дайындалған тетіктер, цилиндрлер
Цилиндр деп тік төртбұрышты оның қабырғаларының бірінен айналдырғанда шығатын фигураны айтады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 163
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Цилиндр, конус, қиық конус тақырыбын қайталау
Цилиндр, конус, қиық конус тақырыбын қайталау
Цилиндр, конус, қиық конус анықтамаларын бекіту; құрылымын анықтау; бүйір беттерінің, толық беттерінің формулаларын есеп шығаруда қолдана білу.
Цилиндр және конус
Цилиндр және конус
Цилиндр, конус, қиық конус анықтамаларын бекіту; құрылымын анықтау; бүйір беттерінің, толық беттерінің формулаларын есеп шығаруда қолдана білу.
Цилиндр жазбасы, бетінің ауданы
Цилиндр жазбасы, бетінің ауданы
Цилиндр туралы ұғым, оның элементтерін, қималарын, жазбасын және бетінің аудандарын табу білімдерін жүйелеу.
Цилиндр
Цилиндр
Сабақтың тақырыбы: Цилиндр
Цилиндр, оның элементтері. Цилиндрді жазықтықтармен қию
Цилиндр, оның элементтері. Цилиндрді жазықтықтармен қию
Астана қаласы гуманитарлық колледжінің математика пәні оқытушысы Мутан Ергуль
Цилиндрдің толық бетінің ауданы
Цилиндрдің толық бетінің ауданы
Цилиндр. Цилиндрдің толық бетінің ауданы туралы түсінік беру. Цилиндрдің толық бетінің ауданының формуласын қорытып шығару. Шығармашылықпен жұмыстануына машықтандыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×