Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарапайым геометриялық фигуралармен танысу (нүкте, түзу, сәуле, кесінді)

08 қараша 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Мектеп: НИШ Көкшетау қаласы
Мұғалімнің аты - жөні: Сабитова А. С.

Қарапайым геометриялық фигуралармен танысу (нүкте, түзу, сәуле, кесінді)
Математика 1 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геометриялық фигуралар
Сабақ тақырыбы: Қарапайым геометриялық фигуралармен танысу (нүкте, түзу, сәуле, кесінді)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3. 1. 1 геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар білу керек:
Геометриялық фигуралардың аталуын.
Көпшілігі:
Заттарды түсі, пішіні, өлшемі бойынша салыстырады, топтастырады.
Кейбір оқушылар:
Қоршаған ортадан сәйкес фигураларды тауып айта алады.
Бағалау критерийлері: - берілген геометриялық фигураларды ажыратады және тиісті түспен бастырып сызады.
Тілдік мақсаттар: Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш
Құндылықтарды дарыту: Бір - біріне достық көмек
Пәнаралық байланыстар: Дүниетану, ғылымға ену, математика
АКТ қолдану дағдылары: Геометриялық фигураларды тақтада сызу.
Санамақты әншілермен бірге айта алу.
Бастапқы білім Заттарды біріктіру, алу.
Сабақтың басы 5 минут
Ертеңгілік шеңбер»
«Пішіндер» әнін бірге айту, көрсету
Айтылған пішіндерді қайталап шығу
Сабақтың ортасы 5 минут
"Ертеңгілік шеңбер"
«Пішіндер» әнін бірге айту, көрсету
Айтылған пішіндерді қайталап шығу
1. Логикалық тапсырма «Қандай фигура артық?»
Қорытынды: пішіні бойынша – дөңгелек артық, себебі қалғандары – үшбұрыш;
түстері бойынша – жасыл үшбұрыш, себебі қалғаны – сары түсті.
2. Ойын «Сөйлемді аяқта!» Тақтада:
Сары шаршы үлкен, ал........
Қызыл шаршы кішкентай, ал.......
3. Қорытынды: Сонымен, «Геометрия» елінің тұрғындары кім екен?
Фигураларды атап беріңдерші.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
Бүгін біз осы елдің жаңа тұрғындарымен танысамыз, оларды салыстырамыз да
ажыратуға үйренеміз.
2. Практикалық жұмыс. Жіппен жұмыс:
- Қатты тартсақ - жіп қандай болады? - түзу сызық
- Жіпті бос ұстасақ – жіп не істейді? - қисық сызық
- Екі шетін байласақ жіп неге ұқсайды? - тұйықталған сызық
- Байлағанды шешсек - жіппен не болады? - тұйықталмаған сызық
Тақтада жұмыс: түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтарды оқушылардың
өздеріне салғызу.

3. Қорытынды: «Геометрия» елінің маңызды тұрғындар – сызықтармен таныстық.
- Сызықтар қандай болады?
- Қалай ойлайсыңдар, олардың керегі неде?
- Олардың көмегімен не сызуға болады?
Маркерлік тақтаға фигураларды салғызу: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша.

Сергіту сәті «Көңілді күн»
1. Оқулық бойынша жұмыс.
Заттарды пішіні арқылы салыстыр
Түсі арқылы
Өлшемі арқылы салыстыру
Сол жақтағы заттардың оң жақтағы заттардан айырмашылығын табу.
Сыныптан түстері бірдей затты, пішіндері бірдей затты, өлшемі бірдей заттарды табу. Дәлелдеу.
(Ө ) Дәптермен жұмыс
62 - 63 - беттер
Ғарыш кемесінің жүрген жолын сызық арқылы көрсету Тақтадан

Таратпа материал

Интербелсенді тақта
Суреттер
Жұмыс дәптері
62 - 63 - бет
Топпен жұмыс:
1топ – № 1
2 топ – № 2
3 - топ - №3
түзу сызықтарды – қызыл қарындашпен, тұйықталған – сары түспен, тұйықталмаған – жасыл қарындашпен бастыр.
4 - топ - №4
Ерте болған оқушыларға тапсырмалар беру.
Таратпа материал

Қарапайым геометриялық фигуралармен танысу (нүкте, түзу, сәуле, кесінді). жүктеу
6 414
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математика  1-сынып  Нүкте. Сызық. Сәуле
Математика 1-сынып Нүкте. Сызық. Сәуле
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың басым бөлігі: Топтық жұмыстарды бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Кейбір оқушылар үшін:
Кесіндіні өлшеу. Фигураларды салу
Кесіндіні өлшеу. Фигураларды салу
нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш секілді геометриялық фигураларды атайды, бір - бірінен ажыратады.
Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
нүктелі қағазда кесінділер, түзулер мен геометриялық фигураларды орны, қозғалыс және бағыты бойынша нұсқаулыққа сәйкес сызу.
Фигуралардың қиылысуы
Фигуралардың қиылысуы
Оқушыларға геометриялық фигуралармен қатар кесінді, түзу және қисық сызықтарды көрсете отырып, «қиылысатын» және «қиылыспайтын» фигуралар туралы түсінікпен таныстыру.
Кесіндіні өлшеу. Фигураларды салу
Кесіндіні өлшеу. Фигураларды салу
нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш секілді геометриялық фигураларды атайды, бір - бірінен ажыратады.
Жазық геометриялық фигураларды салу
Жазық геометриялық фигураларды салу
Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×