Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тыныс алудың маңызы мен типтері

29 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы
7. 2. С. Тыныс алу
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алудың маңызы мен типтері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7. 1. 4. 1. тірі ағзалар үшін тыныс алудың маңызын сипаттау;
7. 1. 4. 2. анаэробты және аэробты тыныс алу типтерін ажырату.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: тыныс алудың маңызын сипаттап, типтерін ажырата алады;
Басым бөлігі: тыныс алу және фотосинтез үдерістерін өзара салыстырып, анаэробты және аэробты тыныс алудың ерекшеліктерін сипаттайды;
Кейбір оқушылар: тыныс алу көмегімен энергияны қайдан және қалай алуға болатын үдерісті сызып, талдап береді, тыныс алусыз тіршілік етуге болатындығын дәлелдей алады.
Бағалау критерийлері: - Тыныс алудың ағза үшін маңызын біледі;
- Тыныс алу типтерін ажыратады;
Дағдылар: Сын тұрғысынан ойлау, жеке, жұппен және топпен жұмыс істей білу қабілеті
Тілдік мақсаттар: Тыныс алу, глюкоза, оттегі, көмірқышқыл газы, энергия, аэробты және анаэробты ағзалар, ашытқылар, майқышқылды бактериялар, сүтқышқылды бактериялар, ішек паразиттері, лямблия, лейшмания, сіріспе, саңырауқұлақтар;
Құндылықтарға баулу Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету
Пәнаралық байланыс: Химия, физика, экология, ағылшын тілі
Алдыңғы білім: 7. 1. 2. 2. фотосинтез үдерісіне қажет жағдайларды зерттеу.

Сабақтың басы
2 мин
7 мин
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, психологиялық ахуаал тудыру.
1 - тапсырма. Үй тапсырмасын «Шындық па, әлде жалған ба?» әдісі арқылы сұрау. Оқушылар шеңбер құрып, бір - біріне допты лақтыра отырып, өткен сабақтан сұрақтар қояды. Олар «жалған» не «шындық» деп жауап беруі керек.
Шеңберде тұрған тұста оқушылар 1 - 4 - ке дейін сааналып төрт топқа бөлінеді: 1 - топ: «Глюкоза» тобы, 2 - топ: «Фотосинтез» тобы, 3 - топ: «Аэробтар» тобы, 4 - топ: «Анаэробтар» тобы

Сабақтың ортасы
7 мин
«Миға шабуыл» әдісі. Мұнда ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеу әрекеттері қолданылады. Төменде көрсетілген проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды.
- Біз не үшін тыныс аламыз?
- Барлық тірі ағзалар бірдей тыныс алады ма?
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен оқушыларды таныстырады. Тілдік мақcаттағы жаңа сөздерді үш тілде таныстырады да жаңа тақырыпты түсіндіреді.
Тыныс алу – дыхание – respiration
Фотосинтез – фотосинтез - photosynthesis
Глюкоза – глюкоза – glucose
Оттегі – кислород – oxygen
Көмірқышқыл газы – углекислый газ – carbon dioxide
Энергия – энергия – energy
Аэробты ағзалар – аэробы – aerobic
Aнаэробты ағзалар – анаэробы – anaerobic

Мектеп: «Ақалтын» ЖОМ
Мұғалімнің аты - жөні: Сахова Клара Байдосовна

Тыныс алудың маңызы мен типтері. жүктеу
3 355
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тыныс алу және тыныс шығару механизмі. Кеуде қуысының құрылысы. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер.
Тыныс алу және тыныс шығару механизмі. Кеуде қуысының құрылысы. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер.
Тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру үшін топта жұмыс істей (айтылым, жазылым, тыңдалым дағдыларын) алады.
Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тыныс алу - энергия көзі.
Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тыныс алу - энергия көзі.
тірі ағзалардағы тыныс алу маңызын сипаттау; анаэробты және аэробты тыныс алу типтерін ажырату
Өсімдіктердің тыныс алуы. Гүлдің құрылысы оның маңызы
Өсімдіктердің тыныс алуы. Гүлдің құрылысы оның маңызы
Өсімдіктердің тыныс алуы. Гүлдің құрылысы оның маңызы. Өсімдіктердің тыныс алуының түрлері мен құрылыс ерекшеліктерімен танысу.
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар және өкпе. Мұрын, аңқа, көмекей, кеңірдек және негізгі бронхылар, олардың құрылысы мен қызметі. Өкпенің құрылысы мен қызметі. Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу.
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Тыныс алудың маңызы, дыбыс сіңірлері, тыныс алу қозғалыстары туралы оқушыларда қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×