Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алғашқы ғарышкерлер. Сын есімнің шырайлары

10 наурыз 2018, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы 5. 9. 4. Аспан әлемінің құпиялары
Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Алғашқы ғарышкерлер. Сын есімнің шырайлары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5. Т/А4. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.
5. ӘТН4. 3. Сын есімдердің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу.

Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:
- Мәтінді оқу түсініп оқып, тірек сөздерді табады;
- Тірек сөздерді қолданып, жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
- Сапалық сын есімдерді салыстырмалы, күшейтпелі шырайға айналдырады;
- Заттанған сын есімдерді дұрыс қолданып, сөйлемді толықтырады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
- Оқылым және тыңдалым мәтініндегі ортақ ойды шырай түрлерін қолдана отырып табады;
- Тақырыпқа қатысты аяқталмаған сөйлемді жалғастыруда зеректік танытады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
- Мәтіндегі ойды өмірмен байланыстырып, сыни тұрғыдан
шығармашылықпен дәлелдейді.
Бағалау критерийлері 1. Мәтіндегі тірек сөздер мен жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі ойды анықтайды.
2. Сын есімнің шырай түрлерін ажыратады, зат есімнің орнына орынды қолданады.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: Алғашқы ғарышкерлердің ғарыштағы сапарын баяндайды. Шырай түрлерінің жасалу жолдарын біледі. Сын есімдерді зат есімдердің орнына қолданады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Ғаламшар, ғарыш, ғарыш кемесі, ғарышкерлер, скафандр, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, сын есімнің заттануы.
Диалог құруға /шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Ғарышқа ұшырылған жануарлар, тұңғыш ғарышкерлер, қазақ ғарышкерлері, Лайка, Белка, Стерелка, І Альберт, ІІ Альберт, VI Альберт есімді маймылдар, Ю. Гагарин, В. Терешкова, Т. Әубәкіров.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Адамдарды ғарышқа ұшыру шешімі қалай жасалды?
- Сын есімнің шырайларының ерекшеліктері неде?
- Сын есімдерді зат есім орнына қалай қолдануға болады?
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
- Неліктен ғарышқа жануарларды бірінші ұшырған?

Пәнаралық байланыс: Астрономия, Тарих
Тақырып бойынша алдыңғы білім: Аспан әлемінің құпиялары туралы зерттеулер
Сапалық, қатыстық сын есімдер
Құндылықтарға баулу
 - «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясындағы индустрияландыру мен
 инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығы;
 - өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
 - шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
- өмір бойы оқуға дайын болу.

Сабақтың басы
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, «Гүл шоғындағы ыстық лебіз» тренингі арқылы сыныпта жағымды ынтымақтастық ахуал туғызуға бағыттаймын.
«Ең, ең» сөзін қолдана отырып, аспан әлеміндегі ғаламшарлар бойынша топқа біріктіремін.
1 - топ: Ай - Жерге ең жақын аспан денесі.
2 - топ: Юпитер - ең алып ғаламшар.
3 - топ: Плутон – ғаламшарлардың ішіндегі ең кішісі.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
4 - тапсырма. Мәтінді оқып, сын есімдерді табыңдар. Өздерің тапқан сын есімдерді сапалық және қатыстық деп ажыратыңдар.
«Қос шеңбер» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
«Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы оқушылардың үй тапсырмасы тексеріледі.
Қалыптастырушы бағалау: «Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі арқылы оқушылар бір - бірін өзара бағалайды. Кері байланыс: «Ауа райы» әдісі бойынша таратылған күн белгісіне тапсырманы орындаудағы жетістіктерін, бұлт белгісіне түсініксіз немесе орындауда қиындық тудырған тұстарын жазады.

Қызылорда қаласы, Абай ауылы,
Абай атындағы №138 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пірімова Әсем Әбдірахманқызы
7 625
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сусыз өмір жоқ
Сусыз өмір жоқ
Барлық оқушылар орындай алады: Тірек сөздерді түсінеді, тақырыпты болжайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжайды, сұраққа түсініп жауап береді.
Уақыт алтыннан қымбат
Уақыт алтыннан қымбат
Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.
Метрополитен. Зат есімнің түрлері
Метрополитен. Зат есімнің түрлері
Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.
Қазақтың қадірлі қызы
Қазақтың қадірлі қызы
Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, қосымша ақпаратты анықтай алады, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады, мәтін құрылымын сақтайды, құрылымына сәйкес жоспар құрай алады.
Абай Құнанбаев «Жаз»
Абай Құнанбаев «Жаз»
Абай Құнанбаев «Жаз» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар
Менің анам
Менің анам
Менің анам тақырыбына қысқа мерзімді жоспар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×