Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


10 саны және цифры

17 маусым 2018, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: 10 саны және цифры
Сабақтың мақсаты: 1. 10 санының құрамымен таныстыру. 10 көлеміндегі қосу, азайту амалдарын орындату, қатесіз, тез, ауызша есептеуге үйрету.
2. Ойлау, есте сақтау, тілін, танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Типі: жаңа білім меңгерту.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кеспе сандар, карточкалар, оқулық, дәптер.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Психологиялық дайындық. Ал балалар сабақты бастамас бұрын барлығымыз Психологиялық дайындықты айтып жіберейік.
Армысың асыл күн!
Армысың асыл жер
Армысың көк аспан
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Болайықшы жақсы дос.
Жақсы сөз жанды жадыратар дегендей. Қане бәріміз бір - бірімізге алақандарымызды беріп. Бір – бірімізге жан жылуымызды сыйлаймыз
Бүгінгі күн!
Терезеден күліп бізге тұр қарап,
Сондай жақсы көңіл күймен.
Басталады бұл сабақ!

ІІІ. Жана сабақ
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ.
5 - ке 5 - ті қосқанда,
болып шықты он саусақ,- демекші бүгінгі сабақта біздер 10 санының құрамымен танысамыз: 10 саны 10 бірліктен тұрады. 10 басы мен аяғы бар ең толық сан болып есептеледі. Себебі 10 санынан келесі сандардың қайталанып келу реті басталады. Енді жай сандар күрделі сандарды құрайды
Сабаққа дайынбыз ба?
Олай болса, біздің алдымызға қойған мақсатымыз не деп ойлайсыңдар?
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз сабақ оқу.
Сабақ оқу арқылы,
5 - ке қолды жеткізу.
Жер бетіндегі ең ақылды, ең күшті кім деп ойлайсыңдар? – Адам. – Сендер де ақылды, күшті, зерексіңдер, білімдісіңдер. Ал Балалар білімімізді көрсету үшін « есептер әлеміне» саяхат жасаймыз. Саяхатқа шыға отырып, әрбір аялдамада есепті дұрыс шығарсақ, келесі аялдамаға бағыт аламыз.
Саяхатқа әзір екенімізді білу үшін өткен тақырыптардан бірнеше тапсырма берілген, сол тапсырмаларды дұрыс орындасақ саяхатқа шығамыз.
Олай болса Өткен сабақты қайталаймыз.
1. Жасырын санды тап.
2. Тура, кері сана.
1..... 3 4..... 5.... 7..... 9
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Балалар сендер әр аялдаманың тапсырмаларың дұрыс орыңдасаңдар бізде бұл жерде жай ағаш берілген осы ағашты біз алма ағашына айналдыруымыз керек. Ал балалар жай ағашты алма ағашына айналдыруға дайынбыз ба?
1 - ші аялдама:. Ойын. «Көршілер». Мына сандардың көршілерін табу.

Енді әрі қарай екінші аялдамаға өту үшін есеп шығаруды жалғастырамыз.
2 - ші аялдама: «Жүйрік болсаң тауып көр»
1. Табақта 5 алма, қолымда 4 алма. Қосқанда барлығын болады неше алма?
2. Ал, қане қараңдар. Неше қоян санаңдар 6 ақ, 3 көк. Шешуін кім табады?
3. Сымда отыр 7 торғай, Тағы қонды 2 - еуі. Болды енді нешеуі?
4. Талда ілініп тұрды 9 жапырақ. Ұшып кетті 1 - еуі. Қалды енді нешеуі?
5. Орманға келді 9 түлкі. Тағы келді 1 - еуі. Болды сонда қанша түлкі?
3 - ші аялдама «Кім жылдам?» Мысалдардың тек жауабын ғана айту.
10 саны және цифры. жүктеу
1 348
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
4 санын қосу және азайту
4 санын қосу және азайту
Тақырыбы: 4 санын қосу және азайту
10 саны мен цифры
10 саны мен цифры
Мақсаты: 10 санының пайда болуы. 10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың қабілеттерін, жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін өмірде қолдана білуге үйрету.
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Жакитова Н.К.
Ойнайық та, ойлайық
Ойнайық та, ойлайық
Кусаинова Самал Кемельевна Саға мектеп – бала бақшасы мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
5 саны мен цифры
5 саны мен цифры
Математика Сабақтың тақырыбы. 5 саны мен цифры.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×