Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


4 саны мен цифры

21 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика
Сабақтың тақырыбы: 4 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты: 4 саны туралы ұғым беру, құрамы, цифр таңбасымен таныстыру.
Балалардың зейінін, ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: әліппе - дәптер, кеспе сандар, интерактивті тақта, таяқшалар.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, көрнекіліктер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Өтілген материалды пысықтау. 3 саны мен цифры. Үш таяқшадан геометриалық пішіндер
құрастыру.

II. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі сабағымызға Тазша бала қонаққа келіпті. Ол бізге қоржын ала келіпті. Бұл қоржынның ішінде түрлі тапсырмалар бар екен. Егер тапсырмаларды дұрыс орындасақ Тазша бала бізге сыйлық береді.
- Балалар, тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма?
- Дайынбыз.

1 - тапсырма.«Асық» ойыны. Қоржынның ішінен 3 асықты бір - бірден алады да, ондағы тапсырмаларды орындайды.
1 - асық. Бір жылда неше мезгіл бар?
- Қыс, көктем, жаз, күз.
2 - асық. Төрт түлік малды ата.
Жылқы, қой, сиыр, түйе.
3 - асық. 4 - ке дейін санамақ айт.
Бір дегенім - білім.
Екі дегенім - етік.
Үш дегенім - үміт.
Төрт дегенім - тақия.
- Балалар, тапсырмаларды орындау барысында қандай санды көбірек естідік?
- 4 санын.
4 санының таңбасымен таныстыру.
Дәптермен жұмыс.
4 санын жазып шығу.

Сергіту сәті.
Ал, балалар, келіңдер
Орнымыздан тұрайық
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ
Топ - топ басайық
Бір отырып, бір тұрып.
Біз жаттығу жасайық.

2 - тапсырма. Логикалық (қисынды) есептер.
а) Бөлменің 4 бұрышы бар, әр бұрышта 1 мысықтан отыр. Барлығы неше мысық?
ә) Анасының мысығы, қызы, иті бар. Анасында неше бала бар?
б) Не ұзағырақ? Күз мезгілі ме немесе 3 ай: қыркүйек, қазан, қараша айлары ма?
в) 4 қайың ағашы өсіп тұр. 1 алма, 2 алмұрт, 3 жүзім, 4 шие жемісі. Сендер қайсы жемісті алып жер едіңдер?

3 - тапсырма. Ауызша есептер.
а) Табақта 2 алма
Қолымда 2 алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма?
(2+2=4)
ә) Көлден ұшты 4 қаз
Қайтып қонды 2 қаз
Ұшып кетті нешеуі?
(4 - 2=2)
б) Алма ағашта 4 алма,
Қандай тәтті жесе алма,
Төртеуінде жеп қойсаң
Қалады сонда неше алма?
(4 - 4=0)
в) Төменде бір қаз ұшады,
Үшеуі бұлтты құшады,
Қосқанда барлығын
Айтшы, қаз нешеу екенін?
(1+3=4)

4 - тапсырма. Сандар туралы жұмбақтар.

5 - тапсырма. Әліппе - дәптермен жұмыс.
Геометриялық пішіндерді пайдаланып есептер шығару.

6 - тапсырма. Тақтамен жұмыс.
1+2=
4 - 2=
3+1=
2+2=
4 - 1=
4 - 4=
7 - тапсырма. Ойын «Адасқан сандар»
Сандарды ретімен орналастыру.

Қорытынды
- Балалар, бүгін біз қай санмен таныстық?
- 4 саны неше бірліктен тұрады?
- Қандай есептер шығардық?
- Қандай ойындар ойнадық?
Балаларды мадақтап, сабақты аяқтау.
7 196
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
10 саны және цифры. Дециметр.
10 саны және цифры. Дециметр.
10 саны екі цифрмен жазылатындығын, бір және екі таңбалы сан туралы, ұзындық өлшеуіші - дециметр туралы, оның мәні мен белгіленуі туралы түсінік қалыптастыру.
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Балаларға 4 санының жазылу жолдарын, құрамымен таныстыру. 0 - ден 4 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету.
Ханталапай
Ханталапай
Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек. Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны - сақа аталады.
7 саны және цифры
7 саны және цифры
7 саны және 7 цифры, 7 - нің сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру.
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Оқушыларды 7 саны мен цифрымен таныстыру, қосу, азайтуды меңгерту. Ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы «Жамбыл Жабаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Бастауыш класс мұғалімі Карабаева Жанар Кажымукановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×