Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аяз би ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі

13 қыркүйек 2018, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Әдебиет, 6 - сынып
Тарау немесе бөлім атауы: Туған жерім - алтын бесігім
Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) 6. Ж 3. Әдеби туындыдағы кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау
Сабақ мақсаты: Әдеби туындыдағы кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;
Әр кейіпкердің өзіндік ерекшелігін анықтау арқылы іс - әрекетіне баға беру
Тілдік мақсаты: Пәнге қатысты сөздік қор мен термин: тип, тек, кейіпкер, образ сөздерінің мағынасын ашу
Кейіпкер (персонаж) – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ
Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген құбылысты (көбінесе әдеби қаһарман бейнесін) Образ деп атайды.
Образ әдеби тек тұрғысынан үш түрге:
1. эпикалық;
2. лирикалық;
3. драмалық жасалу
Эпикалық образ – шығармада толық кескінделген, болмыс - бітімі анық, дараланған образ.
Тип: Әдебиеттегі образ екі түрлі мағынада қолданылады: көркем бейне, кейіпкер, тип.
Тип – көркем әдебиеттегі жинақтау. Мысалы: Аяз бидің образы бір ғана аяз бидің емес, сол кезеңде өмір сүрген бірнеше Аяз би тектес адамның жиынтық бейнесі.
Тек: Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді.
Фабула (лат. Fabula — аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) — көркем шығармада суреттелген окиғаны рет - ретімен жүйелеу. Фабула сюжетпен көптеген өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді:

Талқылауға арналаған сұрақтар:
- Сендердің ойларынша, кейіпкер деген кім?
- Әдебиеттегі типтік образ дегенді қалай түсінеміз?
- Әдебиеттегі тек сөзінің мағынасын түсінеміз бе?
-«Аяз би» ертегісі тегі мен түрі жағынан қандай шығармаға жатады деп ойлайсыздар?
- Ертегідегі кейіпкерлер тегі мен түрі жағынан қандай кейіпкерлер тобына жатады? (эпикалық)
- «Аяз би» ертегісінің кейіпкерлерін іс - әркеттері тұрғысынан қалай жіктеуімізге болады?

Қарағанды қаласындағы
«№12 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Мұғалімнің аты - жөні: Жакенова Кенжегуль Абдрасилкызы
Аяз би ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі. жүктеу
7 906
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан. 2-сабақ
Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан. 2-сабақ
Бөлім Әдеби шығарманың құндылығы Оқу мақсаты 5. Т/Ж3 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу. Оқушы мақсаты Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашады.
Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі
Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі
әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;
С. Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып»
С. Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып»
Сабақтың тақырыбы С. Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып».
Сөзбен сомдалған тұлға
Сөзбен сомдалған тұлға
Оқушылар «Сөзбен сомдалған тұлға» тақырыбы бойынша көркем бейне, образ, метафора, көркем шығарма ұғымдары туралы түсінік алады.
Шәкәрім «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Шәкәрім «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Поэмаға әдеби талдау жасау, әдебиет теориясы бойынша кейіпкер туралы түсініктерін кеңейте отырып, Қалқаман, Көкенай әрекетіне екі түрлі көзқарасты баға беру.
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін талдау
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін талдау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №14 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сундетбаева Оразгул Ибрайымовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×