Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Салааралық кешендер географиясы бөлімін қорытындылау

22 наурыз 2016, Сейсенбі
Категориясы: География
География 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Салааралық кешендер географиясы бөлімін қорытындылау
Мақсаты:
Отын энергетика кешені, конструкциялық материалдар өндірісі мен химиялық заттар кешені, машина жасау кешені, АӨК, инфрақұрылымдық кешен туралы теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, бекіту.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, карта, слайд, интерактивті тақта т. б.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту. Оқушыларға психологиялық ахуал жүргізу.
Психологиялық тренинг
«Көктемгі жауын» жел соқты деп айтқанда алақандарын бірі біріне үйкеу, жаңбыр сіркіреді деп қолдарымен шертіп тырсылдату, жаңбыр жауды деп иықтарын соғады, найзағай ойнады деп қолдарын шапалақтайды, әрі қарай бұршақ жауды деп аяқтарын тарсылдатады, кемпірқосақ шықты деп қолдарын көтереді, күн шықты деп аяқтайды.

Психологиялық дайындық: көңіл күй картасы.
Бағалану ережесі
52 - 65 – «5», 37 – 51 - «4», 36 - 15 – «3».
2. Үй тапсырмасын тексеру

Бүгін үйге берген сабақты “Алтын тасты сұрақтар ” арқылы сұралады. Ол үшін әрқайсымыз ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беруіміз қажет.
1) Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі мақсаты?
Халыққа қызмет көрсету
2) Әлеуметтік инфрақұрылымның түрлері көп пе?
3) Қандай түрлерін білесін?
Мысал: Жастар үшін қызмет – білім беру, ал қарт адамдарға – кәрілікті әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету.
4) Әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың негізгі факторы?
Халықтық фактор.
5) Адамдар қандай көбіректеу тауарларға ақша жұмсайды?
Адамдар азық - түліктен ет, ұн және ұннан жасалған өнімдерге, көкөніске, май, қант және кәмпит сатып алуға, ал азықтық емес тауарлардан – киім, аяқ киім және тұрмыстық электр бұйымдарына көбірек ақша жұмсайды.
6) Сауданың негізгі бөлігі қандай сауда орындарының үлесіне тиеді? (Базарларға).
7) Қазақстандағы бөлшек және көтерме сауданың орталығы? (Алматы қаласы).
8) Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерін атап шық.
(Шаштараздар, кір жуатын жерлер, киім тазалау орындары, моншалар, автомобиль, тұрмыстық техникалар жөндеу, киім, аяқ киім тігу. Негізінен бұлар қалаларда шоғырланған).
9) «Қазақстан - 2030» бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі? (Халықтың денсаулығын сақтау).
10) Еліміздегі басты денсаулық сақтау орталықтары қандай қалаларда орналасқан? (Алматыда, Астанада, Қарағанды мен Семейде).
11) Еліміздің «еңбектеніп жатқан» халықтың ең үлкен «армиясы»? – (мектеп оқушылары).
12) Еліміздің ең студенттік қаласы: (Алматы (181 жоғарғы оқу орындарының 66 - сы орналасқан)).
13) Бұл курорттың зонасында 44 емдеу орыны бар, оның 16 - сы балаларға арналған. Мұнда сумен (минералдық және көп суы), балшықпен және қарағайлы орманның таза ауасымен емдейді. Бұл қандай курорт зона? (Шучье - Бурабай курорттық зонасы)
14) Бұл курорт зонасы (Павлодардың жанында) балшықпен емдеуге маманданған? (Мойынды курорты).
15) Еліміздің қай өңірі тұңғыш ұлттық парк пен курорттың отаны? (Солтүстік Қазақстан).
16) Бұл шаруашылық құрамына қонақ үйлер, демалыс үйлері мен базалары, санаторийлер, турбазалар, туристік көлік және т. б. кіреді. (Рекреациялық).
17) Қай жылы және қандай жаңа ұлттық парктер мен тау шаңғысы базалары салынып, ұйымдастырылды? (1990 жылы, «Бурабай», «Шарын каньоны», «Катонқарағай»).

3. Жаңа сабақ
Тапсырма №1. Сәйкестендіру кестесі.
1. Оның негізгі міндеті – халықты, шаруашылықтың барлық салаларын отынмен және энергия қуатымен қамтамасыз ету.------------------- Отын энергетикалық кешен
2. Жылу электр стансалары (ЖЭС)
Су электр стансалары (СЭС)
Атом электр стансалары (АЭС)--------------- Электр қуаты
3. Мұнай және мұнай өңдеу
Газ
Көмір---------------------------------------------- Отын өнеркәсібінің салалары

Тапсырма №2. Картамен жұмыс.
Бұл тапсырмада Қазақстанның экономикалық картасын пайдаланамыз. Тапсырмада картаға стикерлерді жабыстырып, мұнда пайдалы қазбалардың және кәсіпорындарының орнын анықтаймыз.

Тапсырма №3. Кроссворд. Агроөнеркәсіп.
1. Агроөнеркәсіптің ІІІ буыны.
2. Өсімдік шаруашылығы бақша шаруашылығы, жүзім шаруашылығы және осы шаруашылықтан тұрады.
3. Ауыл шаруашылығында негізгі зат әрі еңбек құралы болып саналады.
4. Қазақстанның қай аймағында күзде, қысқа қарай себілетін күздік бидай өсіріледі.
5. Негізгі әрі арзан дәрумендер көзі болып табылады.
6. Осы жерлермен еліміздің Батысы мен Шығысы жақсы қамтамасыз етілген.
7. Мал шаруашылығының негізгі өнімі.
8. Биязы жүнді қойлар.
9. Техникалық дақыл.
10. Қант қызылшасынан дәстүрлі түрде қандай өнім өндіреді?
11. Кондитер фабрикасы «Баян сұлу» орналасқан қала?
12. Жеңіл өнеркәсіптің «кез келген жерде» орналаса беретін саласы.
13. Францияда атақты жүзім өсіретін жердің атауы.

Тапсырма №4. «Дұрыс - бұрыс». Көлік кешені.
1. Көлік экономиканың «қан жүргізетін» жүйесі.
Ия Жоқ
2. Көлік 4 құрамдас бөліктен тұрады.
Ия Жоқ
3. Құрлық көлігі – біздің елімізде негізгі көлік түрі болып саналады.
Ия Жоқ
4. Темір жолдар Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында пайда болды.
Ия Жоқ
5. Тұңғыш ірі темір жол – Орынбор – Ташкент жолы.
Ия Жоқ
6. Әуе көлігі – ең жылдам, бірақ ең арзан көлік.
Ия Жоқ
7. Су көлігі теңіздік және өзендік болып бөлінеді.
Ия Жоқ
8. «Қазпошта» АҚ орасан үлкен шаруашылығы – пошта байланысы бұл ертеден келе жатқан сала.
Ия Жоқ
9. Автомагистральдің жалпы ұзындығы 300 мың километрдей?
Ия Жоқ
10. Біздің елімізде автомобиль бұрыннан бері ең жаппай қолданылатын көлік құралына айналды және жолаушы тасымалының таласысыз көшбасшысы.
Ия Жоқ

4. Сабақты бекіту. Тест.
1. Мырыш пен қорғасын өңдіретін ірі комбинат:
а) Ақтөбеде
ә) Шымкентте
б) Зырянда
в) Ақсуда
г) Өскеменде

2. Целлюлоза шығаратын қала:
а) Көкшетау
ә) Павлодар
б) Қарағанды
в) Алматы
г) Қазақстанда целлюлоза өндірісі жоқ

3. Қазақстандағы ең алғаш игерілген мұнай кен орны?
а) Доссор
ә) Өзен
б) Қашаған
в) Теңіз
г) Қаламқас

4. Қазақстандағы ірі мұнай - газ алабы:
а) Оңтүстік Торғай
ә) Маңғыстау
б) Шу - Сарысу
в) Зайсан
г) Орал - Ембі

5. Мұнай өңдейтін зауыт қай қалада орналасқан?
а) Алматы
ә) Астана
б) Атырау
в) Семей
г) Петропавл

6. Қазақстанның оңтүстік облыстарын газбен қамтамасыз ететін:
а) Бұхара – Орал
ә) Бұхара – Алматы
б) Орта Азия – Орталық
в) Атырау – Самара
г) Атырау – Новосибирск

7. Қарағанды көмір алабы қай жылдардан бастап кеңінен игеріле бастады?
а) 1920 ж
ә) 1930 ж
б) 1940 ж
в) 1950 ж
г) 1960 ж

8. Қоңыр көмірді қандай алапта және кен орнында өңдіреді?
а) Қарағанды
ә) Қаражыра
б) Шұбаркөл
в) Екібастұз
г) Майкүбі

9. Қайсы алапта көмірді шахталық әдіспен өңдіреді?
а) Қарағанды
ә) Қаражыра
б) Шұбаркөл
в) Екібастұз
г) Майкүбі

10. Қазақстандағы ірі ЖЭС:
а) Екібастұз МАЭС - 2
ә) Бұқтырма
б) Шүлбі
в) Алматы ЖЭС - 2
г) Екібастұз МАЭС - 1

11. Қай қалада трактор шығарылады?
а) Атырау
ә) Қызылорда
б) Павлодар
в) Талдықорған
г) Өскемен

12. Аккумулятор шығаратын зауыт қай қалада орналасқан?
а) Орал
ә) Астана
б) Қостанай
в) Талдықорған
г) Тараз

5. Сергіту сәті. Көңіл күй картасы
6. Үй тапсырмасы: Өткен тақырыптарды қайталау
7. Бағалау

Ақмола облысы, Жақсы ауданы,
Алғабас ауылы, Алғабас негізгі мектептің
география пәні мұғалімі
Қожахметов Тимур Боранбайұлы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 635
0
20 дауыс
Оқи отырыңыз
Көктемде. Етістікті қайталау
Көктемде. Етістікті қайталау
Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. Соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан - жануарлар көбейеді.
Күкірт және оның қосылыстары
Күкірт және оның қосылыстары
Күкірт – бірнеше мыңдаған жылдардан бері адамдар пайдаланып келе жатқан элементтің бірі. Соның бір дәлелі: біздің дәуірімізге дейінгі 680 ж. теңіз соғысында арабтарға қарсы византиялықтар жаңа өте күшті қару «грек отын» пайдаланады.
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
Word бөлімін қайталау, оқушылардың сонда алған білімдерін тексеру.
"Көктем келді" М. Жаманбалинов "Көктем келді" М. Әлімбаев
"Көктем келді" М. Жаманбалинов "Көктем келді" М. Әлімбаев
Көктем келді өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру. Өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.
Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есімнен өткенді қайталау
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі Шынаргуль Сагиндыковна Мальшубаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.