Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ә. Тәжібаев «Толағай» ертегісі

15 сәуір 2017, Сенбі
Ә. Тәжібаев «Толағай» ертегісі
Үздік ұстаз бәйгесіне
Сабақтың жабдығы:
Оқулық, кубик. карта, электронды оқулық, асықтар, интербелсенді тақта
Жалпы мақсаттар:
Сабақтың түйінді мақсаттары мен оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: әдеби ертегі туралы түсінік беру, «Толағай» әдеби ертегісінің мазмұны, негізгі идеясымен таныстыру
Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы мен оқушыларға қолдау көмек көрсетемін.
Ресурстар мен жабдықтар: оқулық, кубик, карта, электронды оқулық, интербелсенді
Сабақтың нәтижесі:
Білу және түсіну: “Толағай” ертегісін оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын, жадысын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Қолдану: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, тапсырылған жұмысты жылдам орындауға және алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, Оқу құралдарын түгелдеу,
психологиялық ахуал туғызу
Топқа бөлу
Сыныпты түрлі - түсті асықтармен топқа бөлу
I Ертегілер
II Шешендер
III Аңыздар

Ынтымақтастық атмосферасы
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік топ мүшелері сиқырлы таяқшамен тілектерін айтады.

Үй тапсырмасын сұрау
Діни әңгімелер «кубизм» әдісі бойынша тапсырмалар

Мағынаны тану
«Толағай» ертегісінің авторы Ә. Тәжібаевтың әр алуан қырын таныту.
1. Әбділдә Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кіріспе сөз./Слайд арқылы /
- Балалар, біз бүгін халқымыздың дарынды қаламгері Ә. Тәжібаев туралы біраз мағлұмат алып, шығармашылығынан хабардар боламыз.
Иә, балалар, Ә. Тәжібаев – туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі.. Оның өмірінен біраз мағлұматты өздерің де айтып өттіңдер. Оның ірі еңбектері мен де таныс болдық. Бүгінгі сабағымыз Ә. Тәжібаевтың Толағай әдеби ертегісі төңірегінде болмақ.
ІҮ. Әбділда Тәжібаев: ақын, дастаншы, прозашы, ойшыл, драматург, әдебиетші, қоғам қайраткері, үздік қаламгер.
2. Әдеби ертегінің жай ертегіден айырмашылығына тоқталу:
– ертегі дегеніміз не?
– оны неге ауыз әдебиеті түріне жатқызамыз?
– ертегілер қалай жазылады,
– қандай ертегілер білеміз?
… Ертегілердің бір саласы - әдеби ертегілер.
Авторы белгілі болса ертегіні әдеби ертегі деп атайды.
Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген аңыздардың негізінде туады. Әдеби ертегілер де халық ертегілері сияқты өлең сөз және қара сөз түрінде айтыла береді. Бұлар да еңбек адамын қадірлеуді, туған елін сүюді, биік адамгершілікті, шыншыл, әділетті болуды уағыздайды.
– ал, бүгінгі тақырыпқа назар аударайықшы, «Толағай» ертегісі неліктен әдеби ертегі деп аталған, оның ертегіден қандай айырмашылығын байқадыңдар? (өлеңмен жазылған авторы бар)
Ертегінің түрлері: түсінік беремін
Әдеби ертегіні түсіндіремін
Сергіту сәті:

Қазақша күй билеп, оқушылар денелерін жаттықтырады
Дәптермен жұмыс
Жылдар сөйлейді:
1909 жылы 4 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1978 жылы “ Толағай”әдеби ертегісі жазылған.
Толағай ертегісінің интербелсенді тақтадан мультфильмін көрсетемін.
Стоп кадр әдісі
Өлдім Балам Толағайжан
өлді сөзін қазақ тілі мен байланыстыру.
Топ бойынша жауап береді.
– Балалар қазақ тілінде бұл сөзді қалай жеткізеді.
- Дұрыс, дүниеден өтті, көз жұмды, бақилық болды, о дүниеге аттанды, дүние салды, қайтыс болды,
– Енді лексикадан бұларды қандай сөздер қатарына жатқызамыз? (Эвфемизм)
Ой толғаныс
Автор орындығы
Мұғалім сөзі: Оқушылар, ортадағы мына отырғыш автор орындығы деп аталады. Бұнда Толағай бейнесіне еніп, оқырмандар қойған сұраққа Толағай болып жауап беруіміз керек. Қане, кім Толағай болғысы келеді.
(Бір оқушы ортадағы орындыққа отырады. )
1. Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме?
2. Алда - жалда жұрт күйзелсе сен не істер едің?
3. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойыңнан табыла ма?
4. «Толағай» әдеби ертегісін құрылысына талдау жасау.
Басталуы. Саржан атты мерген болуы
Дамуы. Толағайдың дүниеге келуі
Байланысы. Әкесімен аң аулауға шығуы
Шиеленісуі. Жолбарыспен айқасуы
Шарықтау шегі. Еліне жауын жаумауы
Шешімі. Еліне жауын жаудыруы
Кім жылдам? әдісі
Ерлік, батырлық туралы мақал - мәтелдер

Сабақты бекіту.
1. Ертегі дастанға қандай оқиға арқау болған?
2. Ақын суреттеп отырған оқиға қай заманға сай келеді?
3. Ә. Тәжібаев кім болған?
Қорытынды. «Ерлік аспаннан түспейді, Ол Отанды сүюден басталады. Ал Отанды сүю үй ішіңнен, отбасынан басталады. Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді. Елін сүйген ер атанады. Өйткені ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал жүректе» деп айтқан Б. Момышұлының қанатты сөзін естен шығармайық.

Топ бойынша шағын эссе жазу
Отан үшін отқа түс күймейсің
Үй тапсырмасы:
Ертегіні оқу
Венн диаграммасы Толағай мен Кендебай
Толағай
Ортақ белгісі
Кендебай
Бағалау:
Бағалау парақшаларын тарату
Топ басшы парақшаларды толтырады
Кері байланысы:
Білгенім
Үйренгенім
Үйренгім келеді

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
Арай елді мекені, «Дәуір жалпы орта мектебі»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Салмирзаева Жанар Қабилқызы
11 676
0
4 дауыс
Оқи отырыңыз
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Сабақ мақсаты: Оқушыларға Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, мұхиттардың материкке тигізіп жатқан әсері, жағалауындағы ағып жатқан ағыстар, мұхит пайдалы қазбалары, тіршілік дүниесі, мұхиттардың ластану деңгейі туралы мағлұмат беру
Есімшенің жасалу жолдары
Есімшенің жасалу жолдары
Есімше – етістіктің ерекше түрі. Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде ешқандай қосымшасыз тұрып, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін, ал кім? не? деген сұрақтарға жауап беріп,
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
Word бөлімін қайталау, оқушылардың сонда алған білімдерін тексеру.
Күлтегін жыры
Күлтегін жыры
Күлтегін (684 - 731) – Қапаған және Біле қаған дәуіріндегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы. Құтлұғ қағанның кенже баласы. 7 жасында жетім қалып, 10 жасында ер атанады, 16 жасында қару - жарақ асынып, ел намысын, халық кегін қуып
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екi iшкi бұрыштың қосындысына тең.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.