Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Сенім – менің серігім

20 ақпан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сенім – менің серігім
Үздік ашық сабақтар бәйгесіне
Өзін өзі тану 5 сынып
Мақсаты: оқушылардың адамдардың бір - біріне деген сенімді қарым - қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
- сенім ұғымының мән - мағынасын ашу;
- өз замандастарымен сенімді қарым - қатынас құра білу қабілеттерін дамыту;
- өзіне, өзгеге және қоғамға сенім білдіруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: критикалық ойлау
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, талдау, ой толғау, сұрау, пікіралмасу
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: интербелсенді тақтамен, тақтамен, дәптермен, оқулықпен жұмыс
Керекті құрал – жабдықтар: интербелсенді тақта, үнтаспа, дәптер, оқулық, А4 форматты қағаздар, түрлі - түсті бояулар
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: ізгіліктік, мейірімділік, сенімділік, ұстамдылық, шыншылдық

I. Кіріспе бөлім
1. Шаттық шеңбері
Мұғалім сабақтың жақсы көңіл - күймен басталуы үшін, оқушылардың көңіліне сенімділік ұялатуы үшін оқушылардың шеңбер құрып тұруларын ұсынады және Р. Зайытов пен Л. Жолдасовтың «Сенім» әнін орындауды ұсынады.

2. Бейнеролик
Мұғалім оқушыларды орындарына жайғастырып болған соң, сабақ тақырыбына сын тұрғысынан ойлау арқылы өту мақсатында «Сенім» бейнеролигына назарларын аудартады, тақырыптың мазмұнына баяу енеді.

3. Әңгімелесу
Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында мұғалім сұхбат жүргізеді:
• Сенім деген сөзді қалай түсінесіңдер?
• Өзіңе біреу сенім артқан сәтте қандай сезімде боласыңдар?
• Қандай адамдар сенімге ие бола алады?
• Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?

II. Негізгі бөлім
1. Жаңа ақпарат
Мұғалім оқушылардың назарын өз күшіне, өз мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сене білуі және өзгенің өзіне білдірген сенімі арасындағы байланысына, арақатынасына аударту мақсатында: «Адамның өз - өзіне, өзгелерге сенім білдіруі, оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне - өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді» деген пікірді пайымдайды, ойларына сіңіріп алуларын түсіндіреді.

2. Жағдаяттарды талдау
Оқушылардың айтылған ойын тиянақтау үшін
оларға бірнеше жағдаяттар ұсынады.
- Б. Тұрсынбаевтың Жаңа дүкенде әңгімесі бойынша;
- Мұғалімнің тапсырмасы атты жағдаят;
- М. Гумеровтың Сенім әңгімесі бойынша;

3. Шығармашылық жұмыс
Мұғалім оқушылардың тақырыптың бойына одан әрі бойлаулары үшін «СЕНІМ» сөзінің әрбір әрпіне сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін тізіп жазуларын тапсырады.

4. Дәйексөз
Мұғалім оқушылардың назарын тақырыпта берілген Мағжан Жұмабаевтың даналық сөзіне аудартады, олардың пікірін сұрайды:
«Жақын адамдардың, достарыңның, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу – әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі».

III. Қорытынды бөлім
1. Жүректен жүрекке
Бұл айдарда мұғалім оқушыларды шеңберге шақырып, «Мен саған сенемін, себебі...» деп өз ойларын бір - біріне «Сенім» сөзі жазылған жүрекше шар арқылы айтуларын өтінеді. Және осыны орындап болған соң мұғалім оқушыларға жүрекшелер таратады, жүрекшелерге оқушының сенім білдіретін адамына ізгі ниетін жазып, тарту етуін тапсырады.
2. Рефлексия
Мұғалім оқушылармен бірігіп сабаққа қорытынды жасайды.
- Нені білемін?
- Не үйрендім?
- Нені білгім келеді? әдісі бойынша қорытынды жасауларын өтінеді.
3. Үй тапсырмасы
Мұғалім үй тапсырмасына «Сенім артамын...» тақырыбына ЭССЕ жазып келуді тапсырады.

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,
Баянауыл ауылы, Шәкен Айманов атындағы
жалпы орта білім беру мектеп - интернатының
өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі, жас маман
Серікбай Мадина Талғатқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 117
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Шаңырақ жарастығы
Шаңырақ жарастығы
Шаңырақтағы сыйластық, сүйіспеншілік, бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, қамқорлық, өзара түсінісу шаңырақтың сәнін кіргізіп, жарастық орнатады.
Қышқылдар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы.
Қышқылдар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы.
Қышқылдар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы. № 6 (6. 4) көрсетілім. №7 (7. 1) зертханалық тәжірибе.
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың түрлері көп: Дәрігер, мұғалім, құрылысшы, шаштараз, жүргізуші, аспазшы т. б көптеген мамандықтар бар. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білу керек.
Қасым Аманжолов өмірі мен қызметі. «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжолов өмірі мен қызметі. «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру, ақын тілінің ерекшелігін танытып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау.
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы селосы, Н. С. Манаев атындағы жалпы орта мектебінің биология пән мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.