Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Үй жануарлары. Төрт түлік.

15 сәуір 2017, Сенбі
Үй жануарлары. Төрт түлік.
«Үздік ұстаз» бәйгесіне
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жануарлар әлеміндегі сырлы құпиялар мен адам өміріндегі жануарлардың маңызы туралы мағлұмат беру.
Есім сөздерді, жалғауларды қайталау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Жануарларды қорғауға, оларға барынша қамқорлық жасауға баулу.
Сабақтың типі. Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: жануарлардың мүсіні, суреті, интерактивті тақта, т. б.
Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Түгендеу
3. Сабаққа назарларын аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1 Жабайы жануарлар туралы ізденушілік жұмыстар.
(д. ж. ең үлкен, ең кіші жануарлар)
2 Қасқыр, кірпі сөздеріне фонологиялық талдау жасау.
3 Жабайы жануарлардың суретін салу.

ІІІ Білімін жан - жақты тексеру (флипчарт) Айтылым
- Балалар, орманның ішінде көптеген жабайы жануарлар бар, оларды кейбір қастандық ойлағандар тордың ішіне аулап алыпты. Ал енді оларды жіберу үшін,

әрбір жануардың ішінде сұрақтар бар екен, дұрыс жауап берсеңдер, олар өз орманына қайта оралады. Ал, олай болса көмекке дайынбыз ба? Сұрақтар:
1. Қосымшаның неше түрі бар?
2. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
3. Зат есім дегеніміз не?
4. Сын есім дегеніміз не?
5. Сан есім дегеніміз не?
6. Етістік дегеніміз не?

- Ал енді балалар, кейде адамдар мен жануарлар ұқсас қылықтар жасап жатады екен. Ал енді сол қимылдарды тамашалағыларың келе ме? Тақтаға назар аударайық.(Слайдшоу)

Жануарларды орманына жіберсек, олар өз балаларын таба алмай жатыр екен. Енді соларға көмектесейік. Ол үшін анасын тауып, жанына балаларын қойсақ, бір сөйлем шығуы керек. (флипчарт)
1. Ешкім, бақпайды, жабайы, жануарларды.
2. Мен, жақсы, жануарларды, көремін.
3. Жабайы, орманда, тіршілік, етеді, жануарлар.
4. Өз, олар, қорегін, тауып, жейді, өздері.
5. Бөлінеді, жануарлар, екіге.

Ал енді, балалар сендермен кішкене ғана ойын ойнайықшы. Бұл ойында сендердің мергендіктерің сыналады.
«Мергендік» ойыны (флипчарт)
Ойын шарты бойынша тақтада жабайы жануарлардың аттары және көптік жалғаулары жазылып тұрады. Егер сөзге көптік жалғауын дұрыс жалғаса, онда сыйлыққа ие болады.
Сөздер:
Аю түлкі қоян жолбарыс піл керік
- лар - лер - дар - тар - дер - тер

ІV Жаңа сабақты игеруге даярлау
«Болжау стратегиясы»
Адамдар жабайы жануарлардың кей түрлерін қолға үйреткен. Онысымен қоймай, сахна төрінде де алар орны ерекше.
(Бейнетаспа) Цирктен үзінді.

Малға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
1 Малды теппе, ақты төкпе.
2 Малды басынан ұрма.
3. Малға теріс мінбе.

V Жаңа сабақ
Бүгінгі күнді жазғызу.
Яғни балалар, біз жануарларды үлкен екі топқа бөлеміз.
Жануарлар

Жабайы жануарлар
Үй жануарлары

Жабайы жануарлар туралы біраз мағлұмат алдық, ал енді үй жануарлары туралы айтамыз, соның ішінде қазақ халқы үшін ең қасиетті және қастерлісі төрт түлік. Төрт түлікке - түйе, сиыр, жылқы және қой - ешкі жатады. Бұл жануарлардың айырмашылығы - оларды адамдар бағады, жем - су, шөп береді. Төлдерін өсіреді. Біздің халқымыздың сонау атадан балаға, ұрпақтан - ұрпаққа мұра ретінде қалып келе жатқан мал шаруашылығы. Ал енді балалар, сендер осы төрт түліктің қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?

Айтылым
1 - оқушы. Үй жануарлары бізге өте көп пайда әкеледі. Мысалы: ішсек - сусын, оның дәлелі, біздің күнделікті пайдаланатын айран - сүтіміз, қымызымыз, шұбатымыз. Қымыз - жылқының сүті. Шұбат - түйенің сүті.

2 - оқушы. Жесек - ас, тағам. Олардың еттерінен түрлі дәмді тағамдарды әзірлейміз. Оның дәлелі қазақ халқының ежелден келе жатқан бесбармағы, қуырдағы, наурыз көжесі, т. б.

3 - оқушы. Кисек - киім. Осы төрт түліктің жүнінен түрлі жылы киімдер әзірленеді. Олардың жүнін иіріп, түрлі маталар дайындайды, терісінен тон тігіледі, т. б.

4 - оқушы. Мінсек - көлік. Сонау заманнан бері ата - бабаларымыз осы малдарды көлік ретінде пайдаланып келеді. Мысалы: құмды жерлерде таптырмас көлік - түйе, сонымен қатар жылқы.

Жарайсыңдар, балалар, ал енді бүгінгі сабағымызда кездесетін жаңа сөздікпен танысайық.(Аудиожазба) Тыңдалым
Қызмет етеді - служат
Шұбат - напиток из верблюжего молока
Қымыз - напиток из кобыльего молока
Төрт түлік - четыре вида домашнего скота
Үркегі - пугливый
Құттысы - приносящий благо
Сөздік бойынша грамматикалық тапсырма
1. Сөз тіркесін құрастыру
2. Сөйлем құрастыру

VІ Жаңа сабақты қалай игергенін тексеру
Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу Тыңдалым, оқылым
(Аудиожазбаны тыңдату) (тізбектетіп оқыту)

Үй жануарлары адамға қызмет етеді. Олар адамға киім, тамақ береді. Түйе сүтінен шұбат, жылқы сүтінен қымыз жасайды. Сиыр мен ешкі де сүт береді. Біздің халық бұл жануарларды төрт түлік деп атайды.
Түйе - малдың үлкені
Жылқы - малдың үркегі
Сиыр - малдың сүттісі
Қой - түліктің құттысы.

Осы тапсырма бойынша деңгейлік тапсырмалар орындау.
1 деңгей Қымыз сөзін септеу, жылқы сөзін тәуелдеу.
2 деңгей Адамға, сүтінен сөзін буынға бөліп, буын түрін ажырату
3 - деңгей Сұрақтарға жауап беру.
1 Үй жануарлары адамға қандай қызмет етеді?
2. Халық үй жануарларын қалай атайды?
3. Неге сиырды «малдың сүттісі» деп атайды?

Сергіту сәті.
Бұл кезеңде біз әр төлдің баласын шақыруымыз керек. Мүмкін сендер әнімен шақырарсыңдар, мүмкін сөзбен шақырасыңдар, әйтеуір, анасына баласын шақырып беруіміз керек.

«Сыңарын тап» ойыны
Сиыр сүт береді
Жылқы қымыз береді
Қой - ешкі жүн береді
Түйе шұбат береді

Дәптермен жұмыс Жазылым
2 - жаттығу
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою, қай сөз табы екенін анықтау, сөйлем мүшесіне талдау

Шығармашылық тапсырма
Біз енді сабақта жазушы болып көрейікші. Ол үшін сендерге балалар тақтада сурет беріледі, сол суретке тақырып қойып, одан әрі қарай мәтін құрастырып көрейікші.

Оқулықпен жұмыс
3 - жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, дыбыстық талдау жасау.

Балалар, қандай түліктің түрімен қазақта ұлттық ойындар ойналады? Кім айтады?
- Әрине, Қыз қуу.
Ал, олай болса, біз де қыз қуу ойынын ойнап көрейікші.

(Фонологиялық талдау)
Құтты
Үркек (екі оқушы)
Семантикалық карта (Интерактивті тақтамен жұмыс, сыныппен)

VІІ Сабақты бекіту:
Бүгінгі біздің сабақта қонақта болған жануарларымызды өз вагондарына салып жіберейік. Олар енді басқа балалармен танысады.
Үй жануарлары - 1 вагон
Жабайы жануарлар - 2 вагон (флипчарт)

- Сонымен балалар, төрт түліктің адам баласына пайдасы бар ма екен?
- Төлдерін атап жіберейікші.
Түсінікті болса, кішкене ғана тестіміз бар, соған жауап берейік.

Сабақты қорыту:
Тест (Активоид)
1. Төрт түлікті ата
а) жылқы, аю, түлкі
ә) сиыр, тиін, қасқыр
б) жылқы, сиыр, қой, түйе

2. Жылқының төлі
А) бұзау
ә) құлын
б) қозы

3. Зат есімді тап
А) ойнады
ә) сары
б) ешкі

4. Ашық буынды сөздерді тап
А) қозы, бота
ә) ана, ат
б) түлік, мал

5. Қымыз ненің сүті?
а) сиырдың
ә) ешкінің
б) жылқының

Үйге тапсырма: 1. Қазақстандағы ең көп тараған түлік
2. 4 - жаттығу 108 бет
3. Сөздік, ереже жаттау
Бағалау.

Жамбыл облысы, Меркі ауданы,
№44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Мырсеитова Лаура Ерлікқызы

Толық нұсқасын жүктеу
5 698
0
3 дауыс
Оқи отырыңыз
Балықтар. Қосмекенділер мен жорғалаушылар
Балықтар. Қосмекенділер мен жорғалаушылар
Балықтар, қосмекенділер мен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік беру. Тіршілік ету ортасы туралы мағлұмат беру. Жануарлардың атауларын ажырата білуге үйрету.
Құстар
Құстар
Құстар туралы білімдерін, таным - түсініктерін кеңейту; құстар тіршілігімен таныстыру; құстардың ерекшеліктерін айшықтап көрсету;
Бунақденелілер
Бунақденелілер
Бунақденелілердің жануарлардың тобына жататындығын және өздеріне тән тіршіліктерімен танысу. Олардың көп түрлілігін салыстыра отырып, пайдасын, зиянын және тіршілік ету ерекшелігін түсіну.
Сөз таптары
Сөз таптары
Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Алматы облысы, Райымбек ауданы Кеген ауылы, «Балауса»бөбекжай - балалар бақшасының тәрбиешісі Алпысбай Алмагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.