Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ниет тазалығы – имандылық мұраты

12 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Ниет тазалығы – имандылық мұраты

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, жақсы ой ойлауға, айнала қоршаған ортаға ізгі ниет тілей білуге үйрету арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Оқушыларға өмірде дұрыс мақсатқа жетуде жақсы ой, ізгі ниеттің адамға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы адалдық, адамгершілік қасиеттеріне түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушылар бойында шығармашылық тапсырмалар арқылы адалдық, жауапкершілік, адамгершілік, таза ниет қасиеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке, таза ниетке тәрбиелеу.

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.
ә) 5 Т - ны еске түсіру. (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таңыстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... нұр менің ішімде... мен нұрмын»
Осындай нұр, махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
• Балалар, жаттығу барысында не сездіңдер?
• Қандай күйде болдыңдар?
• Жүректеріңмен тыныштықты сезе алдыңдар ма?

2. Үй тапсырмасы.
Оқулықтың 15 бетіндегі 4 параграф «Ақыл бар жерде...» әңгімені оқып келу.
Тексеру сұрақтары:
1. Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі кездесіп не үшін таласып қалады?
2. Данышпанның бойында қандай қасиетті көруге болады?
3. Егер сенің өмірінде осындай жағдай болса оны қалай шешер едің? Нені таңдар едің?

Мұғалім: Жұбан Молдағалиев (1920 - 1989)

«Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген».

Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман - мұраттарының орындалуы.

• Курсант мырзалар, 16 - желтоқсан қандай мереке?
• Желтоқсан оқиғасы туралы сіздер не білесіздер?
• Сол кезде неге қазақ студенттері алаңға шықты деп ойлайсыздар?
• Қазақ студенттерінің бойында қандай қасиеттерді байқауға болады?
• Жастардың бойында қандай құндылықты аңғаруға болады?

3. Дәйек сөз.
«Өткен күннен алыс жоқ,
Келер күннен жақын жоқ»

Қазақтың халық мақалы

• Оқушыларға хормен айтқызу.
• Дәйек сөзді өз сөздеріңізбен түйіндеңіздер.
• Дәптерлеріне жаздыру.
• Оқушы жауабы тыңдалған соң, мұғалім қорытындылайды.

4. Әңгімелесу. Мұғалім сыйы.
Өсиет әңгіме «Жаңғырық заңы»
Бір кісі баласымен тауда серуендеп жүр еді, баласы шалынып құлап түседі. Ауырған жері жанына батқандықтан «А - а - а!» деп айқайлап жібереді. Жандарындағы таудан «А - а - а!» деген дауыс естілгенінде бала таң қалады.
Ешнәрсені түсінбеген бала: «Сен кімсің?» деп айқайлайды. Алған жауабы тағы да: «Сен кімсің?» болып келеді.
Бұл жауапқа ашуланып: «Сен қорқақсың!..» деп айқайлайды. Таудан келген дауыс «Сен қорқақсың!» деп жауап береді.
Бала әкесінен: «Әке бұл не?» - деп сұрайды. Әкесі: «Балам тыңда да, үйрен!» деді де, тауға қарап: «Мен саған қайран қалдым!» деп айқайлайды. Қайтқан жауап тағы да: «Мен саған қайран қалдым!» деп келеді.
Әкесі қайтадан айқайлайды: «Сен өте әдемісің!..» Жауапта: «Сен өте әдемісің» болып келеді. Бала қатты таң қалады, бірақ әлі не болғанын түсінбейді.
Әкесі оған: «Балам, адамдар мұны «жаңғырық» деп атайды, бірақ негізінде бұл өмір. Өмір әрқашан сенің бергендеріңді өзіңе қайтарады. Өмір – жасаған ісіміздің айнасы. Өзіңді өзгелер жақсы көрсің десең, алдымен өзің жақсы көр! Саған өзгелер жақсы мәміледе болуын қаласаң, өзің басқалармен жақсы қарым - қатынаста бол! Адамдардан құрмет көргің келсе, адамдарды өзің құрметте! Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы болуды үйрен!»
Бұл қағида өмірдің барлық кезеңі үшін бірдей.
Өмір кездейсоқтық нәрсе емес, жасаған әрекеттеріміздің айнадан кері шағылысуы ғана.

Сұрақтар:
1. «Жаңғырық заңы» дегеніміз не?
2. «Өмір – жасаған ісіміздің айнасы» дегенді қалай түсінесіздер?
3. Әкенің сөзі қандай құндылықты ашады?
4. Ниетіміз дұрыс болуы үшін біз не істеуіміз керек?
5. Әкенің бойында қандай қасиеттерді байқауға болады?
6. Өмірде қандай әрекет үшін өзіңді құрметтейсің?

5. Шығармашылық жұмыс.
Сынып түрлі түсті дөңгелекшелер арқылы 4 топқа бөлінеді. Сыныпқа «Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді» бейнебаяны көрсетіледі. Әр топқа жеке тапсырма беріліп, қорғалады:

1 топ: А3 форматты қағазына сурет салу.
2 топ: 4 жолды өлең құрастыру.
3 топ: Эссе жазу
4 топ: Коллаж жасау

6. Топпен ән айту.
«Мейірімді болайықшы, ағайын»
Сөзі: С. Қали
Әні: Қ. Махан
1. Көктем етіп көркейтсе де маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.
Өшігуді қояйықшы өзгеге,
Кешірімді болайықшы, ағайын!
2. Көк нөсерін көл етсе де жауындар,
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар.
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,
Мейірімді болайықшы, бауырлар!
3. Болашаққа қол ұстасып барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық.
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,
Кішіпейіл болайықшы, халайық!
4. Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек.
Өзімізге қалай тұғын нәрсені,
Тілейікші өзгеге де, болса деп!
5. Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,
Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып.
Қаратайық Құбылаға жүздерді,
Таратайық адамзатқа жылылық!

Қызыл түспен белгіленген сөздерге назар аудару, мағынасын ашып - түсіндіру.

7. Үй тапсырмасы.
Оқулықтың 19 бетіндегі 5 параграф «Болады деп арманда» М. Мақатаевтің өлінің оқып келу.

8. Қорытынды. Құрметті, курсант мырзалар, ұстаздар қазір біз өркендеудің жаңа жолында, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне бет алдық. Елбасы бекіткен жаңа экономикалық бағамда жаңа бағдарламалар, оның бағыттары және нәтижеге жету жолдары көрсетілген. Сол бағытты ұстанып, болашаққа сеніммен қарайық!

Соңғы тыныштық сәті. Жай, әсем музыка қойылады. Көзімізді жұмып, сабақтың жақсы көңіл - күйін естеріңізге алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар. «Мен өмірді сүйемін, өзімнің адамгершілік асыл қасиеттерімді жүзеге асыруға дайынмын. Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп, жақсы адамға айналамын». Рахмет!

Павлодар қаласы
КММ «Облыстық мамандандырылған әскери мектеп - интернаты»
өзін - өзі тану мұғалімі Омарова Асем Жангозыевна

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
5 111
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
М. Жұмабаев. Қазақ тілі
М. Жұмабаев. Қазақ тілі
Мағжан ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мәлімет бере отырып өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу, тіл тазалығы, тіл байлығы жайлы түсіндіру.
Мінез – адам көрсеткіші
Мінез – адам көрсеткіші
Мінез адам көрсеткіші екендігін түсіндіре отырып, Ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу. Оқушылардың көңіл тазалығы туралы түсініктерін кеңейту
Кедей. Сұлтанмахмұт Торайғыров
Кедей. Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірінен мәлім бере отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.
Біздің мейірімділікке жеңіл қадамымыз
Біздің мейірімділікке жеңіл қадамымыз
Мейірімділік, жақсылық, қамқорлық қасиеттері туралы түсінік беру; өзара сыйластық қарым - қатынастарын, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
Наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол - тіршілік арқауы - тамақ. Малдың қыстан аман шығуы, оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам - жаңа жыл болып саналған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.