Табиғи ортаның ластануы. Сөйлем мүшелерін қайталау
Үздік ұстаз бәйгесіне
1. Табиғи ортаның ластануы. Сөйлем мүшелерін қайталау.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Студенттерге табиғи ортаның қазіргі экологиялық жағдайымен сапасы туралы мағлұмат беру. Олардың адамның табиғат ресурстарын игерудегі жіберген қателіктері, ластағыш заттардың пайда болу процестері, табиғи және жасанды ластану көздері мен олардың түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау, еске түсіру, білімдерін пысықтау.
Міндеттері:
1. Мазмұнға байланысты: Қоршаған ортаның сапасын және ластануының салдарын меңгеріп, оларды қорғау шараларын үйренеді.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Мәтінді түсініп оқиды, талдайды.
3. Топтық жұмыс:
Зерттейді, анықтайды, талдайды, түсіндіреді, қорытындылайды.
Дамытушылық: Өткен сабақпен сабақтастыра отырып, ойлана білуге, әр студенттің ой - қиялына еркіндік бере отырып, ойын түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Студенттерді өз бетінше жұмыс жасауға, бірін – бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс – жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, төтенше жағдайларда қорғау, орыс тілі.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд топтамасы, сюжетті суреттер, тірек сөздер, деңгейлік тапсырмалар, сөздіктер.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс, зерттеу, шығармашылық жұмыс жасау, іздену жұмыстары, диалог құрып сөйлесу, деңгейлік тапсырмалар бойынша ойлану, ситуация, салыстыра отырып дәлелдеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Студенттермен сәлемдесу. Көңіл - күйлеріне мән беру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Студенттердің назарын үй тапсырмасына аударамын да, төмендегі сұрақтарды қоямын:
1. Қазақстанда Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитет қашан ұйымдастырылды?
2. Республика тарихында тұңғыш рет «Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң қашан қабылданды?
3. 1991 жылғы қыркүйектің 9 - ында «Қазақстанның Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитеті туралы» Ережені кімдер қабылдады?
III. Жаңа сабақ.
1. Эпиграф
«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ».
(студенттердің өз ойларын жинақтап айтқызуға, сабақта еңбектенуге жұмылдыру).
2. Кәсіби салаға байланысты тілдесім.
Оқытушы: «Туған жердің қара тасын мақтан ете алмаған азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес», - демекші, айналадағы ортаның ластану дәрежесінің күннен күнге ұлғаюы, химиялық қосылыстарды бақылаусыз қолдану – бүгінде барша адамды ерекше елеңдетіп отырған келелі де күрделі мәселенің бірі. Өйткені адамның бар өмірі табиғатпен тікелей сабақтас, олай болса, сол Табиғат – Ананың алдында әркім өзінің перзенттік борышын ұмытпағаны абзал
Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын мынандай проблемалық сұрақтар қоямын.
1. Экология дегеніміз не?
2. Табиғатты қорғау үшін қандай шара қолдану керек?
3. Табиғи орта не себептен ластанады?
3. Қызығушылықты ояту.
«Кубизм» стратегиясы.
1. Салыстырыңыз. Тұрлаулы мүше мен тұрлаусыз мүшелерді салыстыр.
2. Талқылаңыз. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не? Түрлерін ата.
3. Ажыратыңыз. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің түрлерін ажырат.
4. Мысал келтір. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге мысал келтір.
5. Қолданыңыз. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді пайдаланып мына сөз тіркестарімен сөйлем құра.
Экологиялық мәселелер, орман өрті, ауаның ластануы, ауыз су мәселесі.
6. Зерттеңіз. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің түрлерінің ерекшеліктеріне тоқтал.
4. Видеофильм «Адам мен табиғат».
5. Мағынаны ашу. Блумның сұрақ қою жүйесі.
Қоржындағы сөздер.
шоғырлану - скапливаться
ақыр соңында - в конце
қалдық - остаток
жойқын - сокрушительный
апат - авария
зардап - последствие
Жаңа сөздермен сөз тіркесін, одан кейін сөйлем құру.
6. Мәтін оқылады. Мәтін бойына деңгейлік сұрақтар дайындалады (оңай, орташа, жоғары).
I топ. Қоршаған ортаның ластануы.
II топ. Адам денсаулығына зиянды әсер ететін факторлар арасында әртүрлі ластаушы заттар бірінші орында тұр.
III топ. Табиғи ресурстар жай - күйінің есебі.
Табиғи ортаның ластануы
Адамның шаруашылық әрекеті қоршаған ортаның шамадан тыс ластануына алып келеді. Атмосфера мен гидросфераның өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қалдықтарымен, ал Дүниежүзілік мұхиттың мұнаймен ластануы, топырақ қабатында ауыр металдар мен улы заттардың шоғырлануы, тұрмыстық қалдықтар көлемінің артуы ақыр соңында адамның денсаулығына қауіп төндіреді.
Ең «лас» өнеркәсіп салаларына тау - кен және құрылыс материалдарын өндіру мен өңдеу, химия өнеркәсібі, целлюлоза - қағаз өнеркәсібі жатады.
БҰҰ – ның ғаламдық экологиялық мониторинг жүйесінің мәліметтеріне қарағанда, өзендердің нитраттармен, фосфаттармен және пестицидтермен, қалдық сулармен ластануы артуда.
Ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану қоршаған ортаға өзіндік қауіп - қатер төндіреді. 1986 жылы сәуір айында Чернобыль АЭС – нде болған жойқын апаттың зардаптары осы кезге дейін сақталып отыр. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің қызметі атом энергиясы өндірісін экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық тиімділігі жоғары салаға айналдыруға бағытталған.
7. Сауатты жазып үйренеміз.
Ел мен жер, оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқар таулары - біздің басты байлығымыз... Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Міне, осы қазынаны аға ұрпақ өкілдері – біз де, жас ұрпақ – сендер де, барлығымыз да көз қарашығындай сақтап, ел игілігіне жұмсауымыз қажет.
(Ыбырай Жақаев)
8. Берілген сауалдарға сүйене отырып, өз мамандығыңыз туралы мәтін құраңыз.
1. Сіз қай саланың маманысыз?
2. Мамандығыңыздың қиындығы мен қызығы қандай?
3. Өзіңіздің салаңызда жақсы маман болу үшін не істеуіңіз керек?
9. Шығармашылық «Айтысу».
Табиғат туралы өлең, жыр, мақал – мәтелдер айтып, өнерімізді ортаға саламыз.
10. Сұхбатты жалғастырыңыз.
- Сізді еліміздегі экология мәселесі алаңдата ма?
- Әрине, алаңдатады...
11. Адам табиғаттың қорғаушысы болу керек.
(табиғат тақырыбында түрлі слайдтар, суреттер ұсынылары).
* Топтық жұмыс.
*Әр топқа тірек сөздер беріледі, сөздердің көмегімен әр топ өз тақырыптары бойынша әңгімелейді.
I топ. Табиғатта бәрі байланыста.
II топ. Адам табиғаттың қорғаушысы.
IV. Қорытынды. Біздің еліміз, жеріміз табиғат берген байлықтан кенде емес, сол байлықтың иесі мына сендерсіңдер. Табиғатымызды, байлығымызды сақтай біліп, келешек ұрпаққа аманат етіп тапсыру біздің азаматтық борышымыз.
Бүгінгі сабағымызды ағамыз Мұқағали Мақатаевтың өлең жолымен аяқтағым келіп тұр:
Ей, табиғат, шеберсің - ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.
Ұлан ғайыр бұлағыңды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің!
Айың - анау. Күнің - анау. Жерің - мынау.
Ау, адамдар, жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар, ағайын,
Асырайды ол сені, мені, елді де!
Осымен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Сабаққа белсенді қатысқандарыңызға көп рахмет.
V. Үйге тапсырма: «Табиғатқа аялы көзқарас» тақырыбында эссе жазу.
VI. Бағалау. Сабақта белсенділік танытқан студенттердің білімін бағалау.
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,
Борки кенті, Солтүстік Қазақстан кәсіптік – педагогикалық колледжінің
қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Басығарина Бақытгүл Болатқызы

Оқи отырыңыз
«Наурыз» С. Сейфуллин
С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
Жарықтың сынуы, шағылу заңдары
Жарық бөлшектері – бұл фотондар бұлар денелерге түсіп, заттың бөлшектерімен әсерлеседі, яғни жарықтың әсерінен денелер қызады. Маталардың бояуы оңады, фототопластинкалар қараяды.
Сөйлем түрлері
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы №2 Аманқарағай орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Туребекова Ләзиза Мұқышқызы
Қанайналым мүшелері. Жүрек және қан тамырларының құрылысы.
Ағзаның ішкі ортасы, жүрек - қан тамырлар жүйесі тараулары бойынша алған білімдерін тереңдету арқылы негізгі ұғымдарды қалыптастыру және тиянақтап қорытындылау;
Ағаштан күрек жасау
Бүгінгі күннің қажеттілігі – кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету, оқушыларға ағаш материалдары негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, бұйымды өтімді, тартымды жасауға үйрету.
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.