Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»

12 ақпан 2016, Жұма
БҚО, Казталов ауданы,
Қараөзен мектеп - лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тасқалиева Альбина Ерболатқызы

Қазақ әдебиеті 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу» (Ана жыры)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Ілияс Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу» шығармасын таныту, өлеңнің құрылысына назар аудартып, талдау, «Бесік жырымен үндестігін ұғындыру;
Тәрбиелік: ақын өлеңін оқи отырып, шәкірттерді ауыз әдебиетті сүюге, ананы аялай білуге баулу, адамгершілікке, еңбекке, халық дәстүрі мен салтын құрметтеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өз бетімен және топта жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, СТО технологиясы, топтық және шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Көрнекілігі: АКТ, бесік, айна, тарақ, қайшы, т. б.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, халықтық педагогика, тарих, т. б.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық даярлық.
(Оқушыларға үй тапсырмасы ретінде тақия және камзол әкелу тапсырылған болатын. Сабақ барысында ұстаз да оқушылар да қазақы киімдермен отырады).
- Балалар, алдымен барлығымыз бір-бірімізбен нағыз қазақтарша амандасып алайықшы. Бабаларымыз қалай амандасқан.
- Ал енді көңіл - күйлеріңіз қандай? Бас бармақ арқылы көрсетейікші.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Топтық тапсырма.
1 топ. Ілиястың өмірінен слайд даярлау.
2 топ. Әсет Найманбаев туралы мәлімет жинау.
3 топ. «Әнші» әнінен Әсеттің бейнесін жасап шығару, әндерінің таралуын картадан көрсету.

Ә. Найманбаевтың «Қоңыр қаз» әнін тыңдау.

Мұғалім сөзі:
- Балалар, өткен сабақта әнші туралы мол түсінік алдық. Ал әннің де түрі көп. Әйгілі Затаевичтің «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай…» деуінің астарында көп сыр бар. Ұлы Абай: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең» - деп жырлайды. Қазақтай әнші халықтың әр перзенті ән айта білген екен. Соның ішінде ең қасиеттісін, қадірлісін кімдер айтқан? Олар қандай әндер деп ойлайсыңдар?
- Сабағымызға кіріспес бұрын мына бейнекөрініске назар аударайық.

Қызығушылықты ояту. Құйыршық мультфильмінен үзінді көрсету.

Мағынаны тану.
А) Аудио кітаптан «Бөбек бөлеу» өлеңін тыңдату.
Ә) Слайд арқылы «Бесік жырымен» үндестігін, сәбиге пайдасын айту.
Б) Бесік туралы қосымша мәліметтер беру.

Топтық жұмыс.
І Әдебиетшілер. «Бөбек бөлеу» өлеңін талдау
ІІ Салыстырушылар. «Атаның әлдиі» мен «Ана әлдиін» салыстыру.
ІІІ Дәстүртанушылар. Сәбиге байланысты орындалатын дәстүрлерді теру, ырым - тыйымдарды айту.

Бейнекөрініс. Асыл арнадан ата - ананы құрметтеу туралы бейнекөрініс көрсету.
(Ақпарат көзі: Асыл арна. sahih hadister. Анаға Құрмет. YouTube)

Шығармашылық жұмыс.
«Менің анам» тақырыбында бір шумақ өлең шығару.
Бекіту. Тақырыптық тест.
1. Ілияс Жансүгіровтің әкесі қандай жан?
А. Домбырашы, ұста.
Ә. Би, күйші.
Б. Домбырашы, биші.
2. Ақынның баспа бетін көрген алғашқы туындысы –
А. Құлагер.
Ә. Тілек
Б. Күйші.
3. Ілияс Жансүгіров қай ақынның шығармаларын қазақша сөйлетті?
А. А. С. Пушкин
Ә. О. Сүлейменов.
Б. Л. Толстой
4.“Әнші” өлеңінде Әсеттің қай әнінің аты аталады?
А. Қоңыр қаз
Ә. Қаракөз
Б. Інжу - маржан.
5. Ілияс: “... Ойым ояна бастады. Қанбай, қайта - қайта оқи беретін болдым”- деп қай ақынның шығармалары туралы жазды?
А. Мұхтар.
Ә. Абай.
Б. Ыбырай.
6.”І. Жансүгіров – қазақ әдебиетінің көгіндегі аз ғана жарық жұлдыздардың бірі”. Пікір авторын тап.
А. С. Мұқанов.
Ә. М. Әуезов.
Б. Ә. Тәжібаев.
7. “Бөбек бөлеу” өлеңін қандай жыр дейміз?
А. Ана жыры
Ә. Әке жыры
Б. Балалар әні

Дұрыс жауаптар кілті.
1. А.
2. Ә.
3. А.
4. Б.
5. Ә.
6. Б.
7. А.

Үйге тапсырма.
Қазақтың өзге де ақындарының бесік жырларын тауып жазып келу, ұнағанын жаттап алу.
Қазақ эстрадасындағы жаңа нұсқада орындалып жүрген “Бесік жырларын” орындаушыларымен бірге тауып, жазу.

Бағалау.
Мұғалім сөзі:
- Балалар, көңіл - күйлеріңіз қандай? Бас бармақ арқылы көрсетейікші.
Қорытындылау. М. Беспаевтың орындауындағы «Бесік жырын» қосылып шырқау.
«Бесік жыры». Әні: А. Бексұлтан
Сөзі: Қ. Сарин.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Қосымшасын жүктеу
Қосымшаны жүктеу
3 275
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Болымды және болымсыз етістіктер
Болымды және болымсыз етістіктер
Тыйым сөздермен жұмыс. Балалар, қазақтың ырым, тыйым сөздері – кез келген адамды жамандық жасамауға, әдепті болуға үйрететін тәлімі мол сөздер. Ендеше, тыйым сөздер айтып көрейік. 1. Бос бесікті тербетпе. 2. Малды теппе.
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыс
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыс
Ойын ережесі Ойынды бастамас бұрын банктен 25 пайыздық жылдық үстемемен 2000 теңгеден несие аласыңдар. Жыл соңында, яғни сабақ аяқталарда банкке несиелеріңізді үстемесімен қайтаруларың керек.
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Атырау қаласындағы химия - биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Текеева Жанша Тажибаевна
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Омоним, синоним, антонимдер туралы түсініктерін тексеру, өткен тақырыптарға мысалдар келтіру.
Күй сандықты ашамыз
Күй сандықты ашамыз
БҚО, Ақсай қаласы №3 МДБҰ Жоғары санатты музыка жетекшісі Нуралиева Галия Аленовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.