Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Менің бос уақытым

30 қараша 2016, Сәрсенбі
Менің бос уақытым
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің бос уақытым
Сабақтың мақсаты: Бос уақыт туралы түсінік беру. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету; оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау. Уақытты дұрыс пайдалануға, үнемдеуге үйрету, жауапкершілікке баулу.
Күтілетін нәтиже: Жаңа сөздерді ауыз екі сөйлеу барысында бүгінгі өмірде қолдана алады. Уақыттың қадірін өз сөзімен баяндайды, салыстырады, өз іс - әрекеттеріне баға береді, топ ішіндегі белсенділігі артады.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер:
1. «Суреттер сөйлейді» әдісі.
2. «Веер» әдісі арқылы өткен тақырыптарды тексеру.
3. «Топтық тергеу» мәтінмен жұмыс
4. «Грамматика көпірі»
5. «Сана саяжолы» әдісі.

Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық ахуал туғызу.
«Бұл - мен, бұл - сен, бұл - менің достарым».
- Еліміздің болашағы кім?
- Мектебіміздің мақтанышы кім?
- Мұғалімдердің сүйікті шәкірттері кім?
- Бүгінгі сабақтың белсенді қатысушылары кім?

2. Топтың «Алтын ережесімен» таныстыру.
* Тыныштықты сақтау;
* Бірін - бірі тыңдау;
* Белсенді қатысу;
*Уақытқа бағыну.

3. Әр топ мүшелеріне Бағалау парағы беріледі. Бағалау критерийі кітапшасымен таныстырады.

4. «Тірек сигналымен» таныстыру.
Текшенің көк жағы - жұмыс істеу барысында тұрады;
Текшенің қызыл жағы - сұрақтары болса қояды;
Текшенің жасыл жағы - дайын болғанда қояды;
Текшенің сары жағын – уақыт керек болғанда қояды.

5. «Сағат тілі» арқылы үйге берілген жазба жұмысын тексеру.
«Қатысу» ауыспалы келер шақта жіктеу.

Үй жұмысы барысында жіберген қателерімен коррекция жасап өту.
6. «Веер» әдісі бойынша өткен тақырыпты қорытындылау.

Мақсаты: Өтілген материалдарды қайталау арқылы оқушылардың меңгерген білімдерін тексеру.

Білім
Қызығушылықтарын ояту
Ой қозғау – 2 минут
«Суреттер сөйлейді» әісі
Интербелсенді тақтадағы суреттерге назар аудартады.
Сурет бойынша сұрақтар қояды.

Түсіну
Сөздік жұмысы
1. Сөздік жұмысы
бос уақыт - свободное время
көркем шығарма - художественная произведения
кейіпкер - персонаж
қадірлеу – ценить
жоспарлау - планировать
мақсатқа жету - достичь цели
Мақсаты: Жаңа сөздерді дұрыс айттыру, қолдану.

«Топтық тергеу» әдісі бойынша топпен жұмыс жасайды.

2. Мәтінмен жұмыс.
Барлығы мәтінді көз жүгіртіп оқып шығады.
1 - топ. «Оқырмандар»
2 - топ. «Тілшілер»
3 - топ.«Дәнекершілер»
Мақсаты: Мәтінді жеке оқып шығу, топ мүшелерімен бірге берілген тапсырманы орындау. Топтар бірін - бірі дұрыс бағалау.

Оқушылар қате жіберсе коррекция жасау керек

Сергіту сәті 2 минут
Қолдану мен талдау
«Грамматика көпірі»
Әр тапсырманың орындалуына тоқталып, түсіндіріп кетеді.
Оқушылар қате жіберсе коррекция жасау керек

Жинақтау
Постер
Әр топқа А3 қағазында салынған суретті береді.
1 - топқа Сағат пен ұшқан
құс.
2 - топқа Қойын дәптер мен қалам.
3 - топқа Күнтізбе парағы.
Мақсаты: Өтілген тақырыптарды жинақтау. Өз ойларын жүзеге асыру.

Рефлексия
«Сана саяжолы» әдісі
Оқушыларды екі қатарға тізіліп тұруларын өтінеді.
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасының орындалу жолын түсіндіреді.
Бағалау

Павлодар облысы, Павлодар қаласы,
М. Әуезов атындағы №42 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жаменкенова Айнұр Зейноллақызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 595
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Ғылыми жаңалықтар мен технологиялар
Ғылыми жаңалықтар мен технологиялар
Сөздік қорларын арттырып, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау. Ұқсас тақырыптар бойынша мәтіндердегі нақты үзінділерді салыстырады, жанрлық ерекшелігіне талдау жасайды.
Тілдер патшалығына саяхат
Тілдер патшалығына саяхат
Күнделікті қолданылатын тәрбиелік мәні бар сөздерді ойындар ойната отырып үйрету. Ұйқас сөздерді қайталау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын арттыру. Байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәуелдік жалғауын пысықтау. Қазақстанның табиғаты
Тәуелдік жалғауын пысықтау. Қазақстанның табиғаты
Тәуелдік жалғауы туралы түсініктерін пысықтау. Қазақстан табиғаты тақырыбы бойынша білімдерін толықтыру. Сөздерді тәуелдеу арқылы оқушылардың логикалық ойлау өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, ауыз – екі сөйлеу тілдерін дамыту.
Менің мектебім
Менің мектебім
Сөз байлығын молайту, сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізуге машықтандыру, өткен ережелерге қорытынды жасауға үйрету.
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Омоним, синоним, антонимдер туралы түсініктерін тексеру, өткен тақырыптарға мысалдар келтіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.