Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қазақстан спорты қарыштап дамуда. Септеулік шылау

12 қаңтар 2017, Бейсенбі
Қазақстан спорты қарыштап дамуда. Септеулік шылау.

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне

Қазақ тілі 9 сынып
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың Қазақстан спорт жұлдыздары туралы алған білімдерін тексеру, спорт тақырыбын қорытындылау. тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, ауызша сөйлеу, көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтық презентация, үлестірмелі жадығат: мәтін, ереже, семантикалық карта
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту, сұрақ – жауап, орысшаға аудару, талдау, өзіндік іздену, баяндау, семантикалық карта толтыру, қазақшаға аудару, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кеспелер, кестелер, жетондар.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, дене шынықтыру.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Ынтымақтастық атмосфералық жағдай қалыптастыру. Шаттық шеңбер құру.
Мұғалім:— Балалар, бүгінгі сабағымызға мектеп ұстаздары қонаққа келіп отыр. Бүгін алған білімдерімізді көрсетіп, өз ойымызды ашық айтуға шақырамын. Бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеймін! Топқа бөліну. Оқушылар доп лақтыру арқылы бір - біріне жылы лебіздер білдіреді. Мұғалім спорт құрал - саймандарын ортаға, үстел үстіне қояды. Оқушылар спорт құрал - саймандарын алу арқылы 2 топқа бөлінеді:
1 - топ: Боксшылар тобы 2 - топ: Зілтеміршілер тобы болып бөлінеді.
Мұғалім: Білімдерімізді жүйелеп, сарапқа салу үшін, біз екі командаға бөлініп жұмыс істейміз. Жақсы жұмыс істеген команда «Жеңімпаз» атанады. Командалар әрбір дұрыс жауабы үшін жетондар алады. Көп жетон жинаған топ жеңіске жетеді. ( жетондар жеңіс медалі орнына беріледі.) Жауап берілген сұрақтарына, орындаған тапсырмалары бойынша жетондармен бағаланады. Қай топ көп жетон жинаса, сол топ жеңімпаз болады.
1. Мұғалім: - Балалар, сабақты бастамас үшін орындалатын әнді мұқият тыңдайық!(Әннің бір шумағы орындалады.)
Мұғалім:- Балалар, немен таныс болдыңдар?- Бұл - әнді естідіңдер ме? - Бұл ән қалай аталады? –
- Көк тудың желбірегені» әні - жанды тебірентіп, рухты оятатын нағыз патриоттық ән. - Ән не туралы екен?- Отан туралы және мемлекеттік рәмізіміздің бірі ту туралы. - Олай болса «Отан» сөзін қалай түсінеміз?- Отан - жер, ана, туған далам, кең өлкем...
- Балалар, әннің қайырмасындағы сөздеріне көңіл аударайықшы.
1. Мәнерлеп оқу. Көк тудың желбірегені - Жаныма қуат береді. Таласқа түссе жан мен ту. Жан емес, Маған керегі - Көк тудың желбірегені.
2. Жаңа сөздермен танысу
Сөздік жұмысы: Сөздер: Ту - флаг, Қуат – сила, Жан – душа, Желбірегені – развеялся, Талас – спор, Түссе - если наступит, Маған керегі - мне нужно.
Мұғалім:- Балалар, биыл біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғанына неше жыл толды? - Биыл 25 жыл толды. - Балалар, бұл өлең жолдарында не туралы айтылған? (Балалар жауаптары.)- Бұл өлең жолдарында көк байрағымыздың, көк аспан астында желбірегені адам жүрегіне, жанына рух, күш беретінін көре аламыз. Егер әр адамның таңдауы болса, онда ол сол елі үшін өзінің жаның құрбан етуге дайын тұруы керек. Жерім, елім деп соққан әрбір жүрек сол елінің үлкен мақтанышы, батыры, бетке ұстар азаматы бола алады. - Ал, балалар, сендер Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына қандай үлес қосудасыз?
- Бүгінгі сабағымызда Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына үлестерін қосқан олимпиада ойындарында жеңіске жетіп, ән ұранды шырқатып; қазақ елінің көк туын желбіреткен қазақтың спорт саңлақтары туралы болады және шылаудың келесі турі « Септеулікпен» танысамыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
I тур: «Интеллектуалды марафон» әдісі бойынша екі топқа ортақ сұрақтар қойылады.
1. Ежелгі олимпиада ойындары қай елде пайда болды?
2. Олимпиада ойындарының негізгі белгісі не?
3. Бес шығыршық ненің белгісі? 4. Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы кім?
5. Қазақ халқының ұлттық спорт ойындары ата.
6. Лондон олимпиадасы туралы не білесің
7. Лондон Олимпиадасының жүлдегерлерін ата.
8. Жазғы және қысқы спорт түрлерін атаңдар9. Шылау дегеніміз не? 10. Жалғаулық дегеніміз не?

II. «Интеллектуалды көкпар» әдісі бойынша сөйлемдерді орысшаға аударып, жалғаулықтардың түрлерін ажырату. Тақтада берілген сөздермен жұмыстанады.
1. Үстелде қалам да, қарындаш та, дәптер де жатыр.
2. Ол орыс, бірақ қазақша сөйлей алады.
3. Кеше мен жұмыстан ерте кетіп қалдым, өйткені басым қатты ауырды.
4. Мен ауырып қалдым, сол себептен сабаққа бармадым.
5. Біресе күн жылы болады, біресе қатты аяз, жел соғады.
6. Егер олар келмесе, онда біз өзіміз барамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Слайдтық презентация көрсету. Презентация арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын ашатын мәтінмен танысады және грамматикалық тақырыппен танысады.
— Қалай ойлайсыңдар не мен осы слайдты көрсеттім, осыны көру барысында не елестетіндер?— Бұл слайдта кімдерді көрдіңдер?— Иә, дұрыс бұл біздің аққайындық спортшыларымыз. Жаңағы раушан гүлінің ашылуындай жарқ ете ашылып, шетелдерде қорғап туған жерінің, ел намысын, Қазақстанның туын биік шындарға көтеріп жүрген спортшыларымыз. Риода өткен 31 Жазғы олимпиадасында жеңіске жеткен спортшылары туралы сөз қозғаймыз.— Дәптерімізді ашып, күннің жадысын жазыңдар.

2. Мәтінмен жұмыс. Мәтін парақшалары таратылады.
Қазақстан спорты қарыштап дамуда.
Қазір Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған. Сондықтан спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылған спортшылар аз емес. Қазақстан спорты жылдан жылға дамып келеді. Қазақстаннан 1996 жылы Атланта қаласында өткен олимпиадаға 94 спортшы қатысып, құрама 3 алтын, 4 күміс, 4 қола, барлығы 11 медальді, командалық есепте 24 - інші орынды иеленді. 2000 жылғы Сидней олимпиадасында 130 спортшы бақ сынап, Қазақстан 22 - інші орынға көтерілді. 2004 жылғы Афины олимпиадасына 114 спортшы барып, Қазақстан құрамасы 202 мемлекеттің арасынан 40 - ыншы орынға төмендеп кетті. 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында 129 спортшы додаға түсіп, Қазақстан 29 - ыншы орыннан көрінді. 2012 жылғы Лондон олимпиадасы аса сәтті болды. 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль алған қазақстандықтар 204 елдің арасынан 12 - інші орынды еншіледі. Биыл 2016 жылы Қазақстан медальдар санын 17 - ге жеткізді. Қазақстанның Рио Олимпиадасындағы толағай табыстары - Тәуелсіздіктің 25 жылдығы тойланатын мерекелі жылда ел еңсесі тағы бір көтерілді.

XXXI жазғы Олимпиада ойындары Бразилия мемлекетінде, Рио - де – Жанейро қаласында ұйымдастырылды. Бұл олимпиада 2016 жылдың 5 - 21 тамыз аралығында өткізілді. Бұл олимпиадаға 146 елдерден 5412 спортшылар қатысты. Спорттың 28 спорт түрінен 306 комплект медальдар берілді. Ойындар Рио - де – Жанейро қаласындағы «Маракана» атты спорт кешенінде өтті... Рио Олимпиадасына Қазақстаннан әлемдік бәсекеге 26 спорт түрінен 104 спортшы қатысып, бақ сынады. Қазақстандықтар барлығы 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) алып, ел спорты тарихында күміс және жалпы жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Алтыны аздау демесек, төрт жылда бір келетін дүниежүзілік додада ел қоржынына түскен бұл жүлделердің бәсі жоғары. Рио - де - Жанейродағы Олимпиада ойындарындағы жеңісі үшін (алтын белгі) қазақстандық атлеттер, Лондон Ойындарындағыдай 250 мың доллар сыйақы алады. Күміс жүлдегерлер 150 мың америка валютасын, ал қола иегерлері – 75 доллар сыйақы алады.
1 орын жүлдегерлері - 3. Олар: 1. Ниджат Рахимов, ауыр атлетика, 2. Дмитрий Баландин, жүзу, 3. Данияр Елеусінов. Бокс
2 орын жүлдегерлері - 5. Олар: 1. Елдос Сметов, дзюдо. 2. Жазира Жаппарқұл, ауыр атлетика 3. Василий Левит, бокс 4. Әділбек Ниязымбетов, бокс 5. Гюзель Манюрова, әйелдер күресі
3 орын жүлдегерлері - 9. Олар: 1. Галбадрах Отгонцэцэг, дзюдо, 2. Фархад Харки, ауыр атлетика, 3. Карина Горичева, ауыр атлетика, 4. Ольга Рыпакова, жеңіл атлетика, 5. Эльмира Сыдықова, әйелдер күресі, 6. Екатерина Ларионова, әйелдер күресі, 7. Иван Дычко, бокс, 8. Дариға Шакимова, бокс, 9. Кайрат Ералиев, бокс.
Н. Назарбаев Рио Олимпиадасының чемпиондарын II дәрежелі «Барыс» орденімен Данияр Елеусіновты, Дмитрий Баландинді, Ниджат Раxимовты, Василий Левитті марапаттады

Грамматикалық тапсырма: Ереже парақшалары таратылады.
 Септеуліктер — белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылады. Сөздерді сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады. Септеуліктер мезгіл, мақсат және себеп - салдар мағыналарын айқындап, сөзден кейін қолданылады. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, кейбір етістік түрлерімен тіркесе алады.
 Атау септігіне қатысты септеуліктер: Үшін – для, сайын - каждый раз, сияқты - как, туралы про, арқылы - через, бойы, бойымен – вдоль, шамалы, шақты - около, приблизительно. Барыс септігіне қатысты септеуліктер: дейін (шейін)- до, к, қарай, таман - в сторону, тарта, жуық, таяу – около.
 Шығыс септігіне қатысты септеуліктер: гөрі – по сравнению, бері - с тех пор, кейін - после, соң - после, бұрын - до.
 Көмектес септігіне қатысты септеуліктер: қатар - в одном ряду, бірге – вместе, қоса - двоём вместе

IV. БекітуIII - тур. «Постер қорғау»әдісі арқылы топтпр спорт тақырыбына постерлерін қорғайды. 1 - топ: Боксшылар тобы. Бокс спорты туралы постер қорғау. 2 - топ: Зілтеміршілер тобы. Ауыр атлетика спорты туралы постер қорғау.

IV тур. Интеллектуалды жекпе — жек. Қима қағаздармен жұмыс. Семантикалық картаны толтыру. Қима қағаздарын ауыстырып, бір - бірін тексеру. Сөздер: үшін, бері, туралы, дейін, шейін, жуық, секілді, бірге, соң, гөрі, кейін, сайын

V тур. Интеллектуалды спринг
Тапсырма:
Сөз тіркестерді қазақшаға аударып, септіктерді табу, сөйлем құрастыру.
1 - топ: до Олимпиады, в течение года, по его рассказам, после состязаний, после обеда
2 - топ: через тебя, о спорте, ради тебя, для здоровья, с прошлого года

Сергіту сәті: Қадыр Мырза Әлі ағамыздың өлеңін еске түсіріп, сергіп алайық.
- Екі көзің не үшін керек?- Жақсыларды көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек? Елге көмек беру үшін.
Құлақ деген не үшін керек? Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
- Тіл мен жағың не үшін керек?- Ақиқатты айту үшін.
- Ал аяғың не үшін керек?- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін -
Ал, шылау не үшін қажет?... Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру үшін керек екен.- Иә, балалар, туған жерге жету үшін екі аяғың қалай керек болса, қазақ тілінің дәрежесі жоғары болуына шылау сынды сөз табының қосар үлесі зор. Міне, балалар, жүйелі ойлау, ой - өріс кеңістігімізді кеңеюіне шылаулар да үлкен ықпал етеді.

V. Қорытындылау. Сұрақ – жауап
1. XXXI жазғы Олимпиада ойындары қайда ұйымдастырылды?
2. Олимпиада қашан өтті? –
3. Ойындар қай кешенде өтті?
4. Рио Олимпиадасына Қазақстаннан әлемдік бәсекеге неше спорт түрінен, қанша спортшы қатысты?
5. Қазақстандықтар барлығы неше медаль алды?
6. Рио Олимпиада чемпиондары кімдер?
7. Біздің облыста спорттың қай түрлері жақсы дамыған?
8. Орал қаласында қандай ірі спорт ғимараттары бар?
9. Жерлес чемпиондарымыз кімдер?
10. Батыс Қазақстаннан Рио олимпиадасының олимпиада чемпиондары болған кімдер?

VI. Оқушылардың білімін бағалау. Топтық жұмысты қорытындылау. Жетондар санын анықтау.
Рефлексия. Мұғалім «Бағдаршам» парағына өздеріне ұнаған түске стикер жабыстыруды ұсынады: Қызыл түс - «сабақ ұнамады». Сары түс – «орташа». Жасыл түс -«сабақ ұнады».

VII. Үйге тапсырмасын беру. 1. Берілген мәтінді әңгімелеу. 2. Спорт туралы мақал - мәтелді жазып келу.

Батыс Қазақстан облысы,
Зеленов ауданы, Махамбет ауылы,
Махамбет жалпы орта білім беретін мектеп - балабақшасы
I санатты орыс сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Жумашева Нургуль Муратовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 220
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Қонақ үйде
Қонақ үйде
Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен ұштастыру.
Баскетбол үйірмесі. Сын есім
Баскетбол үйірмесі. Сын есім
Жан – жақты білімін кеңейту, ауызекі сөйлеу дағдысын арттырып, есте сақтау қабілетін дамыту Оқушыларды салауатты өмір сүруге, спортпен шұғылдануға баулу
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздердің жасалу жолдарын меңгерту, түрлерін таныту. Ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау.
Шылау
Шылау
Шылаудың басқа сөз таптарынан мынандай айырмашылықтары бар екні түсіндіріледі. - Шылаудың толық мағынасы болмайды. - Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды. - Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. - Шылаулар өзі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.