Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Спортты ұнатасың ба? Есімдік

12 сәуір 2017, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Спортты ұнатасың ба? (5 сынып)
Грамматикалық тақырып: Есімдік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Спорт туралы білімдерін тереңдету
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Ойлау қабілеттерін дамыту, ойын толық жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік: Денсаулық туралы пайдалы кеңестер алу. Спортқа сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, оқу аудару, талдау, топтық, жеке жұмыстар, сұрақ жауап, сергіту ойыны.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық

І. Шаттық шеңбері:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
Сабақты бастамас бұрын бір - бірімізге ыстық лебізімізді білдірейік.
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
- Ал, балалар қане бәріміз ортаға кеп, күнге ұқсас шеңбер құрайық. Туған жерімізге нұрын шашып, әрдайым шуағын төгіп тұрған күн шеңберінде еліміздің әнұранын бірге шырқайық.(Қолымызды жүрегімізге қоямыз).
Енді «Мина» ойыны арқылы өткен сабақты пысықтайық. Кім қателесе сол айып төлейді, яғни сұрақтарға жауап бересіңдер. Өткен сабақты «Мина» ойыны арқылы еске түсіру.
- Қазақтың ұлттық спорт түрлерін ата.
- «Бірінші байлық - денсаулық» дегенді қалай түсінесің? («Бірінші байлық - денсаулық» дегенді мен былай түсінемін Әр адам жеке басының тазалығын сақтауы, спортпен шұғылдануы, уақытымен дұрыс тамақтануы, ішімдіктен, темекіден аулақ болуы)
Қазақстанның белгілі спортшыларын ата.
Қысқы олимпиадада өткен спорт түрлері (мәнерлеп сырғанау, хоккей, биатлон, шаңғы, шаңғымен секіру, конькимен жүгіру)
- Ұлттық ойындар адамды неге үйретеді? (жылдамдыққа, ептілікке, ойлауға, өнерлі болуға үйретеді.
Балалар біз өз білімімізді тексеру мақсатында сабағымызды сайыс түрінде жалғастырамыз. Түрлі - түсті кәмпиттер арқылы 2 топқа бөлінеміз.
кәмпиттер арқылы 2 топқа бөлінеміз
1 - топтың аты - « Палуандар»
2 - топтың аты - «Боксшылар»
Балалар, бүгін сабақтың барысында сендер жұпта, жеке жұмыс істейсіңдер. Бір – біріңді бағалап, фишка аласыңдар. Жинаған фишкаларыңды санап, қорытынды баға шығарамыз

ІІ Өткен сабақ 1. Сұрақ – жауап.
- Спорт дегеніміз не? (денсаулық кепілі) Адам баласы спортпен денсаулығын жақсартады, өзін - өзі дамыту үшін шұғылданады.
1. Саған спорт ұнай ма?
2. Спорттың қай түрімен шұғылданасың?
3 Ұлттық ойындарды білесіңдер?
Кім жылдам? ойынын өткіземіз. Спортшының аты жөнін және қандай спорт түрінен жеңімпаз болғанын анықтау керек.
Олимпиадада біздің спортшыларымыз алтын алқа тағып, көк туымыз көкке желбіреп, әнұранымыз шырқалып жатқан уақытта көзімізге еріксіз жас келді. Қазақстан деген елімізді бүкіл елге паж етті. Бізде өз еліміздің патриоттарымыз.

III. Жаңа сабақ: Сөйлем құрастыру
Сөздік
салауатты өмір салты – здоровый образ жизни
серуен – прогулка
ұйықтау – спать
зор – огромный
тиіс – положено
тиімді – полезный
зиян – вред
қадағалау – соблюдать
жағдай – условия
Таза ауа - чистый воздух
Жат әдеттер - вредные привычки
ұғу – понимать

ІV Дәптермен жұмыс
Жаңа сөздер бойынша сөйлемдер құру.
1. Балалар күніне 10 - 11 сағат ұйықтау керек.
2. Ұйықтар алдында майлы тамақ жеу зиян.
3. Денсаулық - зор байлық.
4. Әр адам спортпен айналысу тиіс.
5. Салауатты өмір салтын қадағалау - біздің міндетіміз.

V. Сергіту сәті
Оқылым әрекеті:
Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.
Салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір - екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7 - 8 сағаттан кем болмауы тиіс. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз.
Сөйлесім әрекеті:
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Мәтінде не туралы айтылады?
2. Салауатты өмір салтына нелер жатады?
3. Ұйқының пайдасы қандай?
4. Неге салауатты өмір салтын сақтау керек?

VI. Ой толғаныс. Топтардың жұмысы:
1. Салауатты өмір салтын қалыптастыратын ережелерін құрастыру: табиғатта серуендеу, спортпен шұғылдану, таза ауада жүру, дұрыс тамақтану, 7 - 8 сағат ұйықтау.
2. Спортпен шұғылданатын адамның бейнесін суреттеңдер. Дені сау адам.( білімді, еңбекқор, спортшы, көңілді, ақылды, қоғамға пайдасын тигізеді.)
Постер қорғау. Әр топ өз суретін қорғайды.
Жазылым әрекеті: Дәптермен жұмыс
Өмір тәуелдеу - І топ
Адам септеу – ІІ топ

2 - тапсырма
1. Есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер қалай аталады?
А) үстеу ә) есімдік б) етістік
2. Есімдіктерді табыңдар.
1) үш, бес
Ә) оқиды, жазады
Б) мен, сол
3. Өздік есімдігі қатысқан сөйлемді анықтаңдар.
А) Ол спортпен айналысқанды ұнатады.
Ә) Өзіміз үйде жаттығулар жасаймыз.
Б) Сендерге қандай спорт түрі ұнайды?
4) Болымсыз етістікті табыңдар?
А) келмеді, келген жоқ
Ә) келді ме?
Б) келу керек
5. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жазыңдар.
.... мектепте жақсы оқимын...... ұстазымызбен бірге әртүрлі тарихи орындарға барамыз.
А) сен, олар ә) мен, біз б) сіз, саған
6. Серік Сәпиев қандай спорт түрінен жеңімпаз болды?
А) ауыр атлетикадан ә) жеңіл атлетикадан б) бокстан
7) Спорт түрлерін табыңдар.
А) күрес, каратэ
Ә) Ән, күй
б) сурет, мүсін өнері

VII. «Ойлан тап»
Әр оқушы мұғалімнің қолындағы қорапқа бір затын салады, мұғалім кез келген затты көрсеткенде, оқушы мұғалім сұрағына жауап беруі тиіс.
Қорытынды. Балалар дәптерлерінде мидың суретін салады. Әр оқушы мидың суретіне сабақта үйренген жаңа сөздерді жазады.

VIII. Сабақты қорыту:
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік
IХ. Үйге тапсырма: «Менің сүйікті спортым» шағын әңгіме жазу.

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы,
№ 9 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Сергазина Гүлмира Сейтжанқызы

Толық нұсқасын жүктеу
2 421
3
69 дауыс
Оқи отырыңыз
Спортпен айналысамыз
Спортпен айналысамыз
Берілген материалдың мағынасын түсінеді, сөздерді жіктейді, есімдіктерді, демеулік шылауларды атап, мысалдар келтіре алады.
Тәуелсіздік тұғырым
Тәуелсіздік тұғырым
Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өздерінің елі, халқы үшін, жері үшін құрбан болған батырлардың ерлігі, оқушыларды елін, туған жерін халқын сүюге, патриоттыққа, еліміздің Рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Менің мектебім
Менің мектебім
Сөз байлығын молайту, сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізуге машықтандыру, өткен ережелерге қорытынды жасауға үйрету.
Үй құстары
Үй құстары
Үй құстарына деген сүйіспеншіліктерін, қамқорлық сезімдерін ояту. Жаңа Сөздерді меңгерте отырып, сөздік қорларын молайту.
Күншуақ
Күншуақ
Пішін, көлем және түс бойынша түсініктерін қалыптастыру; бір және көп деген сөздерді айырып білуге үйрету, танып білуін өніктіру, сенсорлық эталонын бекіту; эмоциялық көңілді көтеру, баланың енжарлық салып сөйлеуін толықтырып, байытып және түсінетін
Пікірлер (3)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Светлана
Светлана Қонақ 13 сәуір 2017 10:36
0
Сізге сәттілік тілеймін!!!
nafisa
nafisa Қонақ 13 сәуір 2017 17:41
0
Рахмет!!! Өте жақсы.
Галина Ивановна Муритова
Галина Ивановна Муритова Қонақ 14 сәуір 2017 23:51
0
спасибо за работу