Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

XVIII ғасырдағы Солтүстік Америка

12 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Тарих
Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
Қордай ауылы, №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп - гимназия
Тарих пәні мұғалімі Абуева Гүлжамал Серікбайқызы

Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдағы Солтүстік Америка
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Еуропалықтар Солтүстік Американы отарлай бастауының мақсаттарын аша отырып, солтүстік және оңтүстік отарлар шаруашылығында қалыптасқан ерекшеліктерін табу.
Дамытушылық: Тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары, пісіп - жетілгендігін, АҚШ мемлекеті революциялық жолмен құрылған тұңғыш демократиялық республика екенін дәлелдер келтіру арқылы айқындауға бағыттау.
Тәрбиелік: Бостандық пен құқыққа қысым жасаушыларға айыптаушылық көзқарас қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Күтілетін нәтиже: Жұппен жұмыс жасау дағдылары дамиды, басқалар пікірін тыңдай білуге үйренеді, интербелсенді және қалыптастырушы бағалау тәсілдері арқылы тақырыпты өздіктерінен оқып үйреніп, өз ойын ашық айтып, дәлелдеуге дағдыланады.
Картамен жұмыс жасау тәсілдерін жетілдіру, саяси қайраткерлердің қызметіне талдау жасау және баға беру арқылы оқушылардың логикалық ой - өрісін жетілдіреді, танымдық қызығушылықтары дамиды.
Дереккөздер және жабдықтар: Дүние жүзінің ХУІІ – ХУІІІ ғас. картасы, тақта, интерактивті тақта
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Блум таксономиясы. Өзара белсенді оқыту, жұппен, топпен жұмыс, «БББ»кестесі, «сұрақ қою техникасы», «детальдарын қосу», «тұлғаны таны».
Бағалау: Қалыптастырушы бағалаудың: «А», «Б», «С», «Д» критерилері \дескрипторлары негізінді\ мен балдық жүйесін қолдану.

Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта жағымды эмоциялық ахуал қалыптастыру.
Топтарға бөлу. «Отар»,«Экономика», «Соғыс», «Конституция»

Білу. «А»критерий; Үй тапсырмасы бойынша білімін тексеру. «Бірге ойланайық»
1. Өмір сүрудің басты шарты болып табылатын - феодалдардың жерге толық құқығы болмаған қоғам - деп мұғалім айтады, оқушылар тобы үнсіздікте, мұғалім командасы бойынша бір мезетте жауабын жазып көтереді. \феодализм\
2. Қол астында колониялары\отарлары\ бар отарлаушы мемлекет\метрополия\
“Революция”,“Буржуазиялық революция”,“Демократия”, “Республика” сөздеріне осылай жалғастырады. Мұғалім оқушылар жауаптарының дұрыс, бұрыстығын дер кезінде хабарлайды.
Америка континентінің картасы көрсетіліп сұрақтар беру арқылы жаңа тақырыпты анықтайды.\Жаңа тақырып Солтүстік Америка\

«БББ»әдісі Оқушылар Америка туралы бұған дейін не білетіндері және не білгісі келетіндері туралы баяндайды.
Түсіну. «Б»критерий. ЖИГСО - төрт топ ереже бойынша жаңа сабақты оқып, меңгереді.
Оқу жоспары: Еуропалық державалардың Солтүстік Американы отарлауы
- Британдық отарлау жүйесі
- ХУІІ ғасыр
- 1625ж. І Карл - король
- Виргиня Нью - Иорк

Қолдану. «С»критерий. І. «Сұрақ қою техникасы»
1. Солтүстік Америкадағы Англияның отаршыл қарсыластары қай елдер?
\Испания, Франция, Голландия\
2. ХУІІІ ғасырдың ортасында отарлар өз ішінде неше топқа бөлінді \3\
Корольдік жерлер. Жеке жерлер. Қауымдық жерлер
3. Корольдік иеліктерге қай жерлер кірді?
Виргиния - 1607ж.
Нью - Иорк - 1664ж.
4. Картамен жұмыс: ХУІІІ ғасырдың орта шенінде Атлант мұхитының шығысында 13 ағылшын отары болды. Отарлар:
Солтүстігінде – Нью - Гемпшир, Массачусетс - жаңа Англияға қоныс
аударушылардың алғашқы мекені. Коннектикут, Род - Айленд
Орталығында – Пенсильвания, Нью - Йорк, Нью - Джерси, Делавар, Мериленд
Оңтүстігінде – Оңтүстік және Солтүстік Каролина, Виргиния, Джорджия
5. Виргинияда қоғамдық құрылым мен әлеуметтік қатынастар қалай қалыптасты? Қоғамдағы басқардың түрлерін анықта.

ІІ. «ҰСМҚ»\ұстаным, себеп, мысал, қорытынды\
1. ХУІІ ғасырдың І жартысында солтүстік отарларында әлеуметтік - экономикалық жағынан дамыды
2. Еркін қоныс аударушылар өмір сүру деңгейі орта дәрежелі еуропалықтардан жоғары болды
3. Феодализм Солтүстік Америкада толық тамыр жая алмады
4. Елдің негізгі бөлігі фермелер болды

Талдау. «С»критерий. І. «Детальдарын қосу». Үлгісі:
“Конституция”тобы: Бастапқы сөйлем; 1787ж. АҚШ - та федералдық конституция қабылданды. Кеңейтілген сөйлем: 1787ж. Жазында барлық штаттардың өкілдері қатысқан ресми съезд өтті. Осында федералдық конституция қабылданды. Конституцияның прогрессивті мәні болғанымен, әлі де демократиялық бола алмады Конституцияның құрылуына дем берген Джордж Мэдисон – оның жобасын дайындауға қатысқан. “Отар тобы; ”Бастапқы сөйлем;
Отарлау саясаты тәуелсіздік үшін соғыстың алғышарттарын тудырды.
“Экономика”тобы; Бастапқы сөйлем;
“Гербтік салық” туралы акт қабылдады.

“Соғыс”тобы Бастапқы сөйлем;
1773жылы “Бостандағы шай ішу”оқиғасы тарихта қалды.
Кеңейтілген сөйлеммен оқушылар жауап береді.

ІІ. Кестені толтыру тапсырмаларын топтарда орындайды, жауабын баяндайды.
Соғыстың барысы
Хронологиялық талдау
Соғыстың нәтижесі
Соғыстың қорытындылары

ІІІ. «Тұлғаны таны» Ел билеушілер суреті шығарылып, ол туралы қызметінен үзінді келтіреді.
Мысалы: 1789жылы Конгресс сайлауы болып, АҚШ - тың тұңғыш президенті атанды. Ол билік құрған жылы 1791жылы конституцияға 10 түрлі өзгеріс енгізілді. АҚШ тарихында бұл өзгерістер “Адам құқығы туралы билль” деген атпен қалды. Оқушылар суретте кім екенін табады.

Сергіту сәті: Әліпби желісі. Берілген әріптен басталатын тақырыпта кездесетін сөздерді атайды.
А - Англия, Б - Бостон В - Виргиния, Г - Гарвард Д - демократия Е - еріктілер, Ж - жоғарғы сот, З - заң, И - идея, К - конституция Қ -” Құқықтар Декларациясы” Л - лоялистер, М - Массачусетс Н - негрлер, П - президент.

Жинақтау: «Д» критерий «БББ» кестесі. Кестенің «Білдім»бөліміне жазған мазмұн бойынша 3, 5, 7 сөйлеммен қорытындылау.

Бағалау. Дарындылықты анықтау
Бостандық пен құқыққа қысым жасаушыларға айыптаушылық көзқарас, тәуелсіздіктің маңызы, саяси қайраткерлердің қызметіне баға беру.
Қалыптастырушы бағалаудың: «А», «Б», «С», «Д» критериилері \дескрипторлары негізінді\ мен балдық жүйесін қолдану арқылы баға қою.
Үйге тапсырма: Революцияға дейінгі отарлар жағдайы, Революция нәтижесіндегі өзгерістерін салыстыра отырып 1. Мемлекеттік құрылыс қандай болды? 2. Билік басына кімдер келді? 3. Жер кімнің қарамағында болды? 4. Құлдық мәселесі қалай шешілді? анықта.
Кері байланыс: «Екі ұсыныс, бір тілек»

Толық нұсқасын жүктеу
2 231
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Антонимдер
Антонимдер
Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал - мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады. (дәптерлеріне антонимдерді теріп жазады) •
Шылау
Шылау
Шылаудың басқа сөз таптарынан мынандай айырмашылықтары бар екні түсіндіріледі. - Шылаудың толық мағынасы болмайды. - Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды. - Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. - Шылаулар өзі
Болымды және болымсыз етістіктер
Болымды және болымсыз етістіктер
Тыйым сөздермен жұмыс. Балалар, қазақтың ырым, тыйым сөздері – кез келген адамды жамандық жасамауға, әдепті болуға үйрететін тәлімі мол сөздер. Ендеше, тыйым сөздер айтып көрейік. 1. Бос бесікті тербетпе. 2. Малды теппе.
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы селосы, Н. С. Манаев атындағы жалпы орта мектебінің биология пән мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Атырау қаласындағы химия - биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Текеева Жанша Тажибаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.