Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика геометриядан сабақтар топтамасы

12 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Мұндағы сабақтар тізімі:
1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
2. Координаталық жазықтық
3. Тригонометриялық тепе-теңдіктер


Сабақтар тақырыбы: Координаталық жазықтық
Сабақтың мақсаты:
а) түзулердің орналасуын, оларды сала білуді үйрету. Координаталық жазықтықта координатасы берілген нүктелерді сала білуге, нүктелердің координаталарын таба білуге үйрету.
б) оқушылардың ойын дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу.
в) оқушыларды дәлдікке, ептілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдіс – тәсілі: түрлі стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: буклет, карточкалар, Р. Декардтың портреті, суретті плакат, интерактивті
тақта, компьютер, бағалау жетондары.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. «Еске түсіру» стратегиясы
III. «Ой шақыру» стратегиясы
IV. «Миға шабуыл» стратегиясы
V. «Ой толғаныс» тест
VI. Бағалау. Үйге тапсырма.

«Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді, бірі - математикамен шұғылдану, екіншісі - одан сабақ беру». (С. Д. Пуассон).

- Оқушылар, біз осы тарауда қандай тақырыптарды оқып үйрендік?
- (оқушылардың жауабы)
- Ал, ендеше біз сол координат жазықтығының осьтеріне орай 2 топқа бөлінеміз.
І топ – Абсцисса
ІІ топ – Ордината
Координата басы – топ басшысы
ІІ. «Еске түсіру» стратегиясы
– Қазір мен сіздерге тұжырымдамалар айтамын. Сендер дұрыс болса қолдарыңды горизонталь
созасыңдар, ал дұрыс болмаса вертикаль көтересіңдер.
1. Өзара қиылыспайтын түзулер перпендикуляр деп аталады.
2. Түзуге берілген нүктеден 1 ғана перпендикуляр жүргізуге болады.
3. А(3; 0) ОУ осьінде жатыр.
4. Вертикаль бұрыштар өзара тең.
5. Рене Декарт француз математигі және философы.
Рене Декарт туралы ой.
Картези француз философы, физигі, әрі математигі. Декарт аналитикалық геометрияның негізін салды. Қазіргі кездегі қолданылып жүрген көптеген алгебралық белгілерді енгізді. Декарт координаталар әдісі қолданылады.

ІІІ. «Ой шақыру» стратегиясы
Қарияның хаты: Менің саған деп қалдырған қазынам бір жерде тығулы жатыр. Ал оны тауып алғың келсе үйден (жоғары қарай) қораға дейін 3 қадам, ал сонан соң оңға қарай 4 қадам жүрсең немесе үйден (оңға қарай) құдыққа қарай 4 қадам, сонан соң жоғары қарай 3 қадам жүрсең бір жерде түйісесің, сол жерде саған деген қазына байлығым жатыр.

IV. «Миға шабуыл» стратегиясы
«Суретшілер жарысы»
Координаталар бойынша нүктелерді тауып саласыңдар, сонда сурет шығады.
І топ ------------------------ ІІ топ
А(- 6; 1) Б(- 6; 5) С(- 8; 5) Ц(- 8; 6) --------------- О(4; 2) Р(1; 2) Д(3; 4) И(2; 4)
И(- 3; 6) С(- 3; 5) С(- 5; 5) А(- 5; 1) ------------- Н(4; 6) А(6; 4) Т(5; 4) А(7; 2)
- Сонда қандай сурет шықты?
- Шырша, Т әрпі.
- Қандай жыл келді?
- Тышқан.
- Сіздерге мол табыс, үлкен адамгершілік қасиеттер тілеймін. Жарқын болашаққа білімді ұрпақпен қадам басайық!
«Нысана көздеу» ойыны.
Кім координаталық жазықтықтағы аңдардың координатасын дұрыс тапса, сол бала сол аңды атып алады.
1. Аққу. 2. Қасқыр. 3. Қоян. 4. Түлкі.
- Ал, балалар аққуды атуға бола ма?
- Жоқ, аққуды киелі құс деп атпаған.
А тобы: Төбелері арқылы тік төртбұрыш сал.
І топ. А(- 2; 2) В(- 5; 2) С(- 5; 4) Д(- 2; 4)
ІІ топ. А(- 3; 2) В(- 6; 2) С(- 5; 4) Д(- 3; 5)
В тобы: ОУ, ОХ координата осьіне қатысты симметриялық фигура сал.
С тобы: шыққан фигураның периметрін, ауданын тап.
Ал, балалар, сонымен біз осы тарау бойынша білімімізді қорытындыладық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 382
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу ережесімен таныстыру және есептер шығаруда қолдана отырып, сан аралығымен жаза білу.
Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені салу тақырыбына Есептер шығару.
Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені салу тақырыбына Есептер шығару.
Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені сала білуге, берілген нүктелердің координаталарын табу біліктіліктерін пысықтау.
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктелерді белгілеу
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктелерді белгілеу
Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Қуанышбекова Самал Көшкенқызы
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктелер салу
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктелер салу
Атырау қаласы Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жұмашева Зоя Сарсенбайқызы
Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі
Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: * Планиметрия мен стреометрия арасындағы пәнаралық байланыс пен ұқсастықты қолданып, оқушылардың « тікбұрышты координаталар жүйесі» туралы түсінігін кеңейту;
Координаталары бойынша нүктелерді салу тақырыбына есептер шығару
Координаталары бойынша нүктелерді салу тақырыбына есептер шығару
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катон ауылы "Ленин атындағы орта мектебі" КММ матемаика пәнінің мұғалімі Жанузакова Аяулым Жанатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×