Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені салу тақырыбына Есептер шығару.

02 сәуір 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
6 сынып
Тақырыбы: «Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені салу» тақырыбына Есептер шығару.
Білімділік мақсаты: Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені сала білуге, берілген нүктелердің координаталарын табу біліктіліктерін пысықтау.
Дамытушылық мақсаты: Әрбір жеке тұлғаның логикалық ой - өрісін, есте сақтау, сызбамен жұмыс істеу қабілеттерін және шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың өз ойын ашық айтуға, өз бетімен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, нәтиже алуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточкалар, тест есептері.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, жеке, топтық жұмыс.
Сабақтың типі: Білім – білік, дағдыны қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Білімді көтеру, дұрыс шешім қабылдау, ұқыпты болу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын слайд арқылы тексеру. Оқушылар көршісімен дәптерілерімен алмасып бір - бірінің үй жұмыстарын тексереді. № 1141 есеп және тышқанның суретін салып келу.
Қайталау сұрақтары.
Координаталар жүйесі қалай құрылады?
Координаталық жазықтық нені атаймыз?
Вертикаль осьті қалай атаймыз?
Горизонталь ості қалай атаймыз?
Абсцисса осі мен ордината осінің қиылысу нүктесін қалай атаймыз?
Координаталық жазықтықта нүктенің орны қалай анықталады?
Нүкте координатасы қалай жазылады?
Бірінші координата қалай аталады?
Екінші координата қалай аталады?
Координаталық жазықтық неше бөліктен тұрады?
Ширектердегі абсциссалар мен ординаталардың таңбалары қандай болады?
Ауызша есеп. Нүктелердің координаталарын ата. А (2; 2), В(- 4; 3), С (- 5; 0), D (- 3;- 2), F(4;- 1), E(0;- 2)
Оқулықпен жұмыс. Сапалы есептер шығару.
№1142.
Координаталық жазықтықта АВСД тік төртбұрышының А(- 2; - 2), В(- 2; 2) және С(4; 2) төбелері бойынша оның Д төбесінің координатасын анықтаңдар. Берілген тік төртбұрыштың периметрін есептпе табыңдар. Бірлік кесіндіні 1 см - ге тең.
Шығармашылық жұмыс.
Координаталары берілген нүктелерді тап және оларды қос.
1 тапсырма 15 баллға бағаланады
1) (3; 6), 2) (6; 3), 3) (15; 3), 4) (18; 6), 5) (10; 6), 6) (10; 16) 7) (13; 11), 8) (12; 15), 9) (13; 14), 10) (10; 14), 11) (16; 6)
2 тапсырма 10 баллға бағаланады
1) (- 4; 2), 2) (- 2; 4), 3) (2; 4) 4) (4; 2) 5) (4;- 2) 6) (2;- 4)
7) (- 2;- 4) 8) (- 4;- 2)
3 тапсырма 5 баллға бағаланады
1) (- 4; 0) 2) (- 2; 4) 3) (2; 4) 4) (4; 0) 5) (2;- 4) 6) (- 2;- 4)
Сергіту сәті.
Кино, театрға барғанда - қатар мен орынды анықтау. Географиялық картада пайдалану. Ендігі, бойлығы арқылы қалалардың орнын анықтау. Ұшқыштар мен теңізшілер координаталық сетканың көмегі арқылы объектілердің орнын анықтайды. Бүгінгі сабағымызға Рене Декарт – француз философы, математигі, физик және физиологі. (1596 - 1650) қандай байланысы бар?. Декарттық координаталар жүйесі Р. Декарттың құрметіне аталады.
Нүктелерді ата.
(- 9; 0),(- 4; 0),(1; 0),(5; 0),(7; 0),(9; 0) мына берілген нүкте координаталарының қандай айырмашылығы бар? (0; 7),(0; 5),(0; 3),(0;- 3),(0;- 5),(0;- 8) мына берілген нүктелер қайда орналасады?

Пән мұғалімі: Елубай Б. А.

Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені салу тақырыбына Есептер шығару. жүктеу
Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені салу тақырыбына Есептер шығару. слайдты жүктеу
7 407
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу.
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу.
Координаталық жазықтықтықтағы нүктенің абсцисса осі мен ордината осін ажырата алуы тиіс; Координаталық жазықтықтағы берілген нүктенің координаталарын табуды және оны жазуды үйренуге тиіс.
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу
Тік бұрышты координаталар жүйесін түсіндіре білу; координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталарын табу, координаталары бойынша нүктені салу.
Кесінді ортасының координаталары есептер шығару
Кесінді ортасының координаталары есептер шығару
Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық координаталық жазықтық деп аталады. Санақ басы ортақ, өзара екі перпендикуляр түзуді координаталық жүйе деп атайды.
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктелерді белгілеу
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктелерді белгілеу
Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Қуанышбекова Самал Көшкенқызы
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктелер салу
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктелер салу
Атырау қаласы Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жұмашева Зоя Сарсенбайқызы
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу
Қызылорда қаласы, №11 орта мектептің математика пән мұғалімі Рсаева Айман
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×