Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктелер салу

11 желтоқсан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: «Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктелер салу»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға координаталық жазықтықта нүктелерді сала білуге, есеп шығара білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың топпен жұмыс істеуін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарау, өзін және басқа оқушыларды бағалай білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, тестілік тапсырма, карточкалар, сызбалар, бағалау парағы.
Сабақтың түрі: Сайыс сабағы.
Сабақтың типі: Дамытушылық, білімді пысықтау.
Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер: Түсіндірмелі, сұрақ - жауап, жеке, ұжымдық, топтық жұмыс.

Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Өткенді қайталау кезеңі: «Ой толғау»
III. «Ой толғаныс» (оқулықпен жұмыс)
IV. «Кім жылдам?» - суретшілер сайысы. (Карточкамен жұмыс).
V. «Кім тапқыр?»
VI."Ойлан тап."
VII. Сергіту сәті
VIII. Сабақты қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
а) Оқушылармен амандасу.
ә) Сыныпты топқа бөлу, топ басшыларын сайлау
б) «Шаттық шеңбері» арқылы сабақты бастау.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге

II. Өткенді қайталау кезеңі: «Ой толғау»
1. Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық өалай аталады? Координаталық жазықтық
2. Берілген нүктенің координаталары деп нелерді айтамыз? Абсцисса, ордината
3. Абсцисса осі мен ордината осінің қиылысу нүктесі қалай аталады? Координаталар басы
4. Координаталар осьтері жазықтықты 4 бөлікке бөледі. Оларды не деп атаймыз? Ширек

III. «Ой толғаныс» (оқулықпен жұмыс)
«Абсцисса» тобы: №1220 есеп. «Ордината» тобы №1230 (1)

IV. «Кім жылдам?» - суретшілер сайысы. (Карточкамен жұмыс).
“Абсцисса” тобы басшысына:
а) (- 7; 0), (- 5; 2), (7; 2),(9; 5), (10; 1),(10; 5), (9; 0).
ә) (0; 2), (5; 6), (7; 6), (4; 2).
б) (0; 1), (6,- 3), (8;- 3), (4; 1).
(Ұшақтың суреті.)
“Ордината” тобы басшысына:
А(0; 0), В (- 1; 1), С (- 3; 1), Д(- 2; 3), Е(- 3; 3), Ж (- 4; 6), З (0; 8), К (2; 5,), L (2; 11),
О (6; 10), М(3; 9), N (4; 5), Н (3; 0), Т (3;- 8), П (1;- 8), А (0; 0).
(Құстың суреті.)

V. «Кім тапқыр?»
Мына нүктелер қай ширекте орналасқан?
(5;- 2), (3; 4), (- 1; 2), (- 7;- 3). (5; 1), (- 9;- 1), (6;- 4), (2; 7).

VI."Ойлан тап." (Ұжымдық сайыс)
А(- 2; 4),
В (2; 3),
С (- 5; 0),
Д(4; 1),
Е (0; 2),
F(3:- 3),
К (- 6;- 4), Р (- 7; 3), S(3;- 7), R(- 3;- 6)

(Ардақ координаталық жазықтықта белгіленген нүктелердің белгіленген нүктелердің координаталарын жазды. Дұрыс жазды ма?)

VII. Сергіту сәті
Ашық тест: “Көп ойланып, аз сөйле.”
(Сұраққа “дұрыс”, “дұрыс емес” деп жауап береді).

“Абсцисса” тобына:
1. Өзара қиылыспайтын түзулер перпендикуляр деп аталады. (Дұрыс емес)
2. Вертикаль сызылған координаталық ось ордината деп аталады. (Дұрыс)
3. Қиылысатын түзулер - параллель түзулер. (Дұрыс емес)
4. Шаршының 5 қабырғасы бар. (Дұрыс емес)
5. ІІ - ширектің таңбасы: (-;+) (Дұрыс)

“Ордината” тобына:
1. Координаталық жазықтықта 4 ширек бар. (дұрыс)
2. Түзуге берілген нүктеден бірнеше перпендикуляр түзу жүргізуге болады. (Дұрыс емес)
3. Перпендикуляр нүктелердің ортақ нүктелері жоқ.
(Дұрыс емес)
4. Горизонталь сызылған координаталық ось абсцисса деп аталады. (Дұрыс)
5. IV - ширектің таңбасы: (-;+). (Дұрыс емес)
VIII. Сабақты қорытындылау, бағалау.
Бағалау парағы:
IX. Үйге тапсырма
7 760
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені салу тақырыбына Есептер шығару.
Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені салу тақырыбына Есептер шығару.
Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені сала білуге, берілген нүктелердің координаталарын табу біліктіліктерін пысықтау.
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу
Тік бұрышты координаталар жүйесін түсіндіре білу; координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталарын табу, координаталары бойынша нүктені салу.
Координаталары бойынша нүктені салуға есептер шығару
Координаталары бойынша нүктені салуға есептер шығару
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Айтасова Зауреш Сәлімқызы
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктелерді белгілеу
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктелерді белгілеу
Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Қуанышбекова Самал Көшкенқызы
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу
Қызылорда қаласы, №11 орта мектептің математика пән мұғалімі Рсаева Айман
Координаталары бойынша нүктелерді салу тақырыбына есептер шығару
Координаталары бойынша нүктелерді салу тақырыбына есептер шығару
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катон ауылы "Ленин атындағы орта мектебі" КММ матемаика пәнінің мұғалімі Жанузакова Аяулым Жанатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×