Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқыр болсаң, озып көр

26 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
«Тапқыр болсаң, озып көр» интеллектуалдық сайыс
Мақсаты:
- Білімділік: оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
- Дамытушылық: ізденімпаздық, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
- Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, жаратылыстану пәндеріне қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайдтар, логикалық есептер, мақал - мәтелдер, ойындар.

Жоспары:
1. Топтарды шақыру.
2. Әділ - қазылармен таныстыру.
3. Топтың өзін таныстыруы.
4. Ғажайып жетілік
5. Полиглот
6. Капитандар сайысы
7. Ойымды жалғастыр
8. Қорытынды

Қолданылған нақыл сөздер:
Көп білгенге мәз болу қате. Білімнің саны емес, сапасы маңызды. (Л. Н. Толстой)
Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот. (Н. Байғанин)
Білген адам білімді өмір бойы іздейді. (А. Иүгінеки)

Математика ғылымдар патшасы, ал арифметика – математика патшасы. (К. Гаусс)
Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек. (М. В. Ломоносов)

1 - жүргізуші:
Қош келіпсіздер, мынау ойынға барша қауымым!
2 - жүргізуші:
Армысыздар, қонақтармен ұстаздар және замандастар.
1 - жүргізуші:
Бүгінгі күн ерекше күн болмақ
2 - жүргізуші:
Себебі, бұл күн, күн мен түннің теңелген, көктемнің жылы лебі ескен, жаратылыс дүниесі ояна бастаған, қытымыр қыстың ызғары кетіп тіршілік әлемінің оянған шағы еді.. Ендеше, бұл күнге сай келіп отырған «Тапқыр болсаң, озып көр» атты интеллектуалдық сайысымызды ерекше көңіл – күймен бастауға рұқсат етіңіздер.

1 - жүргізуші:
Сіздерді сайысқа шақырамыз,
Сұрақтармен бастарыңды қатырамыз
Математиканы ұғындырып,
Аз да болса, білімдеріңізді толтырамыз.

2 - жүргізуші:
Архимедтей жаңалықтар ашар,
Болса үміткер, сайысқа үлес қосар
Ұлы математик ізін басар
Біздерде бар жас талапкерлер
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар
Біреуінің қатты істейтін миы бар
Бәрінің де жеңіске деген үміті бар - дей келе сайыс алаңына «Талай сынды бағындырған қырандар» тобы мен «Жарқ еткен жас жұлдыздар» тобының мүшелерін шақырамыз. (Топтар орналасып болғанша, музыка ойнап тұрады.)

1 - жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер сарапшылар ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады
сайыскерлеріміздің білім мен өнерін саралап, баға беретін сарапшы - мамандар әділ - қазылар алқасын таныстырсақ:
1. _________________________________________
2. _________________________________________
3. _________________________________________

Интерактивті тақтада бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

1 - жүргізуші:
Басталық ақыл - ойдың дара кешін,
Халайық сіз де бізге жақын келші.
Жаратылыстану ғылымына ұмтылғандар,
Егерде кім екенін білгің келсе.

2 - жүргізуші:
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойында.
Білімдінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында - дей отырып кезекте амандасу рәсімі және топтың аты мен эмблемасын қорғау

1 - жүргізуші: кезекте «Талай сынды бағындырар қырандар» тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі:
Армысыздар, көрермен сыншыларым,
Қарсыластар, қасымдағы құрбыларым,
Толқу да бар өзімде, қуану да,
Қорқу да бар, сол үшін қынжыламын.

Талай сынды келеміз бағындырып,
Талай жұртты келеміз таңқалдырып,
Біз қырандар артуда үмітіміз
Барған сайын ойынның жалыны ұрып.

Қасымда тұр жақтаушы серіктерім,
Толқу да билеп тұр міне еріктерін,
Тобымыздың атынан келіп тұрмыз,
Ақтаймыз деп ойлаймыз үміттерін.

«Талай сынды бағындырар қырандар» тобынан «Жарқыраған жас жұлдыздар» тобына сәлем!

2 - жүргізуші: келесі кезекте «Жарқ еткен жас жұлдыздар» тобы

Ұраны: Жас жұлдыздай жанамыз,
Жақсы білім аламыз.
Ең керемет сайыскерлер
Мінеки біздер боламыз.

Сәлемдесуі:
Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз,
Жалындаған жастармыз біз, көктембіз.
Мақсатымыз биіктерден көріну,
Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз, жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз!

«Жарқыраған жас жұлдыздар» тобынан «Талай сынды бағындырар қырандар» тобына сәлем!

1 - жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама, құлама!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт - деп сайысымыздың «ғажайып жетілік» бөліміне кезек береміз.

2 - жүргізуші: «ғажайып жетілік» кезеңінің шарты: экранда берілген жараты - лыстану пәндерімен оған қатысты ұяшықты таңдап дұрыс жауап берсе, сол ұяшықтағы балл топқа беріледі. Жауап жоқ болса сұрақ келесі топқа беріледі.

1 - жүргізуші:
Математика 40. Бұл зат барлық оқушыларға қажет деп айта алмаймын. Бірақ кішірек сыныптың оқушылары қызық көріп аналарына сатып алғызады. Ал жоғары сынып оқушыларына ол өте қажет. Оны олар уақытты үнемдеу үшін, ал кейде білмейтін бірдеңені тауып алу үшін қолданады. Бұл не?
(калькулятор)
Экология 30. Арал және Балқаш проблемаларын көтерген қазақ зиялылары кімдер?
(М. Шаханов, О. Сүлейменов)
Математика 50. Бұл құралды әдебиет мұғалімі ешқашан қажет етпейді. Ал, математика мұғалімі 5 - сыныптан бастап қолданады. Ол өзі ерекше зат: өлшеп - өлшеп алып, түр - түрге бөліп тастайды. Бетіндегі белгілерін қызуың қатты көтерілгенде анаң да, дәрігер де қайта - қайта айтады. Бұл қандай математикалық құрал?
(транспортир)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 257
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру; ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жарикова Гульназ Абдешовна
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×