Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан аралықтарына есептер шығару

27 сәуір 2014, Жексенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Сан аралықтарына есептер шығару
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік
Оқушыларды теңсіздіктер шешімін сан аралығымен жаза білуге, координаталық түзуде кескіндей білуге қалыптастыру.
2. Дамытушылық
Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, математикалық тілде сөйлей білу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік
Оқушыларды тез ойлап, дәл таба білуге, бірін – бірі сыйлауға, шапшаңдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білім мен дағдыны қорытындылау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, есептер шығару
Сабақтың көрнекілігі: плакат, тест тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылармен сәлемдесіп, жоқ оқушыларды түгелдеу;
- оқу құралдарының түгел болуын талап ету;
- сынып тазалығы мен тәртіптеріне көңіл бөлу;
- назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру
№990 есеп (оқушылар дәптерлерін алмастыру арқылы тексереді)
жауабы: 1. сәуле 2. кесінді 3. интервал 4. жартылай интервал
3. Қызығушылықты ояту
«Көрнекілік» стратегиясы
Сандар аралығы [- 3; 2] (-; 4 )
(1; 6) (- 2;+ )
Сан аралығының аты
Теңсіздікпен жазылуы
Сандар аралығы (- 4; 5) (-; 2]
[ - 1; 3 ] ( - 6; 8]
Сан аралығының аты
Теңсіздікпен жазылуы
Сандар аралығы (-; 2]
(- 2; 7] [- 1; 6] (- 4; 3 )
Сан аралығының аты
Теңсіздікпен жазылуы
4. Түсіну кезеңі
(оқулықпен жұмыс)

№995
1)- 4;- 2; - 6; 0; 7; 9, 3; 8, 4 сандарынан [- 3; 8, 5] аралығына тиістілерін теріп жазыңдар.
Жауабы: - 2; 0; 7; 8, 4.
2) сандарынан (-; 4, 8] аралығына тиістілерін теріп жазыңдар.
Жауабы:
№996 Қос теңсіздіктердің жиынын координаталық түзуде кескіндеп,
сан аралығын белгілеп көрсетіңдер
5. Қолдану кезеңі (Деңгейлік тапсырмалар)
1) [- 1, 7; 4]
2) (- 4; 5 ]
3) (-; 5 ]
4) [- 2;+ )
А деңгейі Сан аралығының атын жаз
В деңгейі Сан аралығының координаталық түзудегі кескінін сал
С деңгейі Теңсіздікпен жазылуы

6. Сергіту сәті ( логикалық есеп)
Фигуралар сандармен белгіленген болса, онда төмендегі суретке қай жауап сәйкес
A) 388 131 388
B) 331 838 811
C) 113 383 188
D) 881 313 811
7. Топтау. (тест тапсырмасымен жұмыс)
1) (-; 5] сан аралығының аты
а ашық сәуле в интервал с сәуле
2) Белгіленуімен жаз 1 - ден 4 - ке дейінгі кесінді
а [1; 4 ] в (1; 4 ) с [1; 4)
3) Теңсіздіктер шешімін сан аралығымен жаз
а (2; 6] в [2; 6) с [2; 6]
4) Сан аралығындағы бүтін сандарды тап (4; 7]
а 4; 5; 6 в 4; 5; 6; 7 c 5; 6; 7
5) [- 4; 5) аралығындағы ең кіші және ең үлкен бүтін санды тап
а - 4 ж/е 4 в - 4 ж/е 5 с - 3 ж/е 5
8. Сабақты қорытындылау
9. Оқушылар білімін бағалау
10. Үйге тапсырма 1003, 1004
5 476
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу ережесімен таныстыру және есептер шығаруда қолдана отырып, сан аралығымен жаза білу.
Сан аралықтары
Сан аралықтары
Сан аралығы ұғымын енгізу және оның координаталық түзудегі кескінделуін үйрету. Санды теңсіздіктердің шешімдерінің әр түрлі жағдайын сан аралығында кескіндей білуге үйрету; Тиімді әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейту, өздігінен
Сан аралықтары
Сан аралықтары
Сан аралықтарын және санды теңсіздіктердің шешімдерін сан аралықтарында белгілеуін білу және есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Ақмарал ауылы "Ақмарал негізгі орта мектебі"КММ - сінде математика пәні мұғалімі Дюзбаева Салтанат Мусаиповна
Математика пәнінен күнтізбелік жоспар 5-9 сыныптар үшін
Математика пәнінен күнтізбелік жоспар 5-9 сыныптар үшін
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды селосы, С. Нұрниязұлы атындағы мектеп - интернатының математика пәні мұғалімі: Әлмұратова Перизат Керізбайқызы
Қысқаша көбейту формулаларын қолданып қайталауға есептер шығару
Қысқаша көбейту формулаларын қолданып қайталауға есептер шығару
Бирманова Күнсұлу Насырқызы Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×