Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұшқыр ойлы топ атты сабақтан тыс өткізілген интеллектуалды сайыстың жоспары

27 қараша 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Ұшқыр ойлы топ» атты қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптасрырудан интеллектуалды сайыс

“Ұшқыр ойлы топ” атты сабақтан тыс өткізілген интеллектуалды сайыстың жоспары
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру, ой - өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Математикаға ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. Балалардың қызығушылықтарын арттыру. Есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, ұжымшылдық қаблеттерін дамыту. Өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілік: Ақпараттық технологияны қолданып, слайдтар арқылы видео - аудио техникалар мен интерактивті үстел арқылы өткізу.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар! Бүгінгі “Ұшқыр ойлы топ” атты сайыс ортаңғы топтар арасында өткізілгелі отырған математикадан интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер!
Сонау - сонау алысқа жүзсін десең кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа ұшсын десең денелер.
Математика - ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сол ғылымның тілін біл.
Жарыс десе жаныңыз,
Жасырғанды табыңыз.
Күш сынасып көріңіз,
Жеткенінше әліңіз (шамаңыз).
Алғырлар мен тапқыштар,
Бар өнерін салады.
Білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне қара қылды қақ жарып әділ баға беретін Әділқазылар алқасын ортаға шақырып, қошемет көрсетіп, таныстыра кетейік.
Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Жүргізуші: Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар - деген.

Сәлемдесуі:
1. Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

2. Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты шаң қаптыру межеміз.
Танысып қояйық, Жоғарғы математиканың
«Тапқырлар» деген шөбересі біз боламыз,

Сонымен сөз кезегін сәлемдесу дәстүрі бойынша “Ұшқырлар” тобына ұсынамыз.
Топың ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста, алғырлықпен аламыз,
Сәлемдесуі:
1. Қиындықтан сірә біз де қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
2. Танысудан сірә бізде қашпаймыз.
Сізге кері Ұшқырлар боламыз.

Жүргізуші: Интеллектуалды сайыстың жүру тәртібімен таныстырып өтейік.
1 - кезең. “Бәйге” – Бұл кезеңде артығын тауып сызады.
2 - кезең. “Жорға” – Берілген заттарды түсіне қарай тез ажырату
3 - кезең. “Пішінді тауып санап көр”
4 – кезең. “Сиқырлы үстел тапсырмалары” – көрсетілген пішінді экранға шығару
5 - кезең. “Ретімен орналастыр” – сандарды реті бойынша орнын табуға көмектесу.

Қарап тұрмай бәйгеге сіз еніңіз,
Есептердің нақ шешімін беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз,- дей келе біз алғашқы - Бәйге кезеңін бастайық.
Өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып, сайысуға даяр болсаңыздар, сайысымызды бастайық. Сайысты бастар алдында оның өту тәртібімен таныстырып өтейік.

1 - кезең. “Бәйге”. Әр топқа 2 суреттен беріледі, алма кезек ұяшық таңдау арқылы беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5, қателескен жағдайда жанкүйерге не қарсыласқа кезек беріліп, олар шешкен жағдайда 3 ұпайдан беріледі.

Жүргізуші:
2 кезең
Келді кезек түстерді шешуге,
Жауаптарын беру керек үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жақсы баға, шәкірт саған несібе.

Жүргізуші:
3кезең
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,- дегендей, өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып, сайысымыздың келесі кезегі «Пішіндер» сайысына көшейік.

4 – кезең. “Сиқырлы үстелдің тапсырмалары”. Көрсетілген пішіндерді экран бетіне шығару. Ұяшықтарды алма - кезек таңдау арқылы ұяшықтағы ұпайды иеленеді.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та,
Біреу озық келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады қапылыста.
Ұшқыр ойлы топ атты сабақтан тыс өткізілген интеллектуалды сайыстың жоспары жүктеу
3 613
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ математика пәні мұғалімі Оразбекова Асель Камбаровна
"Талапты да, талантты" интеллектуалды білім сайысы
"Талапты да, талантты" интеллектуалды білім сайысы
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Жамбыл атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Башиева Акерке Шамилқызы
Ұшқыр ойлы топ (интеллектуалды сайыс)
Ұшқыр ойлы топ (интеллектуалды сайыс)
Астана қаласы, №34 мектеп Бұғыбаев Мұхаметқали
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Ойнайық та, ойлайық!
Ойнайық та, ойлайық!
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалім Айназарова Гүлзира Данағұлқызы
Ұшқыр ойлы топ атты математикадан интеллектуалды сайыс
Ұшқыр ойлы топ атты математикадан интеллектуалды сайыс
“Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы“ Карл Гаусс
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×