Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай бөлшектерді көбейтуге есептер шығару

29 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейтуге есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Жай бөлшекті көбейтуді тез есептеудің жолдарын меңгере отырып, мәтінді есептеулерде қолдана білушілікке дағдыланады.
2. Дамытушылық:
Пәнге қызығушылығын ояту арқылы логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, өз бетінше еңбектендіре отырып, белсенділіктерін арттыру.
3. Тәрбиелік:
Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, жылдамдыққа тәрбиеленеді.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: презентация, тапсырмалар жазылған карточкалар, тест тапсырмалары, сабаққа қажетті сызбалары бар кестелер.
Оқытудың әдісі: сұрау - жауап, түсіндіру, есептер шығару

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Слайд бойынша № 741 (жұп), № 743 (жұп), № 753 (1, 2) дұрыс жауаптарын тексеріп шығады.
ІІІ. Ой шақыру.
І топ: Квадрат қандай фигура?
ІІ топ: Сызбасын салыңыз.
ІІІ топ: Периметрін қалай анықтаймыз?
ІҮ топ: Ауданын қалай табамыз? (әр топтан бір оқушы шығады)
Ортақ талдау №753 (3)

ІҮ. Мағынаны тану. «Кім тез есептеу жолын біледі?»
№755 (тақ) Амалдарды орындау:
(3/4+1/20)∙1/2;
(7 3/5 - 2 4/15)∙9/32;
(5 1/2+2 3/5)∙5/9;
№755 мен №756 есептің айырмашылықтары неде?
№756 (есептің берілгеніне қалап қалай есептеу керек деп ойлайсыздар?)
1) 5/6∙9/15 - 5/12∙4/15;
2) 9/20∙2/3+5/14∙7/25;
3) 2 2/5∙5/6 - 3/4∙1 2/3;
№763
Мойынты мен Шу станцияларынан екі поезд бір - біріне қарама – қарсы жүріп, 3 сағаттан соң кездесті. Мойынтыдан шыққан поездің жылдамдығы 761/4км/сағ, ал Шу станциясынан шыққан поездың жылдамдығы одан 31/2 км/сағ кем. Мойынты мен Шу станцияларының арақашықтығын есептеңдер.

Ү. Сергіту сәті: «Алақан»
Ақ парақ, қалам аламыз. Әр топ мүшесі ақ параққа өз қолымыздың бейнесін түсіреміз. Осын салынған алақанның ортасына өз есімімізді жазамызда, көршімізге береміз. Көршісі бір саусағына алақан иесінің 1 не 2 жақсы қасиетін жазады. Одан кейін алақан иесінің көршісі келесі көршісіне береді. Алақан өз иесін тапқанша бір - бірімізге береміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 106
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымын, модасы тақырыбына есептер шығару.
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымын, модасы тақырыбына есептер шығару.
Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту. Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, тәрбиелеу.
Ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығару
Ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығару
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Адилова Феруза
Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер шығарту
Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер шығарту
Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту. Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, топта жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Жай бөлшектерді бөлу есептер шығару
Жай бөлшектерді бөлу есептер шығару
Ақмола облысы, Арашалы кенті №3 Аршалы орта мектебі математика пәнінің мұғалімі Жумадилова Назира Оразалиевна
Жай бөлшектерді көбейту
Жай бөлшектерді көбейту
Тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту
Ондық бөлшектерді көбейту
Ондық бөлшектерді көбейту
Орал қаласы, №34 мектеп - гимназиясының мұғалімі Исмагулова Г.С. Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығару.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×