Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төртбұрыштар тарауын қайталау

12 наурыз 2015, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Төртбұрыштар тарауын қайталау
Жалпы мақсаты: Оқушылардың төртбұрыштар туралы білімдерін кеңейту. Төртбұрыштардың қасиеттерін есептер шығаруда пайдалана білу бейімділіктерін арттыру.
Дерек көздері: 1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
2. «Геометрия» оқыту әдістемесі. /Ә. Н. Шыныбеков/
3. 8 - сыныпқа арналған «Геометрия» оқулығы /авторлары Ә. Н. Шыныбеков/
4. Төртбұрыштар тақырыбына берілген материалдар
Оқу нәтижесі: Төртбұрыштар туралы меңгерген білімдерін еске түсіреді, қайталайды, түсінеді
Негізгі идеялар: Оқушылардың жас және психолого - физиологиялық ерекшеліктеріне сай білім беру. Өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруда уақытты дұрыс бөлу, тексеруді ұйымдастыру формасын ойластыру
Сабақта қолданылатын оқыту әдістері: Интерактивті оқыту әдістері
СТО, ОүБ, Блум таксономиясы, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, оқумен оқытуды бағалау.
Сабаққа орындалатын тапсырмалар: «Геометрия» оқулығы бойынша берілген есептер, логикалық есептер, кестемен жұмыс, сызба, толықтыру тесті, постер құрау, сөзжұмбақ шешу.
Ұйымдастыру кезеңі
/2 мин/ Психологиялық ахуал
- Кәне, сабағымызды бір - бірімізге жақсылық тілеуден бастайық. Балалар, жүрек тұстарыңды ұстаңдар.
Қолдарыңды кеуделеріне қойындар. Қалай соғып тұрғанына құлақ түріңдер: дүрс - дүрс. Жүректеріңнің орнына мейірімді күннің бір бөлшегі тұр деп елестетіңдер. Оның жылы да жарқын сәулесі денелеріңе, қолдарың мен аяқтарыңа таралуда. Көптігі сондай, бойымызға сыятын емес. Келіңдер, аздаған жылу мен жарықты бір - бірімізге сыйлайық. Олай болса бір - бірімізге жақсы тілек тілейік.
Блум таксономиясы бойынша:
Мұғалімнің тапсырмасы
1) Әр түрлі геометриялық фигуралар бейнеленген түрлі - түсті қағаздар арқылы топқа бөлу
2) Төртбұрыштар тарауын квадрат, ромб, параллелограмм, трапеция тақырыптары бойынша қайталау, яғни әр тақырыптың мазмұнын ашу үшін топтарға толықтыру тесті беріледі
1) Төртбұрышты құрайтын кесінділер…, кесінділердің ұштары…деп аталады.
2) Параллелограмның қарама - қарсы…тең болады.
3) Тік төртбұрыштың …тең.
4) Егер параллелограмның барлық қабырғалары тең болса… деп аталады.
5) Барлық қабырғалары тең…квадрат деп аталады.
6) Трапецияның …табандарына параллель және … жарты қосындысына тең.
7) Ромбының … өзара перпендикуляр, бұрыштарының … болады.

Интерактивті тақтада тапсырма беріледі.
№1. Параллелограмның қабырғалары 14 см, 19 см. Параллелограмның периметрін табыңдар. Жауабы: 66 см.
№2 Тіктөртбұрыштың қабырғалары 13 см, 18 см. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар. Жауабы: 62 см
№3. Ромбының бір бұрышы 50 0 – қа тең. Ромбының қалған бұрыштарын тап. Жауабы: 500, 1300, 1300
№4. Трапецияның орта сызығы 8 см, бір табаны 6 см. Басқа табаны неге тең? Жауабы: 10 см

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 653
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік тақырыптық жоспар, Геометрия 9 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар, Геометрия 9 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар, Геометрия 9 сынып.
Шеңбердің хордалары мен қиюшы кесінділерінің пропорционалдығы тақырыбын пысықтау
Шеңбердің хордалары мен қиюшы кесінділерінің пропорционалдығы тақырыбын пысықтау
Шеңбердің хордалары мен қиюшы кесінділерінің пропорционалдығы тақырыбын оқытуда топтық жұмысты ұйымдастыру.
Олимпиада жоспары
Олимпиада жоспары
1 - 2 сабақ. Алгебралық теңдеулерді шешуге берілген есептер. 3 - 4 сабақ. Алгебралық теңдеулер жүйелерін шешуге берілген есептер
Төртбұрыштар мен үшбұрыштарды қолдану
Төртбұрыштар мен үшбұрыштарды қолдану
Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың қасиеттерін, аудандарын табу формулаларын, периметірлерін есептеу формулаларын қайталай отырып, оларды қолдана білуге дағдыланады
Төртбұрыштар тарауын қайталау
Төртбұрыштар тарауын қайталау
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қожбанбет би атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Оспанбекова Гулназира Курумбайқызы
Төртбұрыштар тақырыбын қорытындылау (геометрия)
Төртбұрыштар тақырыбын қорытындылау (геометрия)
Бибіжан Кәдіржанқызы Зайырбаева Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы Боровской селосы, Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×