Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әр түрлі қозғалысқа берілген есептер

20 наурыз 2015, Жұма
Категориясы: Математика
5 - сынып
Мектеп компоненті
«Функционалдық математика» курсы
Сабақтың тақырыбы: «Әр түрлі қозғалысқа берілген есептер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қозғалысқа берілген есептердегі шамалардың арасындағы байланысты білу; белгісіз шаманы табу дағдысы мен іскерілігін жетілдіру; біліктерін есептер шығару арқылы логикалық оймен іске асыра білу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, өз беттерімен еңбектену дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, өз білімдеріне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.
Сабақтың типі: Өтілген тақырыпты қайталау және жүйелеу

Сабақтың 1 кезеңі. Материалды қайталау.
Математика – ғылымдардың патшасы,-
Деген екен озық ойлы даналар.
Сондықтан да ережені жатқа айтып,
Шапшаң ойлап үйренейік, балалар!

1. Қозғалысқа берілген есептерде қандай шамалар кездеседі?
2. Жолдың формуласын айтып беріңдер.
3. Жолдың формуласындағы әріптер қандай шаманы білдіреді?
4. Шамалардың өлшем бірліктері қандай?

Презентация мен мультимедиялық проектордың көмегімен қозғалысқа байланысты қарапайым есептерді талдау.
№1
Арақашықтығы 210 км екі қаладан бір - біріне қарама - қарсы бір уақытта екі жеңіл автокөлік шықты. Бірінші машинаның жылдамдығы 45 км/сағ, ал екіншінің жылдамдығы одан 15 км/сағ артық. Неше сағаттан кейін машиналар кездеседі?

№ 2
Орманда қарама қарсы бағытта екі құс ұшты, біреуінің жылдамдығы 16 м/с, ал екіншісінің жылдамдығы 20м/с. 2 секундта құстардың ара қашықтығы қандай болады, егер үяларының арасындағы қашықтық 10 м болса?

Сабақтың екінші кезеңі. Оқушылардың жеке практикалық шығармашылық жұмысы.

Есеп шығару дегеніміз - жүзу, шаңғы тебу немесе фортепьянода ойнау сияқты практикалық өнер, оған бейімделе отырып және әрқашан тәжірибе жинап қана үйренуге болады.

Тапсырма: Суретте берілген мәліметтерді қолдана отырып, қозғалысқа байланысты есеп құрастырыңдар және оның шешімін қорғаңдар.

Сабақтың үшінші кезеңі. Қызықты есептер.(топтық жұмыс)

№1
Балапан өзінен 40м қашықтықтағы өрмекшіні байқап оны қуа жөнелді.
Егер балапанның жылдамдығы 370м/мин, ал өрмекшінің жылдамдығы 360м/мин болса, балапан өрмекшіні қанша минуттан кейін қуып жетеді?

№2
Тышқан ірімшікті ұрлап қаша жөнелді. Оны 8м қашықтықта тұрған адам байқап қуа жөнелді. Егер тышқанның жылдамдығы 2 м/с, адамның жылдамдығы 3м/с, тышқаннан ініне дейінгі қашықтығы 10м болса, ол қашып үлгере ме?

Сабақты қорытындылау:
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.

а) Бір сөзден көп сөз құрастыру:
А тобы: Жылдамдық: Жыл, адым, мал, жылы, дымқыл, дамыл, қыл, алдым, алды, қыжыл.
Ә тобы: Қашықтық: Қашық, ашық, ақы, ақтық, тық, қаш, шақ,
Б тобы: Уақыт: Ақ, уақ, ақы, тақ, тауық, уық, тау, ату, ат.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 612
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Оқушыларға қозғалысқа арналған есептер және сол есептерге кері есептер шығару жолдарын меңгерту. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шешуді үйрету. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді өз бетімен түрлі тәсіл арқылы шығара білуге дағдыландыру.
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Қашықтықты табуға берілген есептерді шығаруға, есепке сызба құруға үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру.
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Оқушылар бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа берілген есептерді шығаруы, қозғалыстағы денелердің жылдамдығын, уақытын, қашықтығын табуы тиіс, өзіндік іс - әрекеттер қалыптастыру арқылы білімдерін дамытуы тиіс.
Рационал теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару
Рационал теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару
Квадрат және рационал теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығарту. Оқушылардың логикалық ойлау, салыстыру, зерттеу қабілеттерін дамыту.
Жай бөлшектер тақырыбына есептер шығару
Жай бөлшектер тақырыбына есептер шығару
Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімін тексеру. Жай бөлшектер тақырыбы бойынша білу дағдысы мен іскерлігін жетілдіру; біліктерін сараланған есептер шығару арқылы логикалық оймен іске асыра білу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×