Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім тарланы

14 ақпан 2016, Жексенбі
Категориясы: Математика
Ақтөбе облыстық мамандандырылған
физика - математикалық мектеп - интернаты
математика пәні мұғалімі
Ғұбайдуллина Венера Нұртайқызы

Тақырыбы: «Білім тарланы»
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін одан әрі тереңдету, шапшаң ойлауға, әр іске логикасы мықты болуға бейімдеу.
Сайыстың барысы:
Армысыздар, қымбатты оқушылар мен ұстаздар! Біздің мектебімізде жаратылыстану пәндер бірлестігінің апталығы аясында, 11 класс оқушыларының арасында өткізіліп отырған «Білім тарланы» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер. Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шындайтын, мектебіміздегі білімді жастарды анықтайтын, оқушылардың білімге, соның ішінде математика пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіліп отыр,
Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды, әр уақытта да батымды. Ендеше ортада білім сайысына түсетін 11 сынып оқушыларын қошаметтейік.
Ойын барысын қадағалап отыратын, әділ бағасын беретін әділқазы алқасымен таныстырайық:
1.
2.
Шеберлікті, білімді
Сараптап сіздер көріңдер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер дегім келеді
Жүргізуші:
Сіздерді сайысқа шақырамыз,
Есеппен бастарыңызды қатырамыз.
Математикамен ұғындырып,
Аз да болса, білімдеріңізді толтырамыз.

Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін. Ойын 5 турдан өтеді.
Танымдық деңгей – Сен білесің бе?
(Сұрақтар)
Алгоритмдік деңгей – Формулаларды жалғастыр
Эвристикалық деңгей – Кім жылдам?
(жедел - тест)
Логикалық тапсырмалар деңгейі – әзіл есептер
Шығармашылық деңгей – Жоба қорғау.
І тур
ІІ тур
1) Тікбұрышты үшбұрыштың ауданы оның...
А) табаны мен сәйкес биіктігі көбейтіндісінің жартысына тең;
В) табандарының жарты қосындысы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең;
С) катеттері көбейтіндісінің жартысына тең;
Д) іргелес жатқан екі қабырғасының көбейтіндісіне тең;
Е) табаны мен биіктігінің көбейтіндісіне тең;

2) Пифагор өрнектейтін теорема...
А) тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштарын;
В) тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының арасындағы қатынасты;
С) тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасын;
Д) кез – келген үшбұрыштың қабырғаларын;
Е) тең бүйірлі үшбұрыштың бұрыштарын.

3) y = ax + b функциясының графигі
А) түзу В) шеңбер С) парабола Д) гипербола Е) кубтық парабола

4) y = ax + bx + c квадраттық функцияның анықталу облысы
А) барлық нақты сандар (R) жиыны Д) натурал сандар жиыны
В) рационал сандар (Q) жиыны Е) иррационал сандар жиыны
С) бүтін сандар (Z) жиыны

5) Математикаға координаттар әдісін енгізген француз математигі:
А) Евклид В) Рене Декарт С) Архимед Д) Лобачевский Е) Фалес

ІІІ тур
4 - тур
(әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”.
Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т. с. с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?
Қасқыр - 100
Ж: Ең көп балықты түлкі алды - 110, 10 балыққа артық.
(әзіл есеп) «Қу түлкі»
Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т. с. с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған.
Ж: 127

5 - тур
Жоба қорғау
1. Пирамида табаны – қабырғалары 6см және 8см болатын тік төртбұрыш. Пирамида биіктігі 12см. Барлық бүйір қырлары тең. Бүйір қырларын табыңыз.
Жауабы: 13см

1. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 41 см - ге, ал оның ауданы 180 см – ге тең. Осы үшбұрыштың катеттерін табыңыз.
Жауабы: 9см және 40 см
Құрмететті ұстар мен оқушылар! Осымен сайысымыз өз мәресіне жетіп қалды келесі кезекте сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
Жеңімпаздар марапатталады.

Толық нұсқасын жүктеу
2 591
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алтын қақпа
Алтын қақпа
Жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуға дамыту.
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларын математика пәніне бейімдеу
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларын математика пәніне бейімдеу
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Жакашева Гульжанат Касымовна
"Көкпар" білім сайысы
"Көкпар" білім сайысы
Шығыс Қазақстан облысы "Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп"КММ Бастауыш сынып мұғалімі Омаргазина Мақпал
Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы
Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы
Бөлшектер, үлестер туралы ұғым беру. Бөлшектің бөлімі, бөлшектің алымы туралы түсінік беру. Бөлшектердің дұрыс жазылуын үйрету; қозғалысқа берілген есептер шығару; қалдықпен бөлуді, теңдеу шешуді қайталау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×