Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері

14 ақпан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері.
Сабақтың мақсаты: Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдерін меңгерту, есеп шығарудың әр түрлі тәсілдерін қарастыру.
Дамытушылығы: баланың ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту; ойша есептеу, математикалық тілде сөйлеу, тұжырым жасау дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: ұйымшыл, тапқыр, білімді болуға, Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, слайдтар, семантикалық карта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқу құралдарын түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық.
Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді келтіру.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
- Бұл кімнің өлеңі?
- Абай атамыз балаларды кішкентай кезінен ғылымға құштар болуға шақырған екен. 4 – сыныптар арасында балалардың ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында « Ғылымға көңіл бөлсеңіз...»атты апталық өтуде. Сендер бастауыш сыныпта ғылымның алғашқы баспалдақтарын негізгі пәндер арқылы меңгересіңдер. Бүгін сол пәндердің бірі математика пәнінен алған білімдеріңді көрсетесіңдер. Сабаққа белсенді қатысып отырайық. Сабағымызды күндегі әдетіміз бойынша ауызша есептен бастайық.
І топ – 11 - мен сана: 11, 22, 33, 44, 55, 66, 77...,
ІІ топ – 100 - ден бастап 6 қоса отырып сана: 106, 112, 118, 124, 130, 136, 142, 148.
ІІІ топ – 1000 - нан бастап 5 - ті азайта сана: 995, 990, 985, 980, 975, 970, 965, 960.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Бағалап отыру: әр дұрыс жауап - 1 ұпай)
№ 3, 50 - бет
І топ: 208500 – ден 44 455 пен 523 - тің бөліндісін азайтамыз.
208500 - 85= 208415
Өрнек қалай аталады? (Жауабы: айырма )
ІІ топ: 204932+328=205260
Өрнек қалай аталады? (Жауабы: қосынды )
ІІІ топ: 56058 - ге 452 мен 325 - тің көбейтіндісін қосамыз.
56058 + 146900=202958
Өрнек қалай аталады? (Жауабы: қосынды )

Қорытынды: амалдардың орындалу тәртібіне қарай соңғы орындалатын амал қайсы болса, өрнек солай аталады.
Топ басшылары өздеріне берілген бағалау бетшелеріне ұпай санын жазып отырады.

ІІІ.«Бәйге» ойыны (әр дұрыс жауап - 1 ұпай)
Ұяшық таңдап, тапсырмасын орындау арқылы жасырын сөздегі тиісті әріптер жазылады.
«Математика» сөзі шықты

Қорытынды: Математика – ғылымдар патшасы. Математика – арифметика, алгебра, геометрия деген үш саладан тұрады. Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика. Сондықтан да оны оқу керек.

ІІІ. Семантикалық карта. Топтық жұмыс. (2 ұпай)
Енді геометриялық білімдерімізді анықтайық.

Балалар, геометриялық білімдеріңізді көрсете білдіңіздер. Енді бүгінгі мына сұрақтарға жауап беріңізші. Бүгінгі сабақта...

ІҮ. Жаңа сабақ
Нені оқимыз?
Күннің жады. Тақырып.
Қалай оқимыз?
Не үшін оқимыз? – бұл сұраққа сабақтың соңында жауап береміз.

ІҮ. «Ұшқыр ой» стратегиясы
Топтарға тапсырма беру.(әр дұрыс жауап - 2 ұпай)
№ 1 тапсырма. Есептемей салыстыру.
Топ оқушылары өзара пікірлесіп, ортаға салып, қорытындысын айтады.
- көбейткіштердің орындары ауыстырылған
- 4200 - ді 70 есе кеміту, 4200 - ді 2 есе арттыру
- екінші көбейткіштері бірдей, бірінші көбейткіштері біреуінде екі таңбалы сан, біреуінде 3 таңбалы сан
- бөлінгіші бірдей сандар, 5480 - ді 2 есе кеміту, 20 есе кеміту
- бір көбейткіштері бірдей, екінші көбейткіштері 1 жүздікке артық
- екі жақтың көбейткіштерінің біреуі екі таңбалы сан, екінші көбейткіштері біреуінде төрт, біреуінде бес таңбалы сан
Қорытынды: кей жағдайларда өрнектерді есептемей - ақ салыстыруға болады.

Ү. № 2 (а). Бөлудің қалай орындалғанын түсіндіру
Мұғалімнің түсіндірмесі

ҮІ. ә) Есептеп, дұрыстығын тексер. (1 ұпай)
Тақтамен жұмыс
Әр топтан бір оқушы шығып тақтада бір - бір мысалдан орындайды. Оны көмекшілері көбейтумен тексереді. (1 оқушы – 1 ұпай)
Өзіндік жұмыс(1 оқушы – 1 ұпай)
Қалған мысалдарды топ оқушылары дәптерге орындап болған соң слайдтағы дұрыс жауаптар бойынша бір - бірін тексеріп, бағалайды (сағат тілі бағытымен ауыстыру арқылы). Топ басшысы дұрыс орындалған тапсырма санын анықтайды, бағалау бетшесіне белгілейді.
Қорытынды: үш таңбалы санға жазбаша бөлудің алгоритмін үйрендік.

Логикалық қызықты тапсырма орындау арқылы балаларды сергітіп алу.
«Қайықшыға көмектес»

ҮІІ. Перфокартамен жұмыс (1 ұпаймен бағаланады)
№ 6 тапсырманың 1 - бөлігін орындаймыз.
Топ басшылары қанша жауап дұрыс екенін анықтап, бағалау бетшесіне белгілеп отырады (бір оқушыға оқыту).
Диаметр мен радиус туралы түсініктерді қайталау.
2 064
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілі
Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілі
Оқушыларға үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдерін үйрету, есептердің шығарылу тәсілдерін меңгерту, есептеу, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×