Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктері

02 наурыз 2018, Жұма
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктері
Property trigonometrical functions and its schedule

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Негізгі тригонометриялық функциялардың қасиеттерін меңгерту; Қарапайым түрлендірудің көмегімен тригонометриялық функциялардың графигін сала білуге үйрету.

Дамытушылық: Жаңа тақырыпқа қатысты оқушылардың алған білімі мен қалыптасқан білік, дағдыларын практикада қолдана білуге үйрету; Шығармашылық іс - әрекеттерін, іздемпаздығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушының еңбек сүйгіштік қасиетін қалыптастыру, ұқыптылығы мен өзіндік ой пікірін жан-жақты, дәлелдей білу қасиетін тәрбиелеу, өзін – өзі жетелеуге, басқаруға, қазақ тілімен қоса ағылшын тілінде сөйлей білуге баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді үш тұғырлы тілде меңгерту.
Сабақтың әдісі: Топтық, оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалар, белсенді тақта, активойд, постер, маркер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі - Omganizational moment
II. Үй тапсырмасын тексеру - Lets check up your homework
III. Ой қозғау (пысықтау) - Warm up
IV. Жаңа сабақ - New Theme
V. Сабақты бекіту - Condusion
VI. Сабақты қорытындылау, бағалау – Summing, Marking

Ұйымдастыру кезеңі:

Сынып оқушыларымен амандасу ағылшын тілінде. Сыныпты 3 түрлі түсті таңдау арқылы 3 топқа бөлу. Психолог маман әр түстің психологиялық
сипаттамаларын беру.

Үй тапсырмасын тексеру:

№79 (а, ә), тригонометриялық функциялар тақырыбында шығармашылық жұмыстар(реферат, сөзжұмбақ, ребус, жұмбақтар) Үлестірмелі карточка жасау.

III. Ой қозғау (пысықтау) кубизм әдісі

1. Функция дегеніміз не? (анықтамасы)
2. Функцияның қасиеттерін ата. (жұп, тақ, периодты, периодсыз шектелген, өспелі, кемімелі, max, min нүктелері)
3. Белсенді тақтадағы графикті зерттеу арқылы функциясын зерттеу алгоритмін ата, және не үшін керек?
4. Тригонометриялық функцияларды ата, анықтамасын айтып бер. (геометриялық және алгебралық) интерактивті тақтадағы суреттер арқылы.
Ендеше осы аталған мәліметтерді пайдаланып жаңа сабағымызға көшеміз.
Жаңа тақырып жазылып, әр топқа постер, маркерлер таратылады. Әр топ 3 фунцияны еркінше таңдап алып, дайын болған соң бір оқушы шығып қорғайды. Келесі топтар сұрақ арқылы жаңа сабақ түйінделеді.
I. топ: y=sin ∝ функциясы
II. топ: y=cos ∝ функциясы
III. топ: y= tg ∝ функциясы

№ 11. Ы. Алтынсарин атындағы
орта мектептің математика пәні мұғалімі
Исағалиева Толқын Сағидоллақызы

Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктері. жүктеу
4 247
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тригонометриялық функциялардың графиктері мен қасиеттері
Тригонометриялық функциялардың графиктері мен қасиеттері
Тригонометриялық функциялардың қасиеттері мен графиктерін түрлендіру барысында қолдану әдістерін пысықтау. Ұлттық бірыңғай тестілеуде жиі қолданылатын тригонометриялық тепе - теңдіктер мен келтіру формулаларын қолдану тәсілдерін қарастыру.
Тригонометриялық функциялардың туындылары
Тригонометриялық функциялардың туындылары
Тригонометриялық функциялардың туындыларының формулаларын пайдаланып есептер шығару, өз білімдерін толықтыруға үйрету. Өз ойын жеткізе білуге, математикалық шешендік тілін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Кері тригонометриялық функциялар
Кері тригонометриялық функциялар
Кері тригонометриялық функциялардың графиктерін салу арқылы математикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Тригонометриялық функциялардың қасиеттері
Тригонометриялық функциялардың қасиеттері
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Майтөбе ОМ МДШО – ның математика пәнінің мұғалімі Бескенова Бибігүл Амангелдіқызы
Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктері
Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктері
Тригонометриялық функциялардың қасиеттері туралы оқушылардың білімін бекіту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×