Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика – ақыл-ойдың әуені

13 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: «Математика – ақыл – ойдың әуені» атты көңілді тапқырлар клубы» (КТК)
Мақсаты: 1. Ауызша және тез есептеп ойлауға;
2. Логикалық ойлау қабілетін дамыту
3. Тапқырлыққа, табандылыққа, ізденімпаздыққа, белсенділікке үйрету.
4. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; математикадан алған білімдерін қорытындылау; тәлім – тәрбиесін, танымдық қабілетін арттыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, сызбалар, суреттер, слайд
Нақыл сөздер: «Санау мен есептеу – ойды тәртіпке келтіреді (Песталоции)
«Ақынжанды болмасаң, математик те бола алмайсың» (С. В. Ковалевская)
«Ештеңе оқымаған адам, ештеңе ойламайды да» (Дени Дидро)
Кіріспе. Қош келіпсіздер құрметті оқушылар, ұстаздар!
Сіздер математика жайлы көптеген мағлұматтармен таныссыздар. Сіздер бір сәт ойланып көрдіңіздер ме? Барлық пәндер қандай да бір саланы оқытып, соған бағыттайды. Ол бағыт өмірде қолданылып, кездесіп, пайдаланылады. Ал математика қандай пән, нені оқытады? Соған жауап беріп көрелікші.
Мысалы:
- Астрономия пәні нені оқытады?
- Жұлдыздарды
- Жұлдыздар шын мәнінде бар ма? Бізге көріне ме?
- иә
- Биология пәні нені оқытады?
- өсімдіктерді
- өсімдіктерді шын мәнінде бар ма? Бізге көріне ме?
- иә
- ендеше математика нені оқытады?
Сандарды
Сандар шын мәнінде бар ма? Бізге көріне ме?
- Жоқ
Ендеше бүгін сіздердің бойларыңыздағы қабілеттеріңізді шыңдауда КТК ойынын бастайық.
Қатысатын командаларға белсенділік, тапқырлық талап етіледі. Сәттілік тілеймін!
Ендігі кезекте сайысымыздың кезеңдеріне көшейік.
І Сәлемдесу, топтың аты
ІІ Үй тапсырмасы (көрініс, қызықты есеп)
ІІІ Жұмбақ есеп, жұмбақ өлең
ІV Сандар сыры
V Мақал – мәтелдер ( сандар қолданылған мақал – мәтелдер айту)
VІ Математикалық атаулар «П»
VІІ Шұғыл жауап
І Әр команда сәлемдеседі, топтың атын және ұранын айтады
ІІ Үй тапсырмасында дайындап келген көрініс, қызықты есептерін айтады.
ІІІ Жұмбақ есеп, жұмбақ өлең

1. Санға қосып, алсаң
Сол санның өзі шығады.
Санды оған бөлуге, болмайтынын
Математиктер ұғады.
Көп адамдар ол санға
Шекесінен қараған.
Сан осін қақ бөлуге
Сол саныңыз жараған (нөл)
2 Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді (Апта күндері)

3 Атадан он баламыз
Бір - бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз. Ол не? (сандар)

4 Бұталардың бойымен 11 құйрық келеді, оған қоса 30 сирақ сидаң – сидаң етеді
Не десеңіз бұл көрініс
Әтештер мен торайлар
Жауап берші сұраққа,
Неше әтеш қатарда? (7 әтеш)

5 Мынау да бір санамақ,
Өздерің көр саралап.
Төбеден төрт бөктергі,
Аңдыпты қос кептерді.
Шаңқылдаса көк қарға,
Үн қоспапты көп қарға.
Секем ап бір дауыстан,
Безектеп бір сауысқан.
Алты белден асыпты.
Тым тырақай қашыпты.
Үш үкі үркіп ұшыпты
Тасқа құлап түсіпті.
Жарда жеті жапалақ,
Отырғанда қаталап,
Топ – топ тоғыз тоқылдақ,
Қарға кеткен топырлап
Сөйтіп, қызық іс болды,
Бәрі қанша құс болды. (31)

ІV. Сандар сыры
Миллиардтан кейінгі ірі сандардың аталуы мен жазылуы
109 – миллиард
1012 – триллион
1015 – квадриллион
1018 – квинтиллион
1021 – секстиллион
V. Мақал – мәтелдер ( сандар қолданылған мақал – мәтелдер айту) әр команда қанша мақал – мәтел білетіндерін көрсетеді.

VІ. Математикалық атаулар
«П» әрпінен басталатын математикалық атауларды атау ( кім көп табады)
(параллель, перпендикуляр, призма, параллелепипед, параллелограм, пайыз, пропорция, пирамида, периметр, т. с. с)
VІІ. Шұғыл жауап
І
1. 2 мен 3-тің арасына қандай таңба қойғанда 2-ден үлкен, 3-тен кіші сан шығады? (,)
2. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сан? (1, 2, 3)
3. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)
4. Бала тақтаға 86 санын жазып, жолдасына айтты, ешқандай амал қолданбай 12 – ге арттыр (98)
5. 180 0-қа (градус) тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)
ІІ
1. Қандай санның кез келген дәрежесі сол санның өзіне тең болады? (1)
2. Екі жағы шектелген түзу. ( кесінді)
3. Дәлелдеу арқылы қабылданатын тұжырым (теорема)
4. Бұрыштың шамасын өлшейтін құрал (транспортир)
5. Күн көзі жылына неше рет шығады? (365 рет)
6. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? (біреу)
ІІІ
1. Барлық қабырғалары тең параллелограмм (ромб)
2. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш (тең қабырғалы)
3. 50-ді 0, 5-ке бөліңдер (100)
4. 66 санын ешбір амал қолданбай оны жартысына арттыру керек (99)
5. Үш май шам жанып тұрды. Екеуін сөндірсе, нешеуі қалады? (екеуі)

ІV
1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)
2. Дәлелдеусіз қабылданатын тұжырым (аксиома)
3. Кесіндінің ұзындығын өлшейтін құрал (сызғыш)
4. Өзі шыққан бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)
5. 3, 5 таяқтың неше ұшы бар? (8)
Қорытындылау: Осымен бүгінгі ойынымыз мәресіне жетті. Қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Өздеріңізге қажетті мағлұматтар алды деп есептеймін. Әділ қазылардың қорытындысын тыңдап, командалар марапатталады.
7 969
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Бүгінгі білімді оқушыларды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «Математикалық эстафета» атты танымдылық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Математикалық ой – жұмбақтар сыры
Математикалық ой – жұмбақтар сыры
Жұмбақты дұрыс шешу үшін цифрлардың орнына қойылған әріптерді тиісті сандармен алмастыру керек.
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Тапқырлар этафеттасы
Тапқырлар этафеттасы
Ақмола облысы, Арашалы кенті, №3 Аршалы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жумадилова Назира Оразалиевна
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ математика пәні мұғалімі Оразбекова Асель Камбаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×