Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика әлемiне саяхат

27 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: Математика әлемiне саяхат. (презентациясымен)
Мақсаты: Оқушылардың ауызша, жазбаша, есептеу қаблеттiлiгiн ойын арқылы жеткiзу.
Бұл әлемге кiруге,
Талап, бiлiм керек қой.
Сол талапта, бiлiм де,
Бiздiң ойға тiрек қой.
Ойлаудан бiз жүйрiкпiз,
Басқалардан бөлекпiз
Туғаннан бойға дарыған
Жас дарынды түлекпiз
Алып тұлға дарамыз
Жас есепшi боламыз
Арамызда жүйрiк боп,
Алғаш боп топ жарамыз
Бiреу озса жарыста
Бiреу артта қалады
Ренжiмей тарасса
Озбағандар жарады.

Жоспар
1. Ой жұмбақ №1 ( Әрiптердi алмастыру)
2. Фокус №2 (Сиқырлы таблица)
3. Фокус №3 ( Қарындаш қай қалтада)
4. Жұмбақ ойын №4 (Кесе)
5. Жұмбақ ойын №5 (Ойлаған санын тап)
6. Бiлгенге маржан№6( Қазақша жыл аттары)
7. Әзiл сұрақтар
8 Сандар сыры
9. Қанатты сөздерде - сандардың қолданылуы.

Бұл математикалық жұмбақты дұрыс шешу үшiн цифрлардың орнына қойылған әрiптердi тиiстi сандармен алмастыру керек.

Шешуi: 38•25=950 434: 14=31
134•516=69144 891: 27=33
Таңбалар сиқыры туралы тарихи мәлiметтер.
Әр түрлi халықтар цифрларды әр түрлi таңбалармен белгiленген.
«+» және «-» таңбаларын бiрiншi рет 1489 ылы чех ғалымы Я. Видман енгiзген.
Одан кейiн көбейту «х» таңбасын енгiзген.
Көбейту амалының таңбасын 1631 жылы ағылшын математигi У. Оутред, ал«∙» таңбасын 1698 жылы немiс ғалымы Г. В. Лейбниц енгiзген.
Бөлу амалының «:» таңбасын алғаш рет 1684 жылы неміс ғалымы Г. В. Лейбниц енгізген.
Бөлу амалын бөлшек түрінде жазудың «—» таңбасы У. Джонстың (1675 - 1749) еңбектерінде пайдаланылған.
Қанатты сөздерде - сандардың қолданылуы.
1. Жетіге келгенше, жерден жеті таяқ жерсің.
2. Қырықта қылаң, елуде елес.
3. Болар бала жеті жастан бас болар.
4. Мың досың болса да, біреуі жетпей тұрады.
5. Отыз күн ойын, қырық күн тойын,
6. Елу - ердің жасы, алпыс - бір сұмдықтың басы, жетпіс - сексен оттың қасы, тоқсан – тұралатұан тор.
7. Жігітке жетпіс өнерде аз.
8. Жүз есе тырыссаң да, мезгілі жетпей іс бітпейді.
9. Он мың сөздің түйінін, он сөзбен шеш.
10. Отызыңда орда бұзбасаң, қырқыңда қыр баспассың.

Толық нұсқасын, презентациясын жүктеу
4 802
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық ой – жұмбақтар сыры
Математикалық ой – жұмбақтар сыры
Жұмбақты дұрыс шешу үшін цифрлардың орнына қойылған әріптерді тиісті сандармен алмастыру керек.
Сандар сыры
Сандар сыры
Математикалық және пәнаралық байланыстар: 1. Квадраттың қабырғалар санын 100 - ге көбейтіңіз. (400) 2. Дөңгелек сөзінің әріптер санын 2 - ге бөліп, 5 - ке көбейтіңіз. (20) 3. Шашбау сөзінің жартысына ка жалғауын қос.(шашка)
Математика пәнінен тізбектелген сабақ жоспары
Математика пәнінен тізбектелген сабақ жоспары
Математика пәнінен тізбектелген сабақ жоспары
Бір таңбалы және екі таңбалы сандар
Бір таңбалы және екі таңбалы сандар
Қызылорда қаласы, № 172 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жалғасбаева Ләззат Әбілбайқызы
Математика – ақыл - ой гимнастикасы
Математика – ақыл - ой гимнастикасы
Математика – ақыл - ой гимнастикасы атты сабақтың тақырыбымен таныстыру; ойын ережелерімен таныстыру, математикалық ұғымдарды қайталау, қосу, алу, көбейту, бөлу тәсілдеріне берілген жаттығуларды орындау арқылы меңгерту;
7+2 түріндегі  есептеу.
7+2 түріндегі есептеу.
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ершаева Калдыгуль Танатаровна Тақырыбы: 7+2 түріндегі есептеу. Мақсаты: 7+2 қосу кестесін және жай есептердің мазмұны бойынша амалды таңдай алу білігін жетілдіру. Міндеттері: Оқушылардың
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×