Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқырлар сайысы

05 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Математика
Тақырыбы: «Тапқырлар» сайысы
Мақсаты:
а) оқушылардың қызықты математика үйірмесінен алған білімдерін сайыс барысында ортаға салу.
ә) танымдық көзқарастарын, логикалық ойлау, шапшаңдық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
б) өз пікірін қорғай алуға баулу.
Көрнекілік: сандар, өлшемдер, санжұмбақтар, тапсырмалар жазылған қағаздар.

Мұғалім: Армысыздар мұғалімдер, оқушылар! 4 - сыныптағы «Қызықты математика үйірмесі бойынша өткізіліп отырған «Тапқырлар» сайысына
қош келдіңіздер!
Тәуелсіз таңының ұл - қызысыз,
Біліммен, өнерменен бұлқыныңыз.
Бұл өмір сайыстардан тұрады ылғи,
Сайыста гүлдей жайнап құлпырыңыз – деп «Сандар» және «Өлшемдер» тобын шақырамыз.
Бүгінгі сайысымызды саралап, әділ бағасын беретін әділқазылармен таныс болыңыздар.
Ескерту: Әр бөлімнен кейін ұпай бағаларын 3, 4, 5 сандарымен шығарасыздар.
Сайыс бөлімдерімен таныстыру: 1. Таныстыру
2. Ұшқыр ой
3. Ойлан, тап!
4. Тез есепте
5. Жеті жұрттың тілін біл
6. Кім жылдам?

І. бөлім «Таныстыру» 1 - топ. «Сандар»
1 - оқушы: Цифрлардан әр түрлі сандар құрастырылады. Олар бар болғаны он цифр. Әр санның өз сырына үңілейік.
2 - оқушы: 1 саны
1 - жалғыз, дара, жеке сыңар. Бір елі ауызға екі елі қақпақ. Екі жарты - бір бүтін. Жақсы сөз жарым ырыс.
Бір құдірет: 18 мың ғаламды жаратушы жалғыз - Алла
3 - оқушы: 2 саны
2 - жұп, қос, егіз, пар. Екі құлағы екі езуінде. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады. Жұбын жазбады. Екі құлағынан күн көрінеді.
Екі арыс: Ата, ана. Екі мәңгілік: Ай мен күн. Екі дүние: Бұл дүние. О дүние.
4 - оқушы: 3 саны
3 - орта баға. Ер кезегі үшке дейін. 3 би, 3 жүз, 3 арсыз, 3 қадірсіз, 3 жақын, 3 тоқтам, 3 тәтті, 3 қайнаса сорпасы қосылмайды.
Үш жұрт: Ағайын жұрт. Нағашы жұрт. Қайын жұрт.
Үш байлық: 1 - денсаулық, 2 - ақжаулық, 3 - қорадағы бес саулық.
Үш дана: Абай. Шоқан. Ыбырай. Үш арсыз: Ұйқы. Тамақ. Күлкі жамандық,
5 - оқушы: 4 саны
4 амал, 4 бұрыш, 4 құбыла. Дүниенің 4 бұрышы. 4 аяғы тең жорға. Түн ұйқысын 4 бөлген. Төрт түлігі сай. Төрт көзі түгел.
Төрт тұлға: От, су, жел, жер. Төрт құбыла: Шығыс, оңтүстік, батыс, солтүстік.
Төрт маусым: Көктем, жаз, күз, қыс. Төрт тоқсан: Қыс тоқсан, жаз тоқсан, шілде тоқсан, күз тоқсан.
Төрт мұрат: Дау мұраты - біту.
Саудагер мұраты - ұту.
Қыз мұраты - кету.
Жол мұраты - жету.
6 - оқушы: 5 саны
5 үздік баға, 5 қару, 5 асыл іс, 5 дұшпан, 5 тас ойыны, 5 парыз.
Бес қару: Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.
7 - оқушы: 6 саны
6 - жұп сан. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Алты айлық жол. Азуы алты қарыс.
Алты алаш: Қазақ, қарақалпақ, өзбек, түркімен, қырғыз, жайылған.
8 - оқушы: 7 саны
7 қазына. 7 жетім. 7 жоқ. 7 аптаның 7 күні. 7 жарғы. 7 жұп. 7 ата. Жұт жеті ағайынды. Жеті атасын білмеген ер, жеті жұрттың қамын жер.
Жеті қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік таз.
9 - оқушы: 8 саны
8 - сегіз сері. Сегіз қырлы, бір сырлы.
10 - оқушы: 9 саны
9 құмалақ ойыны.
11 - оқушы: 10 саны оқу
Хормен: 1 - білім ал 6 - алғыс ал
2 - ерлік көрсет 7 – жеңіс біздікі
3 - үлгі тұт 8 - сенім керек
4 - тәртіп керек 9 - талпыну керек
5 - бестік баға 10 - оқу керек
Топ басшысы: Бірлік, ондық, жүздік бар,
Сандар сырын айтатын.
17 миллион халқым бар.
Айбарлы барыс қазақпыз.

ІІ топ. «Өлшемдер»
Топ басшысы: Қазақта бар өлшемдер,
Сөзімді менің көркемдер.
Елі қарыс қадам бар,
Қазақша нағыз өлшемдер.
Жақсы – жаман арасы,
Бес елі деп өлшенер.
1 - оқушы: Халық тұрмыста қазақтың байырғы өлшемдерін қолданған. Кейде адамдардың іс - әрекетін, қадір - қасиетін бағалап, басқамен салыстырғанда «бес саусақ бірдей емес» деген сөзді мәтел есебінде айтады.
2 - оқушы: Саусақпен өлшенетін сыйымдық өлшемдер.
Шым, шөкім, бір уыс, қос уыс
3 - оқушы: Қолмен өлшенетін ұзындық өлшемдер.
Білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере.
4 - оқушы: Саусақпен өлшенетін ұзындық өлшемдері.
Елі, тұтам, сүйем, сынық сүйем, қарыс сүйем, сере, қарыс, кере қарыс.
5 - оқушы: Қашықтық өлшемдер.
Аттам(бір аттам) жер, бөрік тастам жер, иек артпа жер, қозы көген жер, қол(құлаш) созым жер, қырық қадам, тас лақтырым жер, таяқ тастам жер, сідік шаптырым жер.
6 - оқушы: Адам бойына байланысты тереңдік өлшемдері.
Тобыққа дейін, тізе бойы, белуар (белбуар) бойы, кіндік бойы, кісі бойы.
7 - оқушы: Ауырлық өлшемдері
Мысқал - 5 грамға жуық ауырлық өлшемі.
Қадақ - 400 грамға жуық ауырлық өлшемі.
Пұт - 16 килограммға жуық ауырлық өлшемі.
Қап - 4 пұтқа жуық ауырлық өлшемі.
Батпан - 10 пұтқа жуық ауырлық өлшемі.
8 - оқушы: Көлем өлшемдері
Титімдей, бас бармақтай, жұдырықтай, кесектей, қазандай
9 - оқушы: Экологиялық уақыт өлшемі
Ай туғанда, алғаш қар жауғанда, жер көктегенде, жұлдыздар өшкенде, күн батарда, күн арқан бойы көтерілгенде, күн көтерілгенде, күн күркірегенде, күн төбеге көтерілгенде, қансонарда, қырау түскенде, таң бозарып атқанда, таң қылаулап атқанда, шөп сарғайғанда.
Топ басшысы: Білу үшін шырағым,
Білмегенді сұрағың.
Жүрген елдің ойынды,
Ескі өлшемдер мол екен.
Бұл өлшемдерді білейік,
Есте ұстап жүрейік.

ІІ бөлім «Ұшқыр ой»
1. Менің ақшама осы ақшаның жартысын қосса, 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған? (Жауабы 100 теңге)

2. Шешесі балаларына 10 шоколады бөліп, қыздарына үш - үштен, ұлдарына екі - екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап. (4 бала - 2 ұл, 2 қыз)

3. Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста?
(4 жаста, 8жаста, 12жаста)

4. Бал салынған қалбырдың салмағы 500 грамм. Жермай құйылған дәл сондай қалбырдың салмағы 350 грамм. Жермай балдан екі есе жеңіл, сонда қалбырдың салмағы қанша? (200 грамм)

5. Әкесі бақтан 25 алма, алмұрт және өріктерді жинап әкелді. Алма мен алмұрт 15, ал алма мен өрік 16. Қайсысы қанша? (6 алма, 10 өрік, 9 алмұрт)

6. Менің әкем 65 жыл өмір сүрді. Оның 5 жылын суда малтаумен өткізді. Ол неше ай суда өткізсе, сонша жыл жерде өмір сүрді. Неше ай, неше жыл екенін тап. (5 жыл (60 ай суда жүзді, 60 жыл құрғақта жүрді))

7. Еріктің шелегінде алабұға, теңгебалық, таутан - барлығы 14 балық жатыр. Теңгебалықтан таутанның 10 - ы артық. Шелектегі балықтардың әрқайсысы қаншадан? (таутан - 11, теңге балық - 1, алабұға - 2)

8. Назгүл мен Бақыт апалы - сіңлі қыздар. Бақыт өзінде 2 ағасы барын айтты. Назгүл де өзіне де 2 ағасы барын айтты. Сонда Бақыт пен Назгүлдің жанұясында қанша бала бар? (4 бала)

9. Балалар 2 шелек және жарты шелек жаңғақ жинады. Балалардың саны 5 болса, осы жинаған жаңғақты бірдей етіп қалай бөлуге болады? (Әрқайсысына жарты шелектен)

10. Екі залда 50 орындық бар. Бір залдан 10 орындықты алып кеткенде, екі залдағы орындықтар саны бірдей болды. Әуелде әр залда неше орындықтан болғанын тап. (1 -залда 30орындық, 2 - залда 20 орындық )

ІІІ бөлім «Ойлан, тап!» (Математикалық санжұмбақты шешу)
І топ «Ахмет атаның асыл сөзі» санжұмбағы
Бұл сөзжұмбақты шешсеңдер Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың нақыл сөзін оқи аласыздар.

15 - Ж 24 - Ө 12 - З 10 - І 19 - С 22 - Д
11 - Е 14 - А 18 - О 25 - Ғ 20 - Л 17 - Ы
13 - Н 16 - Ұ 23 - Т 9 - Р 26 - Ң

Жауабы: Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

ІІ топ «Халық даналығы» санжұмбағы
Егер сандарды сөйлете алсаңдар, халқымыздың қызға байланысты мақал - мәтелінің бірін оқи аласыңдар.
10 - қ; 11 - ө; 12 - ы; 13 - е; 14 - с; 15 - з; 16 - д; 17 - л; 18 - ң; 19 - і; 20 - р; 21 - г; 22 - к; 24 - ж; 25 - ү.

Жауабы: Қыз өссе - елдің көркі,
Гүл өссе - жердің көркі.

ІV бөлім «Тез есепте»
«Ерназар әулеті»
Ерте, ерте, ертеде Ерназар деген адам өмір сүріпті. Оның тоғыз ұлы болыпты. Әкесі тоғыз ұлына бір үйдің тоғыз қызын алып беріпті. Әрі қарай әр келіндерінен тоғыз немере, әр немереден тоғыз шөбере, әр шөбереден тоғыз немене көріпті. Ерназар әулетінің саны қанша? (Ерназардың тұқымы 9 бала, 9немере, 9шөбере, 9неменеден есептегенде 7380 адам. 9+81+729+6561=7380)

7 адамның 7 - ден тазысы болыпты. Әрбір тазысы 7 - ден түлкі ұстайды. Әрбір түлкі 7 - ден тышқан жейді. Әрбір тышқан 7 - ден масақ жиді. Әрбір масақта 7 - ден дән бар. Бәрі қанша?
Жауабы: 7+49+147+1029=1232

V бөлім «Жеті жұрттың тілін біл»
Жұмбақтардың жауабын үш тілде айту.
1) 11 түйе, 5 жылқы,
2 сиыр, 5 ешкі,
2 қоян, 3 түлкі
таба алмасаң бол күлкі!
(барлығы 28)

2) Бір алманы төртке бөлдік,
Бір бөлігін жеп те көрдік.
Қалған үлкен үш бөлігін,
Қасымдағы үш досқа бердім.
Қанша болды? ( 0 )

3) Ала шапан киініп,
Қарбыз жатыр үйіліп.
Қарбыздарды шетінен,
Санап шықтым екіден.
Бесеу болды жұп саны,
Нешу болды түп саны? (10)
Береді айтып кім маған,
Неше жан бар класта? (37: 2=18 (1қ)

4) Ортаға әкеп тосты Оспан,
Отыз жеті қаламды.
Тиді әркімге қос - қостан,
Балалардың бәрі алды.
Өзгелерден бір қалам,
Артық тиді Күләшқа.

VІ бөлім «Кім жылдам?»
Әр топ сан есімі бар мақал және жаңылтпаштар айтып жарысу.
Мұғалім: Білімге деген құштарлық,
Билесін адам санасын.
Білімді болсаң білікті,
Бар сыннан жолды табарсың.
Мыңнан жүйрік кім болар?
Қазылар берер бағасын.
7 528
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математика – еліне саяхат
Математика – еліне саяхат
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Білімді ұрпақ – ел тірегі
Білімді ұрпақ – ел тірегі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосының математика пәні мұғалімі: Жұмағазиева Ақбөбек Закарияевна
"Талапты да, талантты" интеллектуалды білім сайысы
"Талапты да, талантты" интеллектуалды білім сайысы
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Жамбыл атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Башиева Акерке Шамилқызы
Қазақстан туған өлкем, Табиғатың қандай көркем (лицей ішілік сайыс)
Қазақстан туған өлкем, Табиғатың қандай көркем (лицей ішілік сайыс)
[right]Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы, № 17 кәсіптік лицейінің математика, информатика және арнаулы пән мұғалімі Ақшабақова Кульзипа Амирхановна
Ғажайып математика (сайыс сабақ)
Ғажайып математика (сайыс сабақ)
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Қарайдарова Фариза Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×