Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шеңбер және оның элементтері

25 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Пәні: алгебра
Класы: 7 - класс
Сабақтың тақырыбы: «Шеңбер және оның элементтері»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға шеңбер туралы, оның центрі, радиусі, хордасы, диаметрлерінің қасиеттері туралы білімдерін кеңейту, тереңдете түсу; жарты шеңбер туралы түсінік қалыптастыру, алған білімдерін қолданып, есептер шығарып үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Шеңбер және оның элементтері туралы алған білімдерін пайдаланып есептер шығарып үйрену, есептеу дағдыларын жетілдіру.

2. Дамытушылық: Тақырыпты меңгеру барысында әр түрлі ойындар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін, байқағыштық, есте сақтау қабілеттерін дамыту, теориялық білімін практикада ұштастыру.

3. Тәрбиелілік: Оқушыларды жауапкершілікке, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, мақсатқа жетуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ - жауап, кітаппен жұмыс, көрнекілікпен жұмыс, топтастыру
Көрнекілігі: үшбұрыштар, бағалау жетоны, плакатқа салынған фигуралар, лото, обруч.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
• Оқушылармен амандасу, түгендеу;
• Сабаққа дайындығын тексеру;
• Назарларын сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру үшін оқушылармен «Лото» ойыны ойнатылады. Әр лото бөшкесінің рет саны бойынша бір сұрақтан жасырылады.
1) Үшбұрыштар тарауын қайталау.
1. Қандай фигураны үшбұрыш деп атайды?
2. Үшбұрыштың элементтерін атаңыз?
3. Үшбұрыштың периметрі дегеніміз не?
4. Үшбұрыш түрлері бойынша неше топқа бөлінеді?
5. Қандай үшбұрыштар тең үшбұрыштар деп аталады?
2) Үшбұрышы түрлері бойынша топтастыру

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру, мақсатын баяндау.

ІV. Жаңа сабақ.
Тұйық қисық сызықтардың ішіндегі ең қарапайым түрі шеңбер болып табылады.
Анықтама. Жазықтықта берілген нүктеден бірдей қашықтықта жататын нүктелердің жиынын шеңбер деп атайды.
Берілген нүктені (О) шеңбердің центрі дейді. Шеңбер сызу үшін циркуль пайдаланылады. N
1 - сурет 2 - сурет 3 - сурет
1 - cуретте центрі О нүктесі болатын шеңбер көрсетілген. А, В, С нүктелері шеңбердің бойында орналасқан және ОА=OB=OC.
Анықтама. Шеңбердің центрін оның бойындағы кез келген нүктемен қосатын кесіндіні шеңбердің радиусі деп атайды және R немесе r деп белгілейді. ОА= R
Центрі О нүктесінде, радиусі r болатын шеңберді ω (О; r) деп белгілейді. 1 - суретте В мен С нүктелері шеңбердің екі бөлікке бөледі. Ол бөліктердің әрқайсысы шеңбердің доғасы немесе жай ғана доға деп аталады. Доғалар – BQC және САВ немесе BQC САВ
«» - доғаның белгісі.
2 - суретте M және N нүктелері шеңбердің бойында жатпайды.
Анықтама. Шеңбердің бойындағы кез келген екі нүктені қосатын кесіндіні оның хордасы деп атайды. ВС - хорда
Анықтама. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы диаметр деп атайды. АD - диаметр. АD=АО+ОD=2r. Диаметрге керілетін доға жарты шеңбер болады. Радиустары тең шеңберлер өзара тең болады. Бірдей қасиеті бар нүктелерден тұратын фигураны нүктелердің геометриялық орны дейді. Шеңбер нүктелердің геометриялық орны болып табылады.

V. Жаңа сабақты пысықтау.
Оқулықпен жұмыс.
№228.
4 - сурет
Осы нүктелердің қайсысы 1) шеңбердің ішінде, 2) шеңберден тыс, 3) шеңбердің бойында жатыр? О нүктесі шеңбердің бойында жатады деуге бола ма?
Шешуі: 1) А, О, Е; 2) В, D; 3) F. О нүктесі шеңбер бойында жатпайды.

№229. Егер 4 - суретте А нүктесі арқылы түзу жүргізсе, ол түзу мен шеңбер қиылыса ма? Егер қиылысса неше нүкте пайда болады?
Шешуі: Қиылысады. Екі нүкте пайда болады.

1 - карточка
№225. Шеңберді геометриялық нүктелердің орны деуге бола ма? Неліктен?
Жауабы: Өйткені жазықтықтағы бір нүктеден қашықтықтары бірдей болатын нүктелердің геометриялық орны шебер болады.
2 - карточка
№226. Центрі О нүктесінде және радиусі 3, 5см болатын шеңбер сызыңдар. Түрлі түсті қарындашпен радиусын және диаметрін жүргізіңдер.
3 - карточка
№227. Центрі С нүктесінде және диаметрі АВ=8см болатын шеңбер сызыңдар. Түрлі түсті қарындашпен радиусын және диаметрін сызып көрсетіңдер.

VІ. «Ойлан тап!» ойыны – математикалық диктант.
1. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы... деп атайды.
2. Шеңбердің центрін оның бойындағы кез келген нүктемен қосатын кесіндіні шеңбердің... деп атайды.
3. Жазықтықта берілген нүктеден бірдей қашықтықта жататын нүктелердің жиынын... деп атайды.
4. Диаметрге керілетін доға... болады.
5. Шеңбердің бөліктерін...... деп атаймыз.
VІІ. Сергіту сәті
Суретте қанша үшбұрыштар бар?

Жауабы: 12
VІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Сұрақтар:
1. Сонымен шеңбер дегеніміз не?
2. Шеңбердің элементтерін атаңыз?
ІХ. Үйге тапсырма: №230, 231, 232 есептер.
Х. Бағалау
- «5» - «4» - «3»
29 217
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Дәрежелік функция және оның қасиеттері
Дәрежелік функция және оның қасиеттері
Дәрежелік функцияның графигі мен қасиеттерін түрлі есептер шығаруда қолдану; Оқушылардың ойлау қабілеттерін, логикалық ойлау қабілеттерін, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығы мен ой ұшқырлығын қалыптастыру;
Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері
Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері
Бұрыштың радиандық, градустық өлшемін табу формуласымен таныстырып, бұрыштың градустық және радиандық өлшемдерінің арасындағы қатынастарды табуға есептер шығарып үйрету.
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздері тарауын қайталау арқылы, 9 сынып оқушыларының алған білімдерін, икемділіктерін тексеру, пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Шеңбер және дөңгелек
Шеңбер және дөңгелек
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы, №31 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектептің математика пәні мұғалімі: Сейткулова Назира
Сфера және шар
Сфера және шар
Жаркент қаласы, Жамбыл атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Медетбекова Кульжанат
Квадраттық теңдеулерді шешуге есептер шығару
Квадраттық теңдеулерді шешуге есептер шығару
БҚО, Орал қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ математика пәні мұғалімі Диярова Айымгүл Сәтиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×