Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Интеллектуалды жарыс

18 мам 2013, Сенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы; Интеллектуалды жарыс
Класы: 9
Пәні: Математика, физика
Мақсаты: а) оқушылардың математика сабағына қызығушылығын арттыру.
б) математикалық ой - өрісін дамыту.
в) ұйымшылдыққа, адамгершілікке, жолдастыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, газеттер, нақыл сөздер
Түрі: Аралас сабақ, сайыс
Әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ - жауап

Сабақтың жоспары:
І. Топ презентациясы (топтың өзін таныстыруы, газет, төс белгі)
ІІ. Тренинг «Ұшқыр ой білімге жетелейді» 200 тг
ІІІ. Логикалық сұрақтар 500 тг
ІҮ. Сен білесің бе?(президенттер сайысы) 1000 тг
Ү. Шығармашылық жұмыс (шырпымен жұмыс) 2000 тг
ҮІ. Жұмбақ шешу 2500 тг
ҮІІ. Шешендік өнер «Кітап және интернет» 5000 тг
ҮІІІ. Қорытынды.

«Жемісті, жақсы иісті бәйшешек.
Аралайық пайдасын көрем десек,
Ұғымды, милы жастың ойын қозғап,
Үйретер талай тәлім, талай есеп» - деп Шәкәрім атамыз айтқандай бүгін 9 - сынып оқушылары арасында өткізілетін «Жас қаржыгерлер» сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысқа Халық банк, Темір банк, Каспий банк топтары қатысады.

Ойынның шарты:
1. Ойынға 3 - топ қатысады. Әр топтың өз банкілері және банк президенттері болады.
2. Президент тапсырма бойынша нақты соңғы жауапты бере алады.
3. Әр топ кезекпен тапсырма алады.(1000 тг - 5000 тг - ге дейін)
4. Жоғары капитал 5000 тг.
5. Егер топ дұрыс жауап берсе, онда олардың капиталына тапсырманың құны қосылады, ал дұрыс жауап бере алмаса оның капиталынан сол тапсырманың құны алынады.
6. Ойлануға тапсырманың күрделілігіне байланысты 1 минуттан 5 минутқа дейін уақыт беріледі.
7. Егер банкротқа ұшыраса, онда ойын аяқталады.
8. Қай банкіде ақша көп болса, сол топ жеңімпаз атанады. Әр топтың алдында өз банк атаулары жазылған. Мұғалімдерден бір адам ақша айналымын тексеріп отыратын аудитор сайланады.

1 - жүргізуші: Уа халайық!
Бәріне бірдей жар салайық.
Математика тілін үйренем деушілерге,
Математика тілін білмек ойы барларға
Бүгін болатын сайысымызды арнаймыз.
2 - жүргізуші: Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Пифагордан бата алғансың
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа
Жасықтан емессің сен, қаталдансың
«Ақыл сммчойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансың!
1 - жүргізуші: Уақытында математика сырын түсінбей, кейіннен уысымызға түсірмей қалмас үшін, бүгінгі таңда математикамен сырласып, сандарменен мұңдасып қалу үшін өткізгелі тұрған сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2 - жүргізуші: Осы ойынға әділ де, дұрыс баға беретін әділқазы алқаларымен танысайық.
Сайысымыздың бірінші турында әр топ өздерінің төс белгі және газеттерімен таныстырады.
1 - жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар,
Жүрек от, көздерінде жалын бар.
Білімді оқушыларды халайық!
Қол соғып қарсы алайық.
2 - жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір сайыс болсын,
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын - дей отырып ойынымыздың екінші турын бастаймыз. Әр сұраққа 200 тг тігіледі.
1. «Алгебра» сөзі қандай сөзден шыққан? («Әл - жебр» деген араб сөзі)
2. «Геометрия» сөзі грекшеден аударғанда қандай мағынаны береді? (Жер өлшеу)
3. 64 - қай санның квадраты? (8)
4. 2 ғасырда неше жыл бар? (200)
5. Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4)
6. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем? (теорема)
7. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
8. sin 45 мәні неге тең? ( )
9. «Дискриминант» қандай сөзден шыққан? (латынның ажырату, анықтау)
10. нешеге тең? (11)
11. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы? (180)
12. Таңбалары әр түрлі сандардың көбейтіндісі? (теріс)
13. Ең үлкен 2 таңбалы сан? (99)
1 - жүргізуші: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
2 - жүргізуші: Келесі сайысымызда әр топқа логикалық сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 500 тг беріледі.

1. Қалай 2 л сүтті 1 л ыдысқа сыйғызуға болады? (қайнатып)
2. Сұйық кг қалай аталады? (литр)
3. Екі бұтақта отырған торғайлардың саны 15. Бірінші бұтақтан 3 торғай ұшып кетті, екінші бұтақтан 2 торғай ұшып барып бірінші бұтаққа қонғанда торғайлардың саны бірдей болды. Алғашқыда бұл бұтақтардың әрқайсысында неше торғай болған? (7, 8)
4. Бірнеше үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, біреуі екіншісінің арасында және үшеуі қаз қатар. Қанша үйрек ұшып келеді?
5. 5 рет жазылған бірлік сандардан қандай амал арқылы 100 санын шығаруға болады? (11111)
6. Шопанның барлық қойының 320 - сы су ішіп жатыр. Қалғаны жайылып жүр. Жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей. Барлығы қанша қой бар? (400)

1 - жүргізуші: Математика тарихы ұзақ ғылым. Математика деген атау гректің «білім, ғылым» деген сөзінен шыққан. Математика - ұзақ тарихқа ие ғылым, оның тарихы қоғамның даму тарихымен тығыз байланысты.
2 - жүргізуші: Математика - ойды жетілдіретін, дамытатын ғылым. Математика адамдарды ойшыл, салмақты болуға, ақыл парасаттылыққа жетелейді.
ІҮ - ТУР. «Сен білесің бе?»
Халық банкі
1. Құлаш сөзінің мағынасы?
2. «Математика» каролі кім? (К. Гаус)
3. Сағаттың ¼ бөлігі неше минут? (15 минут)
Каспий банк
1. «Сүйем» сөзінің мағынасы?
2. «Ақынды жанды болмасаңыз, математикте бола алмайсыз» кімнің сөзі? (С. В. Ковалевская)
3. Бір сағаттың бір тәуліктен неше сағаты кем? (23 сағат)
Темір банк
1. «Елі» сөзінің мағынасы?
2. Геометрияда жаңалық ашқаны үшін Зевс құдайына 100 өгіз сойып құрбан еткен кім? (Фифагор)
3. «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1 сағ 43 мин)
1 - жүргізуші: Сұрақтарға ұлағатпен қараңдар,
Ойларыңды ептілікке ораңдар.
Бір сұраққа тереңірек мән беріп,
Ең шешендер ой толғайды жараңдар.
2 - жүргізуші: Келесі сайыс жұмбақ шешу.
1. Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма
Біреуін бер алашқа
Қалады сонда қанша алма? (24)

2. Қанша жұмыртқа қалды?
Тауықтың біреуі
Бес балапан шығарды.
Көптен күтіп жүреді
Інім қатты қуанды.
Он жұмыртқа бастырған
Қарай алмай шаршады
Жаулығының астында
Жатыр әлі қаншауы? (5)

3. Қанша жанғақ?
Портфелде әуелі
13 жаңғақ бар еді
Науат пен Маратқа
Самат пен Сағатқа
Апасына Қанаттың
Екі - екіден тараттым
Қанша жаңғақ қалғанын
Айта қойшы ал жаным (3)

4. Қанша кісі?
Атам, әжем, ағаммен,
Әкем, інім және мен
Анам және енесі
Енесінің бөлесі –
Отыр еді шай ішіп,
Жеңгем кірді майысып
Арқасында кіші інім
Саны қанша айта ғой
Үйдегі бар кісінің (11)

1 - жүргізуші:
Кітапты жақтаушы
интернетті даттаушы

Интернетті жақтаушы
кітапты даттаушы

Кітапты және интернетті жақтаушы
1 - жүргізуші: Аяқталды тапқырлардың сайысы,
Қоштасамыз көңіліміз қайысып.
Еске әзілмен түсірейік әр сәтті,
Отырғанда үйге барып шәй ішіп.
2 - жүргізуші: Ең бастысы орын емес жарыста,
Терең білім, жеңу шарты сайыста.
Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз,
Өмірде де жетерің хақ, табысқа!
Қорытынды: Әділқазылар алқасы сайысты қорытындылап жеңімпаздарды анықтайды.
9 749
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық – кәсіпкер
Математикалық – кәсіпкер
Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Дүйсеке орта мектебінің математика пәні мұғалімі Бейсенбаева Күләй Шөпшібайқызы
Математика - ғылымдар патшасы
Математика - ғылымдар патшасы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебінің математика пәні мұғалімі Рахметқалиева Нұртолған Тынышқалиқызы
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Ондық бөлшектерді қосуға есептер шығар
Ондық бөлшектерді қосуға есептер шығар
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катон ауылы "Ленин атындағы орта мектебі" КММ матемаика пәнінің мұғалімі Жанузакова Аяулым Жанатовна
Банк дегеніміз не?
Банк дегеніміз не?
Физика және экономика пәнінің мұғалімі Жунисова Нурзила Муратовна 5 сынып. Пәні: Қаржы сауаттылығы және экономика негіздері
Айнымалысы бар өрнек. Өрнектің сандық мәні
Айнымалысы бар өрнек. Өрнектің сандық мәні
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×